Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын
түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау
Психологиялық ахуал
Б.Тілеухановтың орындауындағы
«Қайран да менің Еділім!» толғауын
тыңдату.
Сұрақ: Қоныс деген сөзді қалай
түсінесіз?
Шығармашылық жұмыс
Қазтуған жырау жайлы ақпаратты тыңдап, қажетті
ақпараттардан сызба құрастыруды тапсырамын.
Қазақ
әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төлбасыларының бірі
Қазтуған жырау Сүйінішұлы
шамамен ХV ғасырдың 20-30 жыл-дарында
Еділ бойында дүниеге
келген. Қазтуған
Сүйінішұлы – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық
жырауы әрі лирик
ақын. Өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің
шешені» деп таныстырған Қазтуған
жырау тайпалар көсемі, отты би, әскербасы, орақ
тілді шешен, арқалы
ақын болған. Қазтуған толғауларының негізгі
тақырыбы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған
жері. Қазтуған
жыраудың: «Мадақ
жыры», «Белгілі биік көк сеңгір», «Алаң да алаң,
алаң жұрт», «Салп-салпыншақ анау үш
өзен» толғаулары
бар.
|
Оқушылар орындап келген тапсырмаларын
тексертеді.
Оқушылар Б.Тілеухановтың орындауындағы «Қайран да
менің Еділім!» толғауын тыңдайды.
Қазтуған жырау жайлы ақпаратты тыңдай отырып,
сызба құрастырады.
|
Дескриптор
-үй тапсырмасын оқиды
-сұраққа жауап береді
Дескриптор
-
сызба
құрастырады.
Ауызша бағалау:
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!
|
https://youtu.be/HxPZUSelmuk?si=q3oocrUS3m4PihZE
|
Сабақтың ортасы
|
Сыныппен жұмыс
1-тапсырма. «Қазтуғанның қонысымен
қоштасуы» өлеңін оқыңыз. Өлеңінің мазмұндық желісін
анықтаңыз.
Жыр мазмұнын ашуға бағытталған сұрақтар
қоямын.
Сұрақ:
1.Шығарма неге Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
деп аталғанын түсіндіріңіз?
2.Жырға арқау болған ең негізгі оқиғаларды
анықтай алдыңыз ба?
3. Неліктен жырау өлеңдерінің тақырыбы ел
мүддесін қорғауға арналған?
4.«Арайна» сөзі жырда қандай мағынада
қолданылған?
5.«Еділді алса - елді алар» деген жолда жырау
нені меңзейді?
6. Жырда қай өңірлер қоныс
етпеу керек деп аталады?
7. Қазтуған жырау жырында қандай халықтық
философияны көрсетеді?
8. «Адыра қалғыр көк Жайық» жолында жырау неге
қайғырады?
9. «Мен - Қарғабойлы Қазтуған» деген жол не
білдіреді?
10. Жырда «аузы түкті кәпір» деген сөздер нені
білдіреді?
11. Жырау «бұл қоныстан кетпесең» неге ұшйрайсың
дейді?
12.Жырдың тақырыбы мен идеясы
қандай?
Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, жыр мазмұнын
толықтай түсінеді.
Жеке
жұмыс
2-тапсырма.
Шығарма үзінділерін негізге
ала отырып, Қазтуған
бейнесін танытатын жолдарды
анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды
дәлелдеңіз.
Үлгі:
1)«Өзіне тиген
дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген –
Мен – Қарға бойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!»–деп автор өзін бураға
теңеп, атажұрттан алыстап бара жатқандығы
көрсетеді.
2)«Бұғының ауыр қара
мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Айдаса– қойдың көсемі,
Сөйлесе – тілдің шешені» – деп
адам портретін беру барысында автор кейіпкердің қандай адам
екендігін метафорамен яғни «қойдың көсемі», «тілдің шешені», «қара
мүйізі», «соғары» деген және «Б» деген дауыссыз дыбыстың қайталануы
арқылы жырға ерекше әсем беріп тұрған көркемдегіш құралды қолдану
арқылы көрсетеді.
|
Оқушылар «Қазтуған-ның қонысымен қоштасуы» өлеңін
оқып, мазмұндық желісін анықтайды.
Берілген сұрақтарға жауап беріп, өлең мазмұнын
аша түседі.
Сұрақтардың
жауабы:
1-3
сұрақтарда оқушы пікірі ескеріледі.
4)
Сабыр,ұстаным
5)
Еділдің ел үшін маңыздылығын, сыртқы жаудан қазақ халқына төнетін
қатерді көрсетеді. Бұл жолдарда отан қорғау, жердің маңызы,
халқымыздың тәуелсіздігі мәселесі көтерілген.
6. Еділ, Жайық,
Аштархан.
7. Отанға, жерге, ұлттық
бірлікке деген сүйіспеншілік.
8.Туған жерінен, қонысынан
айрылғанына.
9. Өзінің кім екенін
таныстыруы.
10.Жау, дұшпан.
11. «Ұрпағым кәпірлердің пайдасына жарап, соларға
қызмет етіп кетеді» дейді
Оқушылар өлең жолдарын негізге
ала отырып, Қазтуған
бейнесін анықтайды. Мысалдар
келтіріп, ойларын дәлелдейді.
|
Дескриптор
-
өлеңнің мазмұндық желісін
анықтайды
-сұрақтарға жауап береді
- тақырыбы мен идеясын
анықтайды
-өз пікірін білдіреді
Дескриптор
-
өлең жолдарындағы автор
бейнесін анықтайды
- мысалдар келтіріп, ойын
дәлелдейді;
-
|
|