Мағынаны тану кезеңі
(Ж) «Қойын
дәптер» әдісіарқылы жүргізіледі.
Танаш
Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы
мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын
толықтырады.
Аты-жөні
|
Танаш Дәуренбеков
|
Туған жылы
|
1927 жыл
|
Туып-өскен жері
|
Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы
|
Шығармалары
|
«Бір түйенің әлегі», «Он бес жыл өткен соі», «Сыр
балалары».
|
Ақпарат
|
Жазушы, ақын.
|
(Т) «Түсініп
оқы» айдары «Джигсо» әдісі бойынша жүзеге
асырылады. «Кітаптар мұңы» мәтінін
төрт бөлікке бөліп, топтағы
1-ден 4-ке
дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес бөлікті оқиды. Басты
мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы
өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы құрылады. Мақсаты – тақырып
бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап,
бір-біріне түсіндіру.
Бастапқы
топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін баяндайды:
- тірек сөздер
кестесі;
- мәтін
жоспарының сызбасы;
-
топтастыру;
- мәтіннің
мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар арқылы түсіндірулері
мүмкін.
Дескриптор:
-
1. Мәтінді
оқып, ақпаратпен танысады.
-
2. Мәтін
мазмұнын топта талқылайды.
-
3. Тірек сөздер
кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын
ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы»
әдісі бойынша оқушылардың мәтін бойынша
түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап,
түсініктеме жасауларына ықпал ету. Кәдеге жарау, кітапты түптеу, басу айту,ұнжырғасы
түсу сөзінің мағынасын ашу.
Кәдеге жарау - пайдаға асу
Кітапты түптеу – кітап парақтарын біріктіріп
тігу
Басу айту – тыныштандыру
Ұнжырғасы түсу – еңсесі түсу, ренжу
(Т) «Болжа» айдары «Болжау» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды талдау
ұсынылады:
1. Кітаптардың тағдыры қалай шешілуі мүмкін?
2. Мәтіндегі кейіпкерлер қандай тәсілмен
суреттелген?
3. Оқиғаның шарықтау шегіне әкелген қорқынышты сөзді
ата.
4. Оқиғаның шешіміне әкелген жұбаныш сөздің иесі-қай
кітап?
Саралау: Сұрақтар барлық оқушыларға беріледі.
Тиімділігі:
Оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі емес, ең бастысы,
олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы екендігін естен
шығармай, оқушылардың өз пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл
болу.
ҚБ:
Мұғалімнің қолдау сөздері.
(Ж) «Құрастыр» айдары бойынша
кейіпкерлер қосып, кітаптардың арманы орындалатындай етіп ертегіні
аяқтайды.
Дескриптор:
1. Суреттегі
кейіпкерлерді қосады.
2. Әңгіме жобасын құрастырады.
Дәптермен
жұмыс.Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттқа
байланысты орындалады.
|