Қуғын - сүргін құрбандары
ел есінде
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ
халқы небір ауыр күндерді бастан өткерді. Қазақ даласында орын
алған әкімшіл- әміршіл жүйенің салдары тарих беттерінде сақталып
қалды.
Қазақстанда саяси қуғын
–сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31-мамырда атап
өтіледі. Осы қаралы кезең мен қуғын сүргін құрбандарының
есімі ел есінде мәңгі қалды.
КСРО республикаларында
репрессия 1928 жылдан басталып, қазақ елінде алдымен Алаш
қайраткерлері тұтқындалған. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылған,
салдарынан Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, С.Асфендияров,
А.Байтұрсынов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А.Розыбақиев, Т.Рысқұлов,
М.Тынышбаев, І.Жансүгіров және тағы басқа зиялылардың ату жазасына
кесілгені мәлім. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан
астам адам қуғын сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату
жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат
саласының қайраткерлері, дәрігерлер болған
екен.
1937-1938 жылдары репрессияға
ұшырағандарға халық жауы, Отанына опасыздық жасағандар, шпиондар,
сатқын, буржуазияшыл -ұлтшыл деген айып түрлері тағылып, оларға
жаппай өлім жазасына кесілді,
түрмеге қамалды, тұтас жер аударылды, қылмыстық істерді
қолдану, адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау
секілді жазаның ауыр түрлері
тағайындалды, көпшілігі жаланың құрбаны болған, жақындары да зардап
шекті. Олар үшін Қазақстанда АЛЖИР, Карлаг, Степлаг арнайы
лагерьлері құрылған. АЛЖИР лагерьіндегі әйелдерге көрсеткен
халықтың жасырын көмегі қазақтың кең пейілінің, мейірбандығының
жарқын көрінісі. Осындағы тұтқындардың көпшілігі қазақ халқының
қамқорлығы мен көмегінің арқасында аштықтан, өлімнен аман қалды
деген деректер бар.
1993 жылы республикада саяси
қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданды. Заңның
мақсаты отаршылдық салдарын жою, саяси зұлматтан зардап шеккен
жандардың құқығын қалпына келтіру, тоталитарлық режімнің акциялары
мен актілерге саяси құқықтық баға беру болған. Қуғын сүргін
құрбандары ақталғанымен, оларға бір кездері жазықсыз жала жабылғаны
жаныңды ауыртады әрине.
Саяси қуғын- сүргін
құрбандарының есімін әркез құрметпен еске аламыз. Олардын есімдері
мен ел игілігі үшін жасаған ерлік істері халық жадында мәңгі
сақталады.
Жанар Серікқызы
Мукашева
№44 жалпы орта білім беретін
мектебінің
тарих пәнінің
мұғалімі