Материалдар / ҚМЖ Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік 5-сынып

ҚМЖ Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік 5-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2024
540
5 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Бөлім:

2-бөлім: Тәрбиенің қайнар бұлағы

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Қазақ әдебиеті

Күні:

5.11.2024 жыл

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

Сабақтың мақсаты

  • әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

  • әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

«Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік» тақырыбы арқылы өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыруға тәрбиелеу;

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

-берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

-басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Психологиялық ахуал

«Теріс ел» жаттығуы.

Мақсаты: ақылмен жұмыс істеу тәсілін жаттықтыру

Теріс оқылған сөздің мағынасы болмауы да мүмкін. Ойынның қиындығы сөздің ұзақтығына байланысты болады.

Сабақтың тақырыбымен , оқу мақсатымен таныстыру

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» видеоматериалын тыңдаңыз. Маңызды ақпараттарды дәптерге жазып отырыңыз.

https://youtu.be/h4OxzpuijNc

  • Дулат Бабатайұлы кім?


Жаттығу барысы: балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші 3 әріптен тұратын бір сөз айтады да, допты лақтырады. Допты қағып алған ойыншы жүргізушінің айтқан сөзін теріс қайталауы тиіс (сок – кос, кот – ток).






Оқушылар Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»видеоматериалын тыңдайды.. Қажетті ақпараттарды дәптерге жазып алып отырады.

Ауызша бағалау

Жарайсыі! Керемет!












https://youtu.be/h4OxzpuijNc



Сабақтың ортасы



Сыныппен жұмыс

1-тапсырма. «О,Ақтан жас,Ақтан жас» өлеңінің тыңдаңыз (оқыңыздар)

https://youtu.be/2lMzT951sdw

Сұрақ:

  • Өлең кімге арналған?

  • «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі Ақтан кім?

Сұрақ:

  • Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

Кестедегі автордың ойын, көзқарасын, үмітін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Өлең үзіндісі

Ақын үміті қандай?

Сен де жетер ме екенсің?


Шаруа жиып кенеліп,


Бала сүйіп, мал жиып,


Өмір сүрер ме екенсің?


Жетімдіктен өтерсің,


Жетерсің, әлі жетерсің.



Сұрақ:

  • Ақтанның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді?


Жұппен жұмыс

2-тапсырма. Сұраққа жауап бере отырып, кестені толтырыңыз



Сұрақ:

  • Автор неліктен «Қажыма, Ақтан, қажыма»деп айтады?


  • Ақтанның қажуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?


  • Ақтанның қажымай, жақсы өмір сүруі үшін не қажет? Өлең үзінділеріне сүйене отырып, анықтаңыз.


Үзінді

Жақсы өмір сүруі үшін...


















Жеке жұмыс

3-тапсырма.

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

  • Ақын не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

Тақырыбы:

Идеясы:


Бекіту сұрағы:

  • Қалай ойлайсыңдар, ақын үміті ақтала ма?


Өлеңді тыңдап, берілген сұрақтарға жауап бере отырып, кестені толтырады.









Кестедегі автордың ойын, көзқарасын, үмітін өз сөзімен түсіндіреді.












Көргісі келетін қасиеттер жайлы айтады.




Сұраққа жауап бере отырып,

Мысалы:

Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?

Жетімдіктен арылу.

Бақытты, уайымсыз күн кешу.

Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?

Сұлу қызға үйлену


Жауды қашырар, ержүрекбатыр болу


Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?

Баспаналы болу

Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?

Ел қатарлы өмір сүру


Балалы болу

Мал жиып, бай болу

Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.

Елдің алды болу

Бақытты, жақсы күндерден үміт үзбеу




Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Жауабы:

Тақырыбы: жетім бала тағдыры

Идеясы: Ақтан жасқа тілектер айту арқылы баланың бақытты азамат болуын тілеу, оған бата беру.



Оқушылар өз пікірін білдіреді


Дескриптор

- сұрақтарға жауап береді

- Ақын үмітін анықтайды

- көргісі келетін қасиеттерді анықтайды




















Дескриптор

- Сұраққа жауап береді

- Жақсы өмір сүру жолдарын анықтайды




























Дескриптор

- өлеңнің тақырыбын анықтайды.

- өлеңнің идеясын анықтайды

-сұраққа жауп береді






https://youtu.be/2lMzT951sdw
















Сабақтың соңы Рефлексия

Рефлексия

Үйге тапсырма: Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін оқып, жаттап келу.

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ