Қожа секілді оқушыны қалай
тәрбиелер едің?
"Менің атым-Қожа"
повесі-Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма.
Ол-балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Яғни бұл шығармада" қара
көженің" іс-әрекеті,мінез-құлқының қалыптасуы, арман-телегі,
басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі.Қожаның балалық қылықтары
оқырмандарға күлкі сыйлайды.Қара көже қандай сатқар болса да
соңында адам болып қалыптасқан қуантады.Бұл туындыны әр адам бала
кезінде оқып,білуі парыз деп есептеймін.Себебі ,қайта оралмайтын
шақты қызықты етіп өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған.Қожаның
балалық шағы-тәтті дәуреннің төресі.
"Менің атым Қожа" повесінде
жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білді.
Балдәурен әсерінің қоймағын бұзбай,ақиқаттан алшақтамай,балаға тән
қиялдарды тебіріне толғайды.Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне
қосылған қомақты олжа. Повесте зерек,алғыр, ақкөніл, қоршаған
ортасын бақылап жүретін бала туралы
жазылған.
Қожаның мектептегі
тәртіпсіздігі болашақ өміріне әсері қандай және бұл жағдай
педсоветте қаралғаны дұрыс па әлде бұрыс па? Кешегінің Қожасы мен
бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп
ойлайсыз?
Қожаның
тәртіпсіздігі оның келешегі әсері орасан зор.Оның болашағына тек
қана жақсы жағынан әсер етеді.Өйткені,өзінің бұзықтықтарынан,
тәртіпсіздігінен сабақ алады.Болашақта ол жақсы азамат болып
қалыптасады. Қожаның бұзықтығының педсоветте қаралуы дұрыс әрі
бұрыс болып келеді. Дегенмен де, педсоветте болған жағдай бала
психологиясына түрліше әсер етеді.Көпшілік ортасында сын
айтылса,мін тағылса бала одан сайын ерегесіп жаман жаққа қарай
өзгеріп кетуі мүмкін.Ал дұрыс жағы бала өз - өзін жақсы жақтарға
тәрбиелей отырып,алдыңғы қатарлы оқушы болуға
талпынады.
Кешегінің Қожасын мен қазіргі
Қожаның арасы жер мен көктей.Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты
құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық
әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге
қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді.
Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына
қайдан жарысын?! Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан»,
«Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас
буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман
айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос
қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден
қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы
балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын»,
«атсың», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді
жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау
студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.
Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды: …
Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде»
қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің
сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді…
Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім
ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген
ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей
болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене
толғанбаушы ма еді?! Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен
сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы
арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп
өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін
тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау
алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ
бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып,
сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр
емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі
жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде
етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір
кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған
Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған
жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл
дүние-ау…
Повестің негізгі тақырыбы ол-
бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттеу
арқылы оқырманды тәрбиелеу. Әр қателіктен сабақ алу арқылы нәтижеге
жете білу. Жазушының повестегі идеясы тәрбие тал бесіктен
басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып,
«Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін,
халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын
жоқтайтын, парасатты, ой–өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан–жақты,
білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Бұл повестегі
Қожа – тәрбиелі,тәртіпті бала бейнесі.
Повестің тәрбиелік мәні бала
өз қателігін түсіну арқылы , ар-ұятын, өзін-өзі бағалау,
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі өзін мейірімділікке,
ізгілікке, кешірімділікке тәрбиелейді. Жазушы қазақ балалар
әдебиетінде шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп,оқушыны
жалықтырмайтын тәсілдер арқылы жасөспірімдерді тәрбиеге әдептіліке
баулиды.Жасөспірмдерді өзіне баулап , елітіп ала жөнелетін өзіндік
өрнегі бар жазушы. «Менің атым Қожа» повесі – мектеп оқушысынан
бастап қолға немесе көзге түсе қалса жасы ересек тартқан
оқырмандардың өзі көзін сүзбей кете алмайтын тартымдылығымен
танымал шығарма.Бүгінгі жас оқырманды Б.Соқпақбаев кітаптарын оқуға
шақырғанда , біз алдымен ,қарапайым ауыл баласы өмірінің сан қилы
қызықтарына бірге шомып кететінімізді айта кетуіміз керек.
Б.Соқпақбаев оқушысын шынайылыққа , өзін- өзі басқара білуге, жеке
тұлға болып қалыптасуға, жамандық атаулыға қаны қас болып өсуге
тәрбиелейді.Қожа арқылы әрбір бала өзін жақсы жаққа еліктіре отырып
жақсы істі бойына қабылдап, жаман істі оның жаман екекнін әрбір ісі
арқылы көз жеткізіп аулақ болуға баулиды. Повестің басынан –ақ
тәрбиенің алғы шартын ашып көрсеткен. Әкеге ,анаға , әжеге, досқа
деген құрметі мен махаббаты анық байқалады. Автор шығармасының
құрылысы балалық шақтың сан түрлі сәттерімен юмор арқылы
орайластырылады .Осыдан жобаның өзектілік мәселесі туындайды .
Шығармада тәрбие повестің алғашқы бетінен –ақ басталады. Мысалы
Жантастың Қожаның атын бұрмалап айтқаны үшін оны қаншама рет жөнге
салып, әр адамның азан шақырып қойған аты аталу керек достың
көңілін қалдыру дұрыс емес екенігі үшін Жантасты повестің соңына
дейін тәрбиелеумен келді. Жазушы достардың бір – бірін жөнге салуын
зілсіз етіп пайдалана білген. Әрі өте тиімді құрал ете алған.
Жазушының оқырманы – мектеп оқушылары.Мұндай оқырманға салмақты
баяндаудан гөрі қызықты эпизодтарға құрылғанқарапайым әңгімелеу
арқылы Қожа хикаясын жайып салып, күлдіре отырып күйдіре, ойната
отырып,ойландыра алатын тәсіл – көпті тәрбиеге салғаны анық. Олай
болса, «Менің атым Қожа» повестіндегі тәрбие жүгінің атқарған жүгін
екшеу ,бағалау-жобаның міндеті. Қожаның істеген ағаттығының артында
өз қателігін түзеп, істеген ісінің дұрыс, бұрыстығын түзеу - тұнып
тұрған тәрбие құралы.Мысалы повест, баланы адалдыққа, тапқырлыққа,
адамгершілікке тәрбиелейді. Бір сөзбен айтқанда:Бердібек Соқпақбаев
өзін жазатын жазушы. Мінез – құлық жағынан Қожа өзге емес өзінің
басынан өткен жәйттардан сабақ алып, бұрыс істерін көп ұзатпай
жөнге салып , өз –өзін тәрбиелеген қабілетті бала. Енді жазушы
қолданған әрбір тәрбиенің мағынасын ашып , талдап көрейік:
шығарманың басталуының өзінде де үлкен тәрбиелік мағына жатыр.
Мысалы: Қожаның азан шақырып қойған аты Қожаберген, бірақ ауыл-
аймақ Қожа деп атағанға құлағы үйір болып кеткен. Дегенмен де
сыныптасы қу тілді Жантас оны келеке жасап, Қара Көже деп ызасына
тиген тәртіпсіз Жантасты шығарманың соңына дейін тәрбиелеп өткендей
болады. Әр адамның азан шақырып қойған аты аталуы тиіс ,достың
көңілін қалдыру дұрыс емес, достардың ортасында өзімшілдік мінез
көрсету жөн еместігін дәлелдеп келген. Әрине мұның өзінде қаншама
тәрбиелік мән жатыр десеңші!
Мектептерде бұзықтық,тентектік
жасайтын балалар жоқ емес әрине бар. Олар жасайын деп емес,
балалықтан жасайды.Қазіргі кезде оларды метеп дәліздеріне
тұрғызып,сөгіс жаралау арқылы жазалайды.Мысалы,оқушы мектепте
бұзықтық жасайтын болса,мұғалім оның тәрбиесіне басты назар салса
оқушы жақсы ортаға бейімделеді. Олар болашақта мектептегі
қателіктерін қайталамауға тырысады.
Балалармен жұмыс жүргізітін
әрбір адам тәрбиешінің мадақтау және жазалаудың көмегімен баланың
тәртіпті, жауапты болуына қол жеткізетінін біледі.Балаға әрдайым
мадақтау сөз айтылып тұрса, соның нәтижесінде мақтауға тұрарлықтай
іс жасауға талпынады. Балаға алдымен талап қоя білу мен талап ету
жағдайын қарастыру керек. Кез-келген баланың шамын, шырағын жаға
білу – оңай дүние емес. Бірақ та, мұғалімнің алдына қоятын бірегей
мақсаты болмақ. Нашар оқып,тентектік жасап жүр, демей балаңыздың
бойынан жақсылық тауып мақтай біліңіз. Сіздің байсалды сөзіңіз
қолдап, қуатыңыздың оңы қалай дегенмен ілгері ұмтылатынын
ұмытпаңыз. Сабақ сұрау, сабақ тексерудің сыртында онымен
әңгімелесіп жағдайын, не көріп, неге қызыққанын білуге күніне
әдейлеп бірнеше уақытыңызды бөліңіз. Мадақтау мен жазалауды
пайдалану өнерін меңгеру ұстаздар мен ата-аналардан үлкен күш
жігерді қажет етеді. А.С. Макаренко: «Жазалау- өте күрделі мәселе,
ол тәрбиешіден үлкен әдептілік пен мұқияттылықты талап етеді» деген
екен. Мадақтауға қатысты да осыны айтуға болады. Сондықтанда А.С.
Макаренко мұғалімдерге, әсіресе ата-аналарға мадақтауды сирек
қолдануға, ал өте қажет болмаса жазалауды мүлде қолданбауға кеңес
береді.
«Баланың ісі-шала», «Бұл бала,
бала емес-бәле» деген құлаққа түрпідей тиетіндей осындай бір
мақал-мәтелдерді кейінгі кезде өмірде жиірек ұшырастырып отырамыз,
кейде құлағымыз шалып та қалады. Ата-бабаларымыз баланың қыңыр
мінезді қырсықтығы мен айтқан тіліңді алмайтын бірбеткей ұнамсыз
мінез-құлқына қарап, ренжіп, осы сөздерді айтса керек. Әрине,
баланы тәрбиелеу-өте қиын іс. Әйтсе де, әр уақытта аса
ыждаһаттылықпен балаға мән берсек, оның іс-әрекетіне әрдайым
көңіл-аударсақ, міне, сонда ғана балаға оңын-солын ажыратуға
септігіміз тимей қоймасымыз анық әрі тәрбие беру де оңайлай
түседі-міс. Алайда, шектен шығып, тентектік жасайтын баланы қалай
жөнге салуға болады? Бәлкім, ұрысып, ұрып немесе түрлі жаза да
берген дұрыс па, әлде бұрыс па? Бұл сұрақтардың жауабына көпшілік
қауым, бірден, міндетті түрде: -Жоқ, болмайды. Керісінше, ұрыспай,
ұрмай тәрбиелеу керек. Жәй сөзбен, ақылға салып түсіндіргеннің өзі
жеткілікті– дейтіні бізге мәлім. Дегенмен, кейде бала тым
агрессивтік қабілет көрсетіп, бойындағы тасып тұрған, жиналған
күш-қуатты бәрібір де шығару үшін «бұзықтық» атаулыға барып қоятыны
да бар. Бұл – заңды құбылыс және болуы керек
те…
Баланың алғашқы тәрбие алатын
орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы
қалыптасады. Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Повесте
өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды.
Қожа анасын Қаратайдан қызғанды.Өйткені,оның әкесін орын басқанын
қаламады.Бала Қожаның өзгеруіне әлі де кеш. Баланың дамуына табиғи
және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Баланы жақсы және жаман деп
бөліп қарауға болмады.Мәселен, повесте
Қожа
Шығармада Қожаның әр ағаттығы
үшін қаншама жанашыр адамдар қандай тәрбиелік мәні зор ақылдар
айтылды. Соңында осы жанашыр адамдардың арқасында биік қиялға
самғады. Адам ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп,
ұстап, татып , татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы
, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады деген
Абай атамыз. Бердібек Соқпақбаев Қожаның іс-әрекетін шынайы түрде
юмор арқылы астарлы түрде береді. Бұл шығарманың тартымдылығы сонда
– Қожаның әрбір ағаттығы арқылы адам өзінің ісіне есеп беру керек
екендігін анық көрсеткен. Қай бала оқыса да , Қожаға еліктеп, соның
істеген қылықтарын өз сыныптастары арасында талайы қайталап та
үлгерді, талай ескерту ала отырып , жақсы мен жаманды ажырата
отырды.Бала өз - өзін жақсы жақтарға тәрбиелей отырып,алдыңғы
қатарлы оқушы болуға талпынады.
Орындаған: Сырым Ақнұр
Жолдасқызы
ҚТӘ-33 – тобының
студенті