Құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтарға қойылатын санитарлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтарға қойылатын санитарлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық тамақтану орындарында механикалық, жылулық, тоңазыту және механикалық емес жабдықтар қолданылады. Тамақтану орындарының жабдықтары санитарлық талаптарға сай болуы керек. Технологиялық жабдықтарды пайдалану барысында шикі және дайын тағамдарды бір-бірімен байланыстырмау керек. Әр тағамға өз алдына механикалық және әмбебап ауыстыру механизмдері пайдалануы тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтарға қойылатын санитарлық

талаптар

Қоғамдық тамақтану орындарында механикалық, жылулық, тоңазыту

және механикалық емес жабдықтар қолданылады.

Тамақтану орындарының жабдықтары санитарлық талаптарға сай болуы

керек. Технологиялық жабдықтарды пайдалану барысында шикі және

дайын тағамдарды бір-бірімен байланыстырмау керек.

Әр тағамға өз алдына механикалық және әмбебап ауыстыру

механизмдері пайдалануы тиіс.

Технологиялық жабдықтарды санитарлық тазалау ластануына қарай

жұмыс аяқталған соң жүргізіледі.

Тоңазыту жабдықтарын күнделікті тазалап 1-2% кальцинирлік содамен

немесе рұқсат етілген заласыздандыру ерітінділерімен жуып ыстық

сумен шаю керек. Ішін желдетіп кептіру қажет. Барлық тоңазытқыштар

температуралық тәртібі сақтайтын термометрлермен қамтамасыз етілуі

тиіс.

Жабдықтарды құрып орналастыру өндірістегі жұмыс ағынына кедергі

келтірмейтіндей болуы керек. Дайын өнім, шикізат, жартылай фабрикаттар

жол ағымдарына қиылыспайтындай, технологиялық жұмыс барысына

кедергі болмауы тиіс. Жабдықтарға өту жолдарының көлденең кеңдігі 1,2

1,5 м қарастырылған. Технологиялық жабдықтардың құрылымы қауіпсіз,

санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы керек.

Жабдықтар мен ыдыстар, құралдар арнайы рұқсат етілген

материалдардан жасалған болуы тиіс.

Механикалық жабдықтардың жұмыс бөлшектері тат баспайтын құрыш

темірден жасалуы керек, ал сыртқы жағын жұқпайтын эмалды сырмен

сырланады. Жұмыс біткен соң жабдықтар тазаланып, жылы сумен жуылып

құрғатып сүртіледі. Механизмнің жұмыс бөлшектерін рұқсат етілген

ертінділермен жуу керек. Технологиялық жабдықтармен жұмыс

барысында шикі тағамдар мен жеуге дайын тағамдардың байланыспауын

қадағалау керек, сондықтан механикалық жабдықтардан бөлек, әмбебап

машиналардың (универсальные машины) ауыстырмалы механизмдері

пайдаланылады.

Қоғамдық тамақтану орындарында тоңазыту жабдықтары, тоңазыту

шкафтары,төмен температурадағы сөрелер және мұздатып қатыру

жабдықтары, жиналмалы мұздату камералары сияқты жабдықтармен

қамтамасыз етіледі. Барлық тоңазытқыштар күнделікті тазаланып жуылуы

тиіс. 1-2% кальционерлік сода ертіндісімен жуып, рұқсат етілген

залалсыздандыру ертіндісімен шайып жуады да ыстық сумен жуады.

Тоңазыту камераларын желдетеді және кептіреді. Тағамдардың

сақталу тәртіп ережесін қадағалау мақсатында барлық тоңазыту

құрылғылары термометрмен қамтамасыз етіледі.Тоңазыту камералары

жеңіл жуылатын сөрелермен жабдықталуы тиіс және ішкі ілгіштері тат

баспайтын материалдан жасалуы керек.

Тамақтану орындарының механикалық емес жабдықтарына шкафтар,

сөрелер, ет шабатын томар ағаштар, өндірістік темір үстелдер, жуу

ванналары, үстел үсті шеккілері және үлкен таразылар.

Өндірістік үстелдің үсті тегіс болуы тиіс және су өтпеуі керек. Тот

баспайтын құрыш темір немесе дюралюмений сонымен қатар полимерлік

тігіссіз, қырсыз материал болуы керек.Кондитер цехтарында ғана қамырды

бөлетін үстелдердің үсті ағаш болуы мүмкін. Өндірістік үстелдер жұмыс

мақсатына байланысты таңбалануы тиіс.

Пайдаланған ыдыстарды жинап оларды жуу орындарына жеткізу үшін,

жуу бөлмесі мен залдың және тарату орындарының арасында ыңғайлы

байланыс болуы тиіс.

Ыдыстарды жуу орынындағы барлық жабдықтар, ыдыстардың қозғалыс

айналымына қарай орналастырылады: тамақ қалдықтарынан тазалау,

іріктеу, жуу, шаю, кептіру.

Ас үй ыдыстарына тамақ пісіретін ыдыстар жатады. Оларға

жататындар: қазандар 60л, табалар.шәйнектер,сүзгілер, және пештің

салма табалары және басқалар. Олар тот баспайтын материалдан

жасалуы тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында эмальды ыдыстарды

пайдалануға болмайды. Алюмин ыдыстарда тағамдарды тек қысқа

мерзімде ғана сақтауға болады.

Жуу орындары ыдыс жуу машиналарымен, жуу ванналарымен,

өндірістік үстелдермен, кептіру шкафтарымен, сөрелермен және таза

ыдысқа арналған шкафпен, қақпағы бар тамақ қалдықтарына арналған

бөшкелермен жабдықталады. Ыдыстардың сақтығы үшін және шуды

азайту мақсатында ыдыс жинау орындарында үстелдің үсті линолеум

немесе басқа материалдармен төселеді. Пайдаланған ыдыстар

қабылдайтын терезенің алдына ортасында тесігі бар үстел орнатылады да,

сол тесіктің астына тамақ қалдықтарын жинайтын бөшке қояды. Ыдыстар

түрлеріне, көлеміне қарай (тарелке,шыны ыдыстар,құралдар) іріктелу үшін

өндірістік үстелдің үстіне түседі.

Содан соң жуу ванналары немесе ыдыс жуу машинасы орналасады,

одан ары қарай таза ыдыстарға арналған үстел және оларды салатын шкаф

жалғастырылып орналастырылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі