Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5
мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық
жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы»
әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы
тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
|
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылармен ынтымақтастың атмосферасын құру.
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау
дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың
қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы
жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын
оятады.
Саралау: Бұл
жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі
беріледі.
|
Тоқыма жіп
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл»
әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты
байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері
беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
|
Тапсырма 1. Элементтердің период/топ бойынша қышқыл-негізді
құрамының өзгерісін еске түсірейік. Химиялық элементтердің
құрамының өзгерісі не себепті? Периодтылықтың себебі қандай? Осы
сұрақтарға жауап беру үшін келесі элементтердің атомдарын
салыстырайық:
а) Na – Al -
P
б)
Na – K
– Rb
Тапсырма 2. Периодтар мен топтарда оттексіз қышқылдардың
қышқылдық құрамы қалай өзгереді?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды
дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар
оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың
тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл
жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»
тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге
бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір
көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар
қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
33
мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма
береді
Презентация
көмегімен сабақ түсіндіреді.
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен
танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.Түсінбеген жерлерін
сұрайды.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды
дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар
оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың
тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл
жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»
тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге
бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір
көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар
қойылады.
|
. ДК экраны
Презентация
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
“Кесе” әдісі арқылы оқушыларды 2-топқа
бөледі.
Постер қорғауға тапсырма береді, бақылайды,
мысал, үлгі көрсетеді.
|
“Кесе” әдісі арқылы оқушыларды 2-топқа
бөлінеді.
1 Тапсырма
Постер қорғау
1-топ Атом
радиусы,
электронтартқыштық энергиясы
2-топ Иондану энергиясы,
электртерістілік
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Постер қорғайды
|
“Кесе” суреті,
Постер парағы
|
|
|
2.тапсырма
Кестені толтыр
|
Период
бойынша
|
Топ
бойынша
|
Тотықтырғыш
|
Тотықсыздандырғыш
|
Атом радиусы
|
|
|
|
|
Иондану
энергиясы
|
|
|
|
|
Электрон тартқыштық
энергиясы
|
|
|
|
|
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Кестені толтырады
|
Кесте парағы
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады,
бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3 Тапсырма
Доп лақтыру арқылы келесі сұрақтарды
қоюды.
Сұрақтар:
1.Атом радиусы дегеніміз не?
2.Иондану энергиясы дегеніміз
не?
3.Электронтартқыштық энергиясы дегеніміз
не?
4.Электртерістілік дегеніміз
не?
5.Қандай элементтер бейметалдық,металдық қасиет
көрсете алады?
6.Электрон тартқыштық энергиясы элементтің қандай
қабілетінің өлшемі болып табылады?
7.Қандай энергия элементтің тотықсыздандырғыш
қабілетінің өлшемі болып табылады?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Сұрақтарға жауап береді.
|
Доп
|
Сабақтың соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.
|
«Мұғалімге хат» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында
оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
|
«Мұғалімге хат» әдісі.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін
тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын хат
парағына арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа
қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
Хат парағы және хат
жәшігі
|