Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ Ж. Баласағұн "Құтты білік" дастаны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Эльмира |
|
Күні: |
2.09.2021 |
|
Сынып:9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Кіріспе. Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет Ж. Баласағұн "Құтты білік" дастаны |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру 1.Ислам дәуірінің әдебиеті жайлы ақпарат беру 2.Жүсіп Баласағұн және оның шығармасы жайлы қысқаша ақпарат беру |
Оқулықта берілген ақпаратпен танысады Видеоақпаратты мұқият тыңдайды.өз ойларымен бөліседі |
Дескриптор -өз көзқарасын білдіреді |
|
Сабақтың ортасы |
Дастанның құрылымын талдайық,ол үшін алдымен терминдерді қайталайық. Эпопия деген не? Эпикалық шығарманың түрлері қандай? Ақпарат беру 1.«Құтты білік» дастаны эпикалық шығарманың орта көлемді түріне жатады. 2.Сыртқы композициялық құрылымы: 6520 бәйіт (екі жолды өлең),бұл -13000 өлең жолы,85 тарау. 3.Ішкі комп.құрылымы: -Оқиғаның басталуы -Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі -Осы циклде айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні Дастанды оқу 1-тапсырма Төменде берілген үзіндіден оқиғаның басталуын, дамуын,ойдың түйінін табыңыз. (Оқушыға үзінділерді араластырып беремін) |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Дастанды оқиды Берілген тапсырманы орындайды Жауабы: Оқиғаның басталуы Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса,жұрнақ болса намыстан. Дамуы Үшқалақтық –бірі,екіншісі-сараңдық, Үшіншісі –ашу,оған егіз надандық. Ойдың түйіні Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын, Білсін сонда басынан құс ұшпасын. |
Дескриптор -Сұрақтарға жауап береді Мұғалімнің бағалауы Дескриптор - оқиғаның басталуын анықтайды; -оқиғаның дамуын анықтайды; -ойдың түйінін табады. Өзара бағалау |
https://kk.wikipedia.org/wiki/Эпопея https://kk.wikipedia.org/wiki/Эпикалық_шығарма |
Сабақтың соңы |
Рефлексия:
Үй тапсырмасы: «Құтты білік» дастанын оқу |
Оқушылар ауызша кері байланыс береді |
Оқушылардың жауап беру деңгейі мен, дескрипторды ескере отырып Ф бағалау |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Эльмира |
|
Күні: |
3.09.2021 |
|
Сынып:9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
"Құтты білік" дастаны |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
|
Сабақтың мақсаты |
"Құтты білік" дастанындағы кейіпкерлер жүйесін анықтайды |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
Оқушымен сәлемдесу, түгелдеу «Кім көп біледі?» сұрақ-жауап ойыны 1.Ж.Баласағұнға «Хас Хаджиб» атағын кім берді? 2.Не себепті? 3. «Хас Хаджиб» деген атаудың мағынасын қалай түсінесің? 4. "Құтты білік" дастаны кімге арналған? 5.Үзіндіде адам бойындағы қандай қасиеттер сөз болады? 6.Ақын қандай бес нәрседен қашық болуды ескертеді? 7.Осы өлеңге ұқсас қандай өлең білесіңдер? Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырамын |
Мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын дайындайды Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
Дескриптор -сұрақтарға жауап береді Мұғалімнің бағалауы Өзара бағалау |
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Сыныппен жұмыс 1-тапсырма. "Құтты білік" дастанының тақырыбы мен идеясы қандай? Тақырыбы: Идеясы: Жеке жұмыс 2-тапсырма. Шығарманың идеясына сай кейіпкерлерді анықтаңыз. Төрт кейіпкерге тән қасиеттерді жазып, мінездеме беріңдер.
|
Дастанның тақырыбы мен идеясын анықтайды Кейіпкерлерді анықтап, мінездеме береді |
Дескриптор -Дастанның тақырыбын анықтайды; -Дастанның идеясын анықтайды. ҚБ Өзара бағалау Дескриптор -Шығарма кейіпкерлерін анықтайды; -Кейіпкерлерге тән қасиеттерді анықтайды; -Мінездеме береді. ҚБ Өзара бағалау |
|
||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлекция «Үш К және Ә» Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, Үйге тапсырма: оқу |
Оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет. |
Оқушылардың жауап беру деңгейі мен, дескрипторды ескере отырып ФБ |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Эльмира |
|
Күні: |
7.09.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
"Құтты білік" дастаны |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау |
|
Сабақтың мақсаты |
"Құтты білік" дастанын басқа осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы |
Оқушымен сәлемдесу, түгелдеу Ой түрткі сұрақтар 1.Ел басқару мәселесін ақын не үшін көтерді,оның мәні қандай? 2.Ж.Баласағұн қандай бес нәрседен алыс бол дейді? Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырамын |
Мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын дайындайды Ой түрткі сұрақтарға жауап береді |
Дескриптор -сұрақтарға жауап береді ҚБ Өзара бағалау |
|
|||||||
Сабақтың ортасы |
Жұптық жұмыс 1-тапсырма.Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастаны мен А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстырыңыз.
Жеке жұмыс 2-тапсырма. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
Жеке жұмыс 3-тапсырма. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастанының мазмұнын аша алатын бес түйін сөзді дәптерлеріңізге жазыңыздар.
|
"Құтты білік" дастаны мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстырады. Ортақ ойларын анықтайды Дастанның тарихи және көркемдік құндылығына қатысты өз бағаларын береді.
Дастанының мазмұнын ашатын бес түйін сөзді жазады.
|
Дескриптор
ҚБ Өзара бағалау Дескриптор -тарихи құндылығын бағалайды; - көркемдік құндылығын бағалайды Дескриптор -Бес түйін сөз жазады; - дастанының мазмұнын ашады. ҚБ Мұғалімнің бағалауы |
|
|||||||
Сабақтың соңы |
Рефлекция « Сөз соңында менің айтарым". Оқушыларға дәйекті түрде жауап беруге үш сұрақ беріледі.
Үй тапсырмасы: 22-бет, 9-тапсырма |
Сұрақтарға жауап бере отырып,бүгінгі сабаққа кері байланыс береді |
Оқушылардың жауап беру деңгейі мен, дескрипторды ескере отырып ФБ |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Эльмира |
|
Күні: |
9.09.2021 |
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
"Құтты білік" дастаны |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру; |
|
Сабақтың мақсаты |
"Құтты білік" дастанынан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады "Құтты білік" дастанындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы |
22-бет, 9-тапсырма |
Үй тапсырмасын айтады Жаңа тақырыппен танысады |
Мұғаліинің бағалау |
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Түсіндірме күнделік» әдісі арқылы оқушыларға дастаннан үзінділер таратылады. Әр жұп өз үзіндісі бойынша берілген кестені толтырып, пікірін білдіреді.
Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. «РАФТ» әдісі арқылы оқушылар берілген афоризмдерді қолдана отырып, автордың атынан жасөспірімдерге хат жазыңыз.
Білім кімде сол білікті болады
Көп сөйлеме, азайт берер түйірін Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.
Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады. Ізгілік-оң, ессіздік-сол, жүзің-ар, Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.
тұрмайды. Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды, Жиһангерлер жүре бермей тынбайды
Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ. Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.
Қиды терген салып қоңыз сияқты, Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
Иттер де арыстандай күркірер, Ал арыстандардың басшысы ит болса, Иттің тіршілігін қылар.
Бет қандай болса, уәзір де сондай. Жаман-жақсы табыспайды ешқашан, Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.
Намысшыл ер жаудың исін басады, Намыссыз ер жер бауырлап қашады.
Қайырымды бол! Адам ба адам өз пайдасын күйттеген Адам нағыз ел пайдасын діттеген. Жұптық жұмыс 3-тапсырма: Шығармадан ерекше әсер еткен үзіндіге «ПОПС» формуласы арқылы түсінік беру. Біздің ойымызша Себебі Дәлел Қорытынды |
Дастаннан алынған үзінділерді пайдалана отырып «Түсіндірме күнделік» кестесін толтырады. Түйінін анықтап, өз пікірін білдіреді Жеке жұмыс. «РАФТ» әдісі арқылы оқушылар берілген афоризмдерді қолдана отырып, автордың атынан жасөспірімдерге хат жазады. Қажет болған жағдайда афоризмдерді оқушылар бөліп ала алады. Шығармадан өзіңе ұнаған үзіндісін алып, «ПОПС» формуласы арқылы мазмұндау |
Дескриптор - үзінділерді пайдаланады - Өз пікірін білдіреді -түйінін анықтайды Дескриптор - афоризмдерді қолданады -жасөспірімдерге хат жазады - автордың атынан жазады ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі. Дескриптор -үзіндіге түсінік береді -«ПОПС» формуласы арқылы баяндайды |
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы . |
Кері байланыс «3-2-1»
Үй тапсырмасы: Кез келген үзіндіні қара сөзге айналдырып жазу. |
Оқушылар сабақтан алған 3 маңызды ақпаратпен, қиындық тудырған 2 аспектпен, туындаған 1 сұрақпен бөлісіп, сабаққа кері байланыс береді
|
Өзара бағалау жұргізіледі. Әрқайсысы өз жазба сын оқып, талдайды, жазылу формасына баға береді |
|
||||||||||||||
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Эльмира |
|
Күні: |
10.09.2021 |
|
.Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Шешендік сөздер . Майқы бидің шешендік сөздері |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; |
|
Сабақтың мақсаты |
Шешендік сөздер және оның ерекшеліктері, тарихы туралы мәлімет беру; Майқы бидің шешендік сөздерімен таныстыру. Майқы би шешендік сөздерінің идеялық-стилистикалық сипатына талдау жасау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
Оқушымен сәлемдесу, түгелдеу Үй тапсырмасы: Кез келген үзіндіні қара сөзге айналдырып жазу. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру Қазақ шешендік сөздерінің түрлері
Құрылысына қарай
|
Үй тапсырмасын оқиды Қазақ шешендік сөздерінің түрлерімен танысада. Олардың айырмашылық-тарын болжайды. Ерекшеліктерін ажыратады. |
Мұғалімнің бағалауы |
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Жеке жұмыс 1-тапсырма. Майқы бидің шешендік сөздерін оқыңыздар. 1-топ. Майқы би мен Алаша хан 2-топ. Майқы би мен Шыңғыс хан Қысқаша мазмұндап беріңіз Топтық тапсырма. Сыныпты 2-ге бөліп, тапсырманы бөліп беру. 2-тапсырма. Халық арасында «Майқы би айтыпты» дейтін мақалға, нақылға айналып кеткен сөздер бар. Мақал мен Майқы бидің шешендік сөздерінің идеясын талдаңыз.
3-тапсырма.Берілген құрылымды негізге алып, Майқы бидің шешендік сөздерінің идеялық-стилистикалық сипатына талдау жасаңыз. Талдау жасау үшін берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Шешендік сөздер 1.Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен, Ел болуды ойлаңыздар. 2.Құлаққа жағымсыз жаман сөз айтқанша, Жүрекке жылуы бар отты сөз айт. Не туралы айтылды? Қалай жеткізілді ?(көркем тілі) Кімдерге арналды? Не мақсатпен айтылды? |
Майқы бидің шешендік сөздерін оқиды, мазмұндайды Мақал мен Майқы бидің нақылға айналып кеткен шешендік сөздерінің идеясын талдайды. Майқы би шешендік сөздерінің идеялық-стилистикалық сипатына сұрақтарға жауап бере отырып талдау жасайды. Не туралы айтылды? (батырлық,бірлік /сөз құдіреті) Қалай жеткізілді ?(көркем тілі) (анафора «ақ» / эпитет-жағымсыз жасан, жүрекке жылуы) Кімдерге арналды? (ел басқарушыларға/ адамзатқа) Не мақсатпен айтылды? (елді,жерді сақтасын, бірлікте болсын / сөз қадірін түсінсің, сөздің адам жанына әсерін ұғынсын) |
Дескриптор -шешендік сөздерді оқиды -мазмұндайды Мұғалім бағалауы Дескриптор -Мақал мен Майқы бидің шешендік сөздерінің идеясын талдайды ҚБ Өзара бағалау Дескриптор - шешендік сөздердің идеялық -стилистикалық сипатына талдайды; -берілген сұрақтарға жауап береді. ҚБ Өзара бағалау |
|
||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлекция Не қиын болды? Не қызықты болды? Үй тапсырмасы: оқу 32-бет, жинақтау |
Сабаққа кері байланыс береді |
Оқушылардың жауап беру деңгейі мен, дескрипторды ескере отырып ФБ |