Материалдар / ҚМЖ Қазтуғанның қонысымен қоштасуы 7-сынып

ҚМЖ Қазтуғанның қонысымен қоштасуы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы 7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу 7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2024
613
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

1-бөлім. Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

23.10.2024 жыл

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Сабақтың мақсаты

Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

Сыни шолу жазады

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Құндылық

«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» тақырыбы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау

Психологиялық ахуал

Қазтуған жыраудың "Не қалды?" толғауын тыңдату

Орындаушы:

Асау Ноғай – Арсланбек Сұлтанбеков

Әні: Әліби Асақаев

Жайықты алды,Жемді алды,Еділді алды,Теңді алды

Енді алмаған не қалды?

Ағалардың қолынан

Талпай турған құсты алды,

Енді алмаған не қалды?

толғауын тыңдату.

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Оқушылар орындап келген тапсырмаларын тексертеді.


Оқушылар Асау Ноғай – Арсланбек Сұлтанбековтың орындауындағы «Не қалды?» толғауын тыңдайды.Алған әсерлерімен бөліседі.



Дескриптор

-үй тапсырмасын оқиды









https://youtu.be/JMxdYBG8dHk


Сабақтың ортасы



Жұппен жұмыс

1-тапсырма. Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Шығарма үзінділерін негізге ала отырып, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу жасаңыз.

Мысалы:

Туған жерден өз еркімен бастарту қаншалықты қиын болғанына қарамастан, Қазтуған мұсылман баласын кеңінен жайлаған құтты қоныстары Еділ-Жайық арасы мен Астраханды қоныс етпеуге, ол жерлерден көшуге шақырады. Еділден кетпесе, қалмақтың басып алатыны; Жайықты тастамаса, кəпірлердің, басып алып, қала салатыны; Астрахан қаласын да солардың тартып алатыны тарихи шындықпен дөп келеді.

Көркемдік ерекшелігінде композиция, сюжет, негізгі идея сақталған.

«Жайықты қоныс етпеңіз,

Сыдыра біткен көкжиек,

Кәпірлер қала салады» – деген жолдардан жырдың тарихи құндылығын байқаймыз, жыраудың туған жері үшін тереңінен қайғырып, өкініштен өзегі өртенгенін көреміз.

«Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар» – деп автор эпитет арқылы толғаудың көркемділік құндылығын арттырады.


Жеке жұмыс

2-тапсырма. Шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып, анықтамасын беріңіз.


Аллитерация

Ассонансты

Анаформа

Эпифора

Риторикалық сұрақ

Метафора

Эпитет


Жеке жұмыс

3-тапсырма. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырының тарихи маңыздылығы қандай? Жырдың мазмұнына сүйене отырып, әдеби эссе жазыңыз.

(сөз саны 120-180)

Оқушылар шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды. Сыни шолу жасайды.






















Оқушылар шығармадан көркемдегіш құралдарды анықтап, түрлерін ажыратады. Оларға қатысты анықтама беріп өтеді.








Оқушылар жырдың мазмұнына сүйене отырып, әдеби эссе жазады.

Дескриптор

- эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды

- ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды

- сыни шолу жасайды



















Дескриптор

- аллитерация мен ассонансты анықтайды

- анафора мен эпифораны анықтайды

- риторикалық сұрақ, метафора, эпитетті анықтайды

- анықтама береді


Дескриптор

- эссе жазады.

-құрылымын сақтайды


Сабақтың соңы

Рефлексия: Ауызша кері байланыс

Үйге тапсырма: жаттау

Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді

Оқушылардың тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай ФБ қойылады




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ