Материалдар / Қобыланды батыр 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қобыланды батыр 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа әдебиетке сабақ беретін ұстаздарға арналған сабақ жоспары үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
7699
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын.


МЕКТЕП:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 5

Қатысқындар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т.Ж5.2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Б.С5.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жырды түсініп оқиды, мазмұнын біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жырдың тақырыбы мен идеясын ашып айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылықтарды бағалай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жырдағы Қобыланды бейнесін сипаттай алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тарихи сөздер Қозыжаурын,ақ алмасқа қол салды

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Көзді көл ,қараспан, қырлы қала, сырлы қала

Талқылауға арналған сұрақтар:

Батырлар жырының қандай түрлері бар?

«Қобыланды батыр» жырынан басқа тағы қандай жырды білесіңдер?

Не себепті ... деп ойлайсыз?

Батырлар жырынан қандай тарихи құндылықтарымызды көреміз?

ишара:бас бармақ









Алдыңғы оқу:

«Қобыланды батыр» жырын зерттеген ғалымдар жайлы мәлімет жинау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

«Жүректен жүрекке» әдісі бойынша шаттық шенберін құру, жылы лебіздерін білдіру

1-топ

Қобыланды.

2-топ

Құртқа


3-топ

Тайбурыл


Үй тапсырмасын сұрау:

«Ыстық орындық» әдісі








Ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру

«Джигсо » әдісі арқылы топқа жырды бөлу

1-тапсырма

І топ Қобыланды 30-35 бет оқу

ІІ топ Құртқа 35-41 бет оқу

ІІІ топ Тайбурыл 41-47 бет оқу

Әр топ бір-біріне түсіндіреді

Дескриптор:

Жырдың мазмұнын түсініп оқиды, топтар арасында

айта алады.


«Ой қозғау» стратегиясы. 2-тапсырма

I топ Әдебиет тектерін атаңдар

ІІ топ Қобыланды батыр жерленген Қобда өзенін картадан тауып, қай өңірде орналасқанын айтып беріңдер.

ІІІ топ «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыланды бейнесінің прототипі бар ма?

Дескриптор:

Әдебиет тектерін біледі

Картамен жұмыс істей біледі.

Қобда өзенін картадан көрсете алады.

Қобыланды бейнесінің прототипін айта алады.


«Топтастыру» әдісі.

3-тапсырма Жырдан кейіпкерлердің құндылықтарын анықтаңыз.

І топ . Жырдағы бас кейіпкер

ІІ топ. Жырдағы жағымсыз кейіпкер

ІІІ топ. Жырдағы әйелдер бейнесі

Дескриптор:

Жырдан эпизодтар арқылы құндылықтарды жаза алады.

Деңгейлік тапсырма. «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі . 4-тапсырма

Кеспе қағаздарда берілген тапсырмаларды әр оқушы жек-жеке орындайды.


1.Батырлар жыры деп қандай жырды айтамыз?

2.Жырдан кейіпкерлерге мінездеме тауып ,әр кейіпкер туралы ойларыңды қорытындылаңдар.

3.Жырдан көріктеу құралдарын теріп жазыңдар.


Дескриптор:

Батырлар жыры халық ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын біледі.

Жыр кейіпкерлеріне мінездеме беріп,ойларын қорытындылап жаза алады.

Жырдан троп түрлерін теріп жаза алады,












ҚБ







«Бас бармақ» әдісі




ҚБ


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

.











Қб





Соңы

Кері байланыс «Соңғы 5 минут»әдісі

Үй тапсырмасы: Жырды аяқтап оқып келу

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»  әдісі











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!