Ұйымдастыру
кезеңі. Психологиялық
дайындық:
«Қолшатыр» әдісі Оқушыларға қолшатырға сұрақтар
жабыстырылады сол сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын айтып
жеткізеді.
-
Егер сенің сумкаңнан
сыныптасың ақшаңды ұрлап алып, мен алмадым деп мойындамай қойса не
істейсің?
-
Телефон сатып алу
кезінде, саған сатушы дұрыс ақпарат бермей арзан телефонды қымбат
бағаға сатты, ондай жағдайда не істеу
керек?
-
Сен жолда доп ойнап
жүріп, аулады тоқтап тұрған көлікке добыңды тигізіп алдың. Көліктің
терезеші шағылып кетті, не істер
едің?
-
Анаң саған қымбат
телефон сатып алып берді, сен оны жоғалтып алдың, не
істейсің?
-
Сенің қасыңдағы досың
магазиннен бір нәрсе ұрлап шығайық деп сені үгіттеді, қандай әрекет
істер едің?
-
12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып
ішінен бір қымбат телефон ұрлап
алады. Бұл жерде
баланың ата-анасының кінәсі бар
ма?
-
11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал
оның әкесі сол аулада өзінің
танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын
барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып
алды. Осы жағдайда
кім жауап береді?
Сабақтың мақсатын
түсіндіру. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген
міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе
мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің
түрі.
Құқықтық
жауапкершілік - бұған міндеттілікке сәйкес,
өзара келісімшартты қолдану, залалдық жауап беру, немесе зиян
туғызу мәселелерін шешу туралы құқықтық принциптерге сәйкес
жүргізілетін әрекеттердің жиынтығы.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Азаматтық-құқықтық қатынастың
көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста
болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен
ерекшеленеді:
а)
борышқордың міндеттемені
бұзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп
беру;
ә)
борышқордың міндеттемені
тиісті дәрежеде орындауын
қадағалау;
б)
борышқордың міндеттемені
орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін
жазалау;
в)
белгілі бір дәрежеде несие
берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі
болу;
г)
борышқордың тәртіпсіздік
фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік мынандай негізгі қызметтерді атқарады: жазалау,
қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау
қызметі— міндеттемені бұзған немесе
шығып келтірген тұлғаның мүлкінің
азаюы.
Тәрбиелік
қызметі— құқық бұзушы болашақта
мұндай әрекеттер жасауға жол
бергізбейді.
Қалпына келтіру
қызметі— шығын келген тұлғаның
мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық
жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке
тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.
Азаматтық құқық бұзушылықтың
элементтеріне жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа
қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың
болуы; құқыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары
арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды
міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен
жүзеге асырылады.
• Зиян — заңмен қорғалатын игілік
атауының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал
деп атайды.
• Залал — зардап шегушінің мүліктен
айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар
егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған пайдалар
(жіберілген пайдалар).
• Моральдық
зиян — жеке
және заңды тұлғаның жеке мүліктік
емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет
нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де
жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және
т.б.).
Моральдық зиян мүліктік
залалдың нысанына қарамастан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық
зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның
субъективтік және объективтік мән-жайлары
ескеріледі.
Заңда 18 жасқа дейінгілерді
кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14—18 жас аралығындағылар
жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады. Осыған
орай бұл жас
аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың
да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі
түсінікті.
Осы көрсетілген жас
аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас
шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке
тартылады. 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін
болса егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы
дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда
келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушылар немесе қамқоршылары
жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ата-аналар мен т.б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті
дәрежеде, тәрбиелемеу және бақыламау
қарастырылған.
Топтық
жұмыс:
Оқушыларды топтарға бөліп, әр
топқа тапсырма беру: Тапсырманы топпен орындап, қорғап шығу
керек.
Топтастыру. Оқушыларды 2
топқа біріктіремін
-
топқа
Кәмелеттік жасқа толмағандардың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің
ерекшеліктері ,
-
топқа
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері
мен түрлері
Жеке
жұмыс:
Зиян келтіру мен зардап
шегу туралы
Өз ойларын бір сөйлеммен
келтіру.
Видео ролик
көрсету.
https://youtu.be/sapzitYQYYQ?si=NTCH9HHG0mQY8zSK
Мұғалім: Сонымен , азаматтық-құқықтық жауапкершілік
— шартта немесе заңда көрсетілген реттерде
жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті
өндіру үшін немесе мүліктік самақ салу түрінде болып келетін
жауапкершіліктің бір
түрі. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздеріне сол
жауапкершілікті тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда
көрсетіліген құқықтарды бұзу
жатады. [1]
Кері байланыс:, Бүгінгі
сабаққа кері байланыс беру.
|