Материалдар / Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы дерек көздері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы

Юлдашова Назыма Жумамуратқызы,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекттің университетінің, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-курс студенті

Жетекшісі: Тулегенова З.Д.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Тараз қаласы, 2018 жыл.

Қазақ әдебиетімен қатар бүткіл түркі мәдениетіне, әдебиетіне зор үлес қосқан, сопылық ілімді насихаттаушы – Қажа Ахмет Яссауи бабамыз. Бабамыздың дүние есігін ашқан күні де, өмірден өткен күні де әр деректе әр түрлі болып келеді. Бабамыз жайлы біздің нақты білетініміз, адамзаттың барлығын имандылық пен мәдениеттілікке, ізеттілік пен инабаттылыққа, құрметтеу мен құрметті болуға, жақсылық жасап, жамандықтан аулақ болуға, бір Аллаға сенуге шақырған. Осыншама адам бойынан табылуы тиіс ізгі қасиеттердің барлығын бір ғана «Диуани хикмет» атты шығармасына сыйғыза білген ұлы данышпан ақын.

Қожа Ахмет Яссауидің еңбектерімен танысып, ұлағатты сөздерін пайдалансақ та, бабамыз туралы білеріміз аз. Сол себепті, мен осы бабамыздың өміріне, мұрасына тереңірек үңілуді мақсат еттім.

«Диуани хикмет» адамды жақсы қасиеттерге жетелеуімен қатар, оқырманға ұлы күш-жігер сыйлайды. Осы шығармамен танысқаннан кейін ақын өміріне, дінге, әдебиетке, мәдениетке деген қызығушылығыңыз бен ұмтылысыңыз артқанын өзіңіз де байқамай қалатыныңызға сенімдімін. Міне, осы себепті менің мақалам адамзат өмірінде,қазіргі қоғамда үлкен маңыздылыққа ие.

«Диуани хикмет» шығармасы мен Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың әрбір сөзі – мәденеиттілікке бастар сара жол. Хикметтегі әрбір сөз ерекше әсер береді. Сонымен қатар, хикметте көне араб тілінің сөздері де жиі кездеседі. Бұл оқырманның байырғы әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын оятары анық. Ал осы шығарманы оқи отырып, ұлағатты сөзден ой түйе отырып автордың өмірі мен мұрасын білмеу үлкен қателік деп білемін.

Қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айырықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер – Қожа Ахмет Яссауи бабамыз. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтасақ, Йасы қаласы – оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Көзін ашқаннан діндар отбасында өскені бар, тақуа ұстаздан білім үйренгені бар әрі өзі өмір сүрген заманның ықпалы бар Ахмет те жастайынан өз өмірін ізгілік пен мейірімділікке, адамгершілік пен тақуалыққа арнағанды жөн көреді. Сол себепті ол халыққа рухани-ағарту жұмысын жүргізу керектігін ерте түсінген.Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі Арыстан баб болды. Бабамыз өз ұстазы Арыстан бабты пір тұтып, өз жырларында Арыстан баб бейнесін ерекше сипаттайды. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың тағы бір ұлы ұстазы Юсуф Хамадани. Осындай ұлы тұлғалардан білім алып, хат таныған Ахмет, сопылық ілімді насихаттаумен қатар, өзі де шәкірттер тәрбиелеуді қалға алады. Байырғы аңыз-әңгіме, деректерге қарасақ бабамыздың шәкірттері өте көп болған деседі. Ал, біз нақты білетін шәкірттері – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, Сүлеймен Бақырғани, Сайид Ата Хорезми, Мұхаммед Данышменди, т.б.

Бабамыздың бүгінгі ұрпаққа жеткен ең көлемді шығармасы – «Диуани хикмет». Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. Жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Стамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайта басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Бұл хикметтерде Қожа ахмет Яссауидің жастық шағы мен пайғамбар жасына жетіп бұл фәниден баз кешкенге дейінгі кезеңін, өмірде тартқан азабы мен қиындықтарын, халыққа үстемдігін жүргізген хандар мен бектерді сынға алғанын, адам үшін діннің мағыздылығын, бұл фәнидің жалған екендігін білдіреді.

Хикметтердің негізгі идеясы – сопылық ілімін насихаттау. Бабамыз өз хикметтерінде сопылық ілімді ерекше, беріле насихаттайды. Ал діннен хабары жоқ адамды “ надан ” деп атайды. Яссауи хикметтерін тек оқып, жаттап алумен ғана шектелмеу керек. Бұл хикметтер жүрекпен сезініп, саналы түрде ойланып, түсінуді талап етеді. Себебі, Яссауи хикметтерінің басты тақырыбы – дін мен адам өмірі болып табылады.

"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағын, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Яссауи, "егер мен басымнан  айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", - дейді[1]. 

Қожа Ахмет Яссауи хикметтері барша түркілер санасында сопылық ілім туралы түсінік қалыптастыруға, сопылық ілімге бет бұруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, сопылық ілімнің түркі әлеміне енуі, түркі мәдениетіне де жаңа өзгерістер алып келді.

Ақын хикметтерінің бірқатары ғашықтық жайын да сөз етеді. Бірақ онда әдеттегідей жігіттің қызға, қыздың жігітке деген сүйіспеншілігі емес, керісінше – әңгіме ақынның Алла тағалаға, яғни Жаратушыға сүйіспеншілігі туралы. Қожа Ахмет Яссауи Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған, сонымен қатар, сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жерде болып, тазалық тұрағына енген»

Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінде ерекше аталып өтетеін жәйттің бірі, мейірімділік. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі өмірді нұрлы етудің бір жолы. Хикметте адамзаттың жетім-жесірге деген мейірімділігінің болуы керек екендігі ерекше айтылады. Сонымен қатар, “...Жетім міскін ғаріпті жарылқаған Мұхаммед”, -дей отыра Мұхаммед пайғамбардың да жетім мен жағдай төмендерге селқос қарамағандығын жырға қосады. Бірде оған жетім бала келіп, ғаріптік халін баяндайды. Мұхаммед оны аяп, мейірім-шапағатын төгіп, тілегін орындайды. Өзінің де жетім өскенін, жетімдікпен жетілгенін, жетімдер өзінің нағыз үміті екенін айтады.

Бабамыздың хикметтерінің көпшілігінде Мұхаммед пайғамбар жайлы сөз қозғалады.

«Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммет,

Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.

Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,

Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.

Кірпік ілмей талықты, –сабыр табар Мұхаммет»[2],- деп, Мұхаммед пайғамбардың асыл қасиеттерін өз хикметтеріне қосады

Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Ол “ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері тек дінді ғана насихаттап қоймай, әрбір адам бойынан табылуы керек ізгі қасиеттерді де баяндайды. Имандылық, адалдық, ізгілік пен мейірім сынды қасиеттерді өз хикметінде насихаттайды.

Қожа Ахмет 1157 жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік» деген оймен осы күнгі өзінің мүрдесіні үстіне тұрғызылған ғимараттан оңтүстік батысқа қарай жүз метрдей жерде Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін салдырғаан. Күні бүгінге дейін сақталған бұл үйдің ортаңғы бас бөлмесінің кеңдігі 2Х2, ал биіктігі бір жарым метрдей, яғни орта бойлы адам еркін жүре алатындай. Бөлменің екі қабырғасында шырақ қоятын текшелер жасалған. Ахметтің бұл жер асты мешітін жергілікті халық аздап өзгеріске түскен араб сөзімен «қылует» деп атаған. Қазіргі тарихшы ғалымдардың жазбаларында осы сөз «хильвет» деп те бұрмаланып жазылып жүр. Міне, алпыс үш жасқа толғаннан кейін Қожа Ахмет бар дүниені тәрк етіп өз қылуетіне түскен[1].

Қожа Ахмет Яссауи бабамыз өз кезеңінде біліктілігі мен шешендігі арқасында барша түркілерге мәлім болды десек, ал бабамыздың хикметтері тарихи-әдеби шығармалар арасынан ойып тұрып орын ала алды. Бабамыз дүниеден өткеннен кейін оған арнап тұрғызылған кішігірім мазар, қазіргі таңда барша әлемді таң қалдырған сәулет өнерінің ерекше туындысы. Бабамыздың кесенесі қазіргі Түркістан қаласында орналасқан. Қазіргі таңда, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенеісіне жыл сайын мыңдаған туристтер келеді.

Ал кесене тарихына үңілер болсақ, кесене құрылысы 1395 жылы Әмір Темір бұйырығымен салына бастаған болатын. Алайда Әмір Темір өмірден өткеннен кейін, бұл істі құрылысшылар жалғастырмауына байланысты, кесене құрылысы аяқталмай қалған еді. Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен.

Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен Алла Тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла Тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»[4]

Кесене алып портал мен күмбездерден тұрады. Кесенеде 8 түрлі бөлмелер бар. Аркалы порталдың биіктігі – 37,5 метр, басты күмбездің биіктігі – 44 метр, диаметрі – 22 метр, ал сыртқы қабырғаларының қалыңдығы – 2 метр болып табылады. Сонымен қатар, бұл кесене құрылысы 10 жылға созылған деген деректер де кездеседі.

Құрылысты салушы сәулеткер жергілікті халықтың тұрмысын, сенімін-нанымын, ою-өрнегін жақсы біліп, сабақтастырған. Кейбір қабырғалардың оюы қазақтың киіз үйінің керегелерін, кілем, текемет сынды қалданыстағы бұйымдарының өрнектеріне ұқсастығы байқалады. Құран аяттарын қабырғаларға әсем оймыштар арқылы сиыстырып, оны жазудан гөрі обға ұқсатып жіберген. Яғни шебер шығыс құрылыс өнерін жергілікті халық өнерімен тамаша ұштастырған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылмадықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы, екінші Мекке деп те аталады.

Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері қаншама ғасырлар бұрын жазылса да, әлі күнге дейін әдебиет пен халық санасында ойып тұрып орын алған ғажап туынды. Бабамыз дүниеден өтсе де, бабамыз салған сара жол өз жалғасын тауып Қожа Ахмет Яссауи атын түркі әдебиеті мен тарихында қалдыра білді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: Оқу құралы (М.Жолдасбекұлы., Қ. Салғараұлы, А.Сейдімбек) – Астана: «Күлтегін» баспасы,2001.

2.Қазақ даласының жұлдыздар: тарихи-филологиялық зерттеу \ Әбсаттар Дербісалиев. «Арқас» өрбіту қорының кітапханасы. Алматы «Рауан», 1995.

3.Қожа Ахмет Яссауи хикметтері

4.[ www.kwikipedia.org.]









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!