Материалдар / ҚМЖ Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі 7-сынып 7.3.3.1 шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
224
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

22.11.2024 жыл

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.3.1 шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаты

- шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-«Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі» тақырыбы арқылы өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыруға тәрбиелеу;

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

-берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

-басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу

Үй тапсырмасын сұрау

«Тұлғаны таны» әдісі

Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығын қысқаша таныстыру.

Олардың әдеби мұрасын, қоғамдық және әлеуметтік көзқарастарын түсіндіру.

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауынан алған үзінділерді оқуын тапсырамын.

Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатка» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдын шамасында болған.

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Оқушылар үй тапсырмасын тексерте отырып, Мұрат Мөңкеұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады.


Оқушылар Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауын оқиды. Мазмұнын айтады.

Дескриптор

- үй тапсырмасын орындайды



Сабақтың ортасы


Сыныппен жұмыс

1Прямая со стрелкой 5 -тапсырма. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында көрініс тапқан Мұрат ақынның шығармашылығындағы қоғамның кемшіліктері туралы ойларын сараптап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

Үш қиян


Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 2

Прямая со стрелкой 1


Жұппен жұмыс

2-тапсырма. «Венн диаграммасы»

Шортанбай мен Мұраттың өлеңдерінің үзінділерін ұлттық құндылық тұрғысынан салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.


Зар заман

Ұқсастығы

Үш қиян




Сұрақ:

    • «Шортанбай мен Мұраттың шығармаларындағы ортақ тақырыптар қандай?»,

    • «Екі ақын да қандай әлеуметтік мәселелерді көтерген?»

    • «Шортанбай мен Мұраттың жырлары қазіргі қоғамға қандай сабақ береді?» деген сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Жеке жұмыс

3-тапсырма.

"Шортанбай мен Мұраттың шығармашылығының бүгінгі күндегі маңызы" деген тақырыпта өз ойларын жазу.

Оқушылар Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында көрініс тапқан қоғамның кемшіліктері туралы ойларын сараптап, мысалдар арқылы дәлелдейді.







Шортанбай мен Мұраттың өлеңдерінен үзінділер алып, ұлттық құндылық тұрғысынан салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.

Оқушылар арасында Шортанбай мен Мұраттың шығармашылығындағы үндестіктер мен айырмашылықтар жайлы пікірлер алмастырылады.











"Шортанбай мен Мұраттың шығармашылығының бүгінгі күндегі маңызы" деген тақырыпта өз ойларын жазады.

Дескриптор

- қоғамның кемшіліктері туралы ойларын сараптайды;

-мысалдар арқылы дәлелдейді.

ҚБ ауызша

кері байланыс




Дескриптор

-екі өлең үзінділерін салыстырады;

- ұқсастық-тары мен айырмашылықтарын ажыратады.

- сұрақтарға жауап береді.












Дескриптор

- өз ойларын жазады.

- бүгінгі күндегі маңыздылығын атайды




Сабақтың соңы

Рефлексия:

Ұнады - Неліктен?

Қиын болды - Неліктен?


Үйге тапсырма: Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар жөнінде мысалдар келтіре отырып, «Зар заман-тар заман» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз (көлемі 80-100 сөз)


Оқушылар сабаққа кері байланыс береді



Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады


Үш қиян

Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатка» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдын шамасында болған.


1
Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған –
Адыра қалғыр бұ қоныс
Қайырсыз екен озалдан.

2
Қайырсыз неге десеніз,
Асанқайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс —
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!

3
Еділдің бойы — қанды қиян,
Жайықтың бойы – майлы қиян,
Маңғыстау бойы — шанды қиян,
Адыра қалғыр үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт кетіп жол салған.
Жеті жұрттың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?!
Адыра қалғыр көк Жайык,
Көпір салып өткен жер,
Асанкайғы, Казтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Шораның шұбап кеткен жер.

25
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал менен басты есептеп,
Баланың санын алғаны —
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!

27
Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ,
Бармақ сияр жері жоқ —
Қатпа болған түйедей,
Киеңкі болған биедей
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған.

28
Дұшпан — тазы, біз — түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық
Құлғанадай қадалған.
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең Құдайым,
Сақтағайсың саламат!

30
Замана қайтіп түзелсін:
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды.
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып нар болды.
Асылзада баласы,
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды.
Асылсыздың баласы,
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!