Материалдар / ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
760
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каунышпаева Жанар Сайлаубековна

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ

Даярлық сынып тәрбиешісі


ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.

Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблема. Зерттеудің нәтижесінде балалардың тіл дамуы саусақтың қозгалуына байланысты деген тұжырым жасалды. Сонымен қатар саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Қолдың ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі ұйымда жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.
Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса және 6 жаста тиек тігу – орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы бала тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығуларды мақсатты пайдалануылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек:
—қолмен ермексазды жұмсарту;

алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық жабылдық);

екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады;

ауада саусақпен сурет салу;

қолдың басымен қолшам жасау;

түймелерді тағып- ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып – жабу т.б.;

қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;

бұрандалар мен сомындарды бұрау;

конструктор ойыны;

құммен сурет салу;

түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу;

«Бассейн» ойынын ойнату т.б.

Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой қабілеттігін, қиял, ес процестерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процестері дамиды.

Саусақ ойындарын ойнатарда алдымен балаларға үй жануарлар қандай көмектесетіндігі, олар қай жерде тұратындығы туралы айтып беру керек. Содан кейін, үй жануарларды қол арқылы көрсетуге болады.

Кез келген тапсырманы оның қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс, және туындайтын жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарулауына әсерін тигізеді. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әрбір сабақты қолдың білезігі мен саусақтарына өзіндік массаж жасаудың бөлшектерінен бастау керек.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады.

Өзіндік массаж қолдың білезіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:

-қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

-алақанға өзіндік массаж.

-қол саусақтарына өзіндік массаж.

Бір сабақта 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойыша жаттығулардың барлық кешенің шартты түрде үш құрылымға бөлуге болады:

1.     Саусақтарға гимнастика. Саусақтарға арналған ойындар – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша.

2.     Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

-         Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру.

-         Қағазға түйме, жіп,замок әртүрлі ұзындықта жапсыру жұмысы.

-         Тиындарды іріктеу.

-         Жарманы жинау.

-         Сірінкемен жұмыс.

-         Қағазбен жұмыс.

-         Бау байлау.

-         Жуан жіппен түйіншек жасау.

-         Құммен, сумен ойнау.

-         Саусағына жұқа сымды орау (жүзік немесе орам жасалады)

-         Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.

-         Конструктор, кубиктер ойнау.

-         Ауада сурет салу.

-         Қолөнері.

Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!