Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ Қазыбек би,Әйтеке би "Қасқакөл дауы",Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
23.09.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қазыбек би "Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?". |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу |
|
Сабақтың мақсаты |
Қазыбек бидің "Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?" шешендік сөзімен танысады; Шешендік сөздегі автор бейнесін идеялық-стилистикалық тұтастықта талдайды; Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы |
Сынып оқушыларын түгендеу; кезекшімен жұмыс жүргізу; назарларын сабаққа аударту. Үй тапсырмасын сұрау ТЖ.Қызығушылықты ояту. «Тірек сөздер» стратегиясы – Мұғалім топтарға төмендегі тірек сөздерді береді . Тату ағайын / Ақылшы апа Инабатты келін / қарындас Немере / Жан серік Отан / Мейірімді ана Асқар тау / Жау Дау / Дерт Серт / Тентек ұл |
Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. |
|
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс 1-тапсырма. Автордың ойынша кім қандай болуы керек? Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асың, Қимас жақын – қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын. Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын....
Автордың ойынша кім қандай болуы керек?
2-тапсырма. Ұғымдардың жалпы сипатына, бір-бірімен байланыстылығына қарай жіктеп, оларды ортақтастыратын атау қойып топтастырыңыз. Алтын ұяң – Отаның қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Ұят пен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат...
3-тапсырма. Автор стиліне сүйене отырып,қарамен жазылған сөздерді өз ой-толғамыңызбен өлең түрінде жазыңыз.
|
Сұраққа өз ойларын білдіре отырып жауап береді Автордың ойын анықтайды. Кім қандай болуы керек екенін атап көрсетеді. Ұғымдардың жалпы сипатына, бір-бірімен байланыстылығына қарай жіктеп, оларды ортақтастыратын атау қойып топтастырып шығады Автор стиліне сүйене отырып,қарамен жазылған сөздерді өз ой-толғамыңызбен өлең түрінде жазады |
Дескриптор -кім қандай болуы керек екенін анықтайды Әр тапсырмадан соң мұғалімнің бағалауы, өзара бағалау жүзеге асып отырады Дескриптор -Ұғымдардың жалпы сипатына, қарай жіктейді; -оларды ортақтастыратын атау қояды. Дескриптор -Автор стиліне сүйенеді; -өз ой-толғамымен өлең түрінде жазады |
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау. «Түйін сөз немесе сандар сипаттамасы» стратегиясы 1- қадам: 3 – ға шейін сандар қиындыларын әзірлеңіз. 2- қадам: Оқушыларға бір санды таңдауға тиіс екенін түсіндіріңіз. 3- қадам: Оқушылардың сан мен олардың сабақ туралы ой – пікірлерін ұштастыра айтатынын түсіндіріңіз. 4 – қадам: Олар бүгінгі сабақта не түсінді? Бүгінгі сабақ қандай жаңалықтарға толы болды?
Үй тапсырмасы |
Оқушыларға осы сұрақтарға жауап береді. Мысалы, Бір дегенім – болжау. Бүгін менің қиялым қарыштап, қанатым самғап, көкжиекке көз жүгіртіп, әлемнің қалай өзгеретінін болжадым. |
Дескрипторлар арқылы ФБ |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
24.09.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қазыбек би "Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?". |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру 9.3.1.1- Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. |
|
Сабақтың мақсаты |
"Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?".толғауындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне бағалайды. Қазыбек бидің шешендік сөзін Мәди Дәуренұлының «Туысқандар» әнімен салыстырып, тарихи және көркемдік ерекшелігіне баға беру. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Сынып оқушыларын түгендеу; кезекшімен жұмыс жүргізу; назарларын сабаққа аударту. Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту. 1. Шешендік сөздердің басқа ауыз әдебиетінен ерекшелігі неде? 2. Кімдердің шешендік сөздерін білесіздер? 3. Қазыбек би туралы не білесіздер? |
Сұрақтарға жауап береді Үй тапсырмасын айтады |
Дескриптор -сұрақтарға жауап береді -үй тапсырмасын айтады Мұғалімнің бағалауы |
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. ЖЖ. Шешендік сөздерді қалай, қандай ерекшелігіне қарап танитындарын және шешендік сөздерге қандай талап қойылатынын жұпта талқылаңыз. 2-тапсырма. ТЖ. Қазыбек бидің шешендік сөзін оқып, Мәди Дәуренұлының «Туысқандар» әнін тыңдаңыз. Екі шығарма мазмұнының ұқсастығы мен ерекшелігін «Венн диаграммасына» салып салыстыр және тарихи, көркемдік құндылығына баға беріңіз.
Жеке жұмыс. 3-тапсырма. Толғаудағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын.(эпифора) Алдыңа тартқан адал асың, Қимас жақын – қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын. Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің(эпитет) жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын....
- Алтын ұяң (метафора)– Отаның қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың(эпитет,метафора) – әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Ұят пен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат...
Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау (эпитет)қиын, Шанышқылаған сөз (эпитет) қиын, Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өр қиын, Тентек болса, ұл қиын, Не істеріңді біле алмай Ашиды сонда бас, миың. |
Шешендік сөздерді қалай, қандай ерекшелігіне қарап танитындарын және шешендік сөздерге қандай талап қойылатынын жұпта талқылайды. Оқушылар Қазыбек бидің шешендік сөзін оқып, Мәди Дәуренұлының «Туысқандар» әнін тыңдайды. Екі шығарма мазмұнының ұқсастығы мен ерекшелігін «Венн диаграммасына» салып салыстырады және тарихи, көркемдік құндылығына баға береді. Көркемдегіш құралдарды анықтап, олардың түрлерін атап жазады Өз жұмыстарын оқиды |
Дескриптор: - Шешендік сөздерді ерекшелігін анықтайды -шешендік сөздерге қойылатын талаптарды анықтайды Дескриптор: - Шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады; -Шығармалардың тарихи, көркемдік құндылығына баға береді. ҚБ Бірін-бірі бағалайды Дескриптор - Көркемдегіш құралдарды анықтайды - түрлерін ажыратады Мұғалімнің бағалауы |
Мәди Дәуренұлының «Туысқандар» http://asylsoz.kz/kk/kim-jaqyn-ne-qymbat-ne-qiyn-787/ |
Сабақтың соңы |
Рефлексия. ‘Ф’ әдісі
Үйге тапсырма: |
«бүгінгі сабақ мен үшін неге маңызды?» оқушылар жалпы сабақ барысы бойынша қорытынды ойларын айтады. |
Дескрипторлар арқылы ФБ |
|
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
28.09.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Әйтеке би "Қасқакөл дауы" |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру |
|
Сабақтың мақсаты |
Әйтеке би "Қасқакөл дауы" шешендік сөзімен танысады; "Қасқакөл дауы" шешендік сөзіндегі құбылту мен айшықтауды талдай отырып, автор стиліне баға береді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу «Сұрақты қағып ал»
|
Оқушылар сұраққа жауап береді. Қысқаша мазмұнын баяндайды |
Дескриптор - Оқушылар сұраққа жауап береді - мазмұнын баяндайды Мұғалімнің бағалауы |
Доп |
|||||||||
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Пирамида» әдісі. 1-топ. Шығарманың тақырыбы мен идеясы 2- топ. Шығарманың композициялық құрылымы 2-тапсырма.Ормамбет бидің анасы мен билердің сөзінің мәнін талдаңыз Төле би: Ер кетер, жер жетер, Ормамбет! Ешкімге опа қылмас дүние боқ! Әйтеке би: Жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген, бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын Ормамбет би: Айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген. Ормамбет бидің анасы: - Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлді де болса, тілімді алсаң Қасқакөлді бөліп бер Алдымен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін еске түсіру 3-тапсырма. Жеке жұмыс.
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, композициялық құрылымын талдайды Билер сөзінің мәнін талдап, түсінік береді Аллитерация, эпифора, эпитет, метонимия, псизологиялық параллелизмдерді еске түсіреді, қайталайды Көркемдегіш құралдарды тауып,.түрлерін ажыратады |
Дескриптор: -Шығарманың тақырыбын, идеясын анықтайды -композициялық құрылымын талдайды. Дескриптор: - билердің сөзінің мәнін талдайды; -өз ойын ортаға салады ҚБ. «Екі жақсы, бір ұсыныс» Дескриптор -көркемдік ерекшелігін талдайды; -көркемдегіш құралдардың түрін ажыратады ҚБ Өзара бағалау |
Пирамида пішіндес фигуралар (қағаз) Кеспе қағаздар |
|||||||||
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: |
Бүгінгі тақырыпқа қатысты не білетінін,не білгенін, қандай қиындық туындағанын ауызша баяндайды |
Дескрипторлар арқылы ФБ |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
30.09.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым" БЖБ №1 |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; |
|
Сабақтың мақсаты |
- Сырым Датұлының "Балаби мен Сырым" шешендік сөзімен танысады; -шешендік сөздің мәні мен идеясын талдайды; -поэтикалық мәтіндегі композициялық амалдарды талдайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Үй жұмысын сұрау Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру ТЖ Миға шабуыл:
Сырым Датұлы туралы мәтінмен танысып, берілген ақпаратты «Метальді картаға» түсіріңіз. |
Үй тапсырмасын айтады Сұрақтарға жауап береді Сырым Датұлы туралы мәтінмен танысып, берілген ақпаратты «Метальді картаға» түсіреді |
Дескрипторлар:
Мұғалімнің бағалауы |
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Жеке жұмыс 1-тапсырма. Автор «Ана» сөзін не үшін қолданған?
-Сөз анасы не? Су анасы не, Жол анасы не?-дейді Бала би. -Сөз анасы –құлақ, Су анасы- бұлақ, Жол анасы – тұяқ,- деп жауап береді Сырым. 2-тапсырма. ТЖ. «Куббизм» әдісі «Балаби мен Сырым» шешендік сөзінің аудио нұсқасын тыңдап, жан-жақты талдайды
|
Автор «Ана» сөзін не үшін қолданғаны жайлы өз ойларын кестеге түсіреді, дәлелдейді, талдау жасап, қорытынды пікірін оқиды. Әр топқа кубик тасталады, кубиктің қай тұсы түссе, сол бойынша жауап береді. «Балаби мен Сырым» шешендік сөзінің аудио нұсқасыннан түсінгені бойынша Балабиге сипаттама береді. Балаби мен Сырымның ұқсас қасиеттері мен айырмашылығын салыстырады. Өтірік пен шынның арасы неге төрт елі екенін дәлелдейді. Шешендік сөз қалай жазылғаны және ерекшелігі неде екенін талдайды. |
Дескриптор- өз ойларын білдіреді -өз ойын дәлелдейді -мысалын талдайды -қорытынды пікір білдіреді Топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды
Дескриптор
Жан-жақты талдау жүргізеді.Өзара бағалау |
. |
||||||||
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: |
БЖБ №1 |
Дескрипторлар арқылы ФБ |