Материалдар / ҚМЖ «Зар заман» толғауындағы автор бейнесі 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ «Зар заман» толғауындағы автор бейнесі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Зар заман» толғауындағы автор бейнесі 7-сынып 7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
406
5 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

13. 11.2024 жыл

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Зар заман» толғауындағы автор бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

- шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

«Жырдың құрылысы» тақырыбы арқылы өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыруға тәрбиелеу;

-басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау

Ойтүрткі сұрақтар

1.«Зар заман» толғауынан үзіндіні оқы. Қарамен боялған сөздердің мағынасын анықта.

Мына заман қай заман?

Үзінді

Мағынасы

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман


Ағайыны көре алмай,

Атаға бала араз боп.


Ағашты тауға үй салып,

Алды кәпір ақында


Буыршындай тақымдап.

Дуан басы, болыс тұр



2. Әдеби шығармадағы автордың өз тұлғасының берілуін анықта.

А) Сюжет

Ә)Автор бейнесі

В) Кейіптеу

- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Оқушылар үй тапсырмасын айтады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, өз көзқарас, пікірлерін білдіреді.


Жауабы:

Азулыға-Мықты, күшті, бет қаратпайтын өткір, өжет, озбыр

Азусызға- Әлсіз, қауқарсыз, езгі көрген

Араз - Бір-біріне ренжулі, өш

Кәпір- Бұл жерде жаңа көрші орыс халқы деген мағынада

Буыршындай тақымдап- Қатты қыспақ көрсетіп

Дуан басы- Бір уездік көлемдегі ауқымды бекініс, аймақты басқарушы

2.Жауабы:

Автор бейнесі





Дескриптор

-үй жұмысын айтады

-сұрақтарға жауап береді.

- өз көзқарас, пікірлерін білдіреді.


Білімкласс


Сабақтың ортасы


Сыныппен жұмыс

1-тапсырма. Үзіндіні оқы. Өлең тармақтарының білдіретін ойын анықтаңыз.


Үзінді

Білдіретін ойы

1.Тарлығының белгісі:

Жақсы – жаннан түңілген,

Жаман – малдан түңілген,

Мұның өзі – зар заман.


2.Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мұның өзі – тар заман


3.Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті.



Жұппен жұмыс

2 – тапсырма.

Өлең шумақтары бойынша Шортанбай ақынның тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдаңыз.

Толғау шумақтары

Ақынның тұлғалық болмысы

1.Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!


2.Байлар ұрлық қылады,

Көзіне малы көрінбей,

Билер жейді параны

Сақтап қойған сүріндей.

Заманың сенің құбылды

Текеметтің түріндей.

Сақта құдай солардан,

Сол себепті қорқамын!


3.Тіпті амал жоқ, қазақтар

Енді сенің торыңа.

Орыс – бүркіт, біз – түлкі,

Аламын деп талпынды.

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп,

Баласы кетіп тыюдан.

Патша жұртын қанады.

Жамандықтың белгісі:

Ұлың көңілі – бір бөлек,

Қызың көңілі – бір бөлек,

Алысар тұстар болса да,

Әлсіз айбар не керек?


4.Зар заманның аяғы

Заманың кетті баяғы,

Ықылас-ниет қалмады,

Үлкенге билік салмады,

Жарлының жалғыз сүйеніш

Мал болыпты таяғы.



Жеке жұмыс

3-тапсырма

Ақпаратты «ақиқат не жалған» екенін анықтаңыз.

1. «Зар заман» деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты.


2. Шортанбай пайымы «зар заман», «заманақыр» тіркестерін қолдануынан аңғарылады. 


3. Шортанбай өткен өмірді көксеп, басқа жаққа қоныс аударады. 


4. Автор жастар теріс жолға түсе ме деп қорқады


5. Болашақта қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болатынына сенеді


6. Заманақыр болады деп қорқады



Қорытынды сұрақ:

- Автор бейнесін анықтау арқылы біз не білдік?

Үзіндіні оқып, өлең тармақтарының білдіретін ойын анықтайды.


Жауабы:

1.Қоғамда жақсылық пен тектіліктің жоғалуы, олардың орнын жамандықтың алмастыруы

2.Ел ішінде күншілдіктің белең алуы

3.Отарлау саясаты елді діннен, имандылықтан қол үздіре бастады









Оқушылар өлең шумақтары бойынша Шортанбай ақынның тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдайды.


Оқушылар адами болмыстың, ең алдымен,адами тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін танып, талдай білу керек.



Жауабы:

1.Халқының болашағына үреймен қарайтын тұлға.

2. Халқының болашағына алаңдауш, би-болыстар мен старшын-ауылнайлардың озбырлығын әшкерелеуші.

3. Өмір шындығын айқын көрсетуші.

4. Ел мұңын жырлаушы
















Оқушылар «Зар заман» толғауына қатысты берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екенін анықтайды.


Жауабы:

1.Ақиқат

2.Ақиқат

3.Жалған

4.Ақиқат

5.Жалған

6.Ақиқат







Автор бейнесі туралы қорытынды пікірлерді айтады.


Дескриптор

- өлең тармақтарының білдіретін ойын анықтайды.

-пікірлерін білдіреді


ҚБ Бір-бірінің жауаптарына баға береді










Дескриптор

- ақынның тұлғалық болмысын анықтайды

- гуманистік тұрғыдан талдайды


































Дескриптор

- ақпараттардың «ақиқат не жалған» екенін анықтайды















Дескриптор

- қорытынды пікірлерді айтады


Сабақтың соңы

Рефлексия «3-2-1»

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект


Үйге тапсырма:

3-тапсырма, 64-бет

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді



Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады


  • Автордың бейнесі автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі шығарманың өн-бойынан, бүкіл құрылыс-бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады.


  • Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы басқа жанрларға қарағанда айқын, анық көрінеді. Шығармадағы ақынның ішкі сыры, толғанысы мен сезіміне мән бер.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!