Қысқа қашықтықта жүгіру, 60м

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа қашықтықта жүгіру, 60м

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа қашықтықта жүгіру, 60м
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: Қысқа қашықтықта жүгіру, 60м



Мектеп: №16 ЖББМ

Күні: 13.09.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Алдакеев С.Б

Сынып: 5 «б»


Қатысқандар:18 оқушы

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.3.4.4Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушыларды қысқа қашықтыққа жүгіруге үйренеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік, батылдық қасиеттерін жетілдіру.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:60м жүгіру ережесімен танысады және жүгіреді.


Кейбір оқушылар орындай алады: 60м жүгіру тәсілін жақсы меңгерген оқушы, біреуге түсіндіре алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Төменгі сөреден шығу,жүгіру, мәреден өту.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Жылдам жүгіру,мәреге жету.


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Жылдам жүгіруге не кедергі болды?

-Жылдам жүгіру үшін не қажет?

Не себепті...деп ойлайсыз?

1 Не себепті қысқа қашықтық керек деп ойлайсыз?


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Басы:

10минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Жалпы дене жаттығулары.

  Саппен жүру қолды жоғары үстап,

  аяқтың ұшымен жүру;

  Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру;

  Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру;

  Жүрелеп  отырып  жүру.

Арнайы жүгіру жаттығулары.

  Тізені көтеріп жүгіру;

  Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру;

  Қолды  артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;

  Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру;

  Қолды желкеге қойып, аяқы артқа тастап

  жүгіру

  Шапшаң жүгіру;

Арнайы секіру жаттығулары.

  Оң және сол жақпен секіре жүгіру;

  Әр адымға секіріп қолды алға (артқа)

  айналдыру;

  Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-дыру;

Арнайы бір орында жасалатын жаттығулар.

Іс-тәжірибе жүзінде көрсету, түсіндіру

Қауіпсіздік ережесіне ескеру

Қысқа қашықтыққа жүгірудыің техникасын үйрету


Ортасы:

20минут

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:

 «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;

- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;

- Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;

Жеңіл атлетика  60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету. Қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрену. 20 м қашықтықты 3-4 рет екпіндей жүгіріп  өтуден басталады. Әрбір екпіндей жүгіру аралығында 3-5 минут үзіліс жасалады. Осыдан кейін осы қашықтықты демалу уақытын 2 минутқа дейін азайтып, жүгіріп өту санын 5-7 ретке дейін жеткізу қажет.

60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа жүгіру қозғалыстың шапшаңдығын арттырады.

Қысқа қашықтыққа жүгірудің ерекшелігі – жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигізіп отыру қалпында болады. 60 м қашықтыққа жүгірер алдында жерге бір тізерлеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады.

Төменгі сөреден шығу техниксын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөресызығына келіп   біржарым табансанапалып, қолдысөре сызығынының үстіне қойып, итерілетін аяқты алдыға  қойып, екіншіаяқтың тізесі  итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ  қолғатүсіп тұрады.

  «Дайындал» деген бұйрықта аяқтар жартылай жазылып, денені алғақарай ұмтылдырамыз.

   «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп  15 метрге максимальді қарқын алғаншажиі-жиі басыпжүгіреді.

 30 м жүгірудің соңында шапшаңдықты төмендетпестен мәреден өту керек. Бұл сәтте жылдамдықты бәсеңдету үлкен қателік болып табылады. Қашықтықтың ең соңғы адымдарында мәре кермесіне барыншақатты ұмтылып  жеткен дұрыс. Жүгіруді тек мәреден өткеннен кейін ғана баяулатукерек.

Жүгірудің жеңіл, дұры сорындалуы: аяқты жерге жұмса қтіреу, жүгірген кезде денен і шылқайтпай ұстау тез жүгіру мен төзімділіктің кепілі.

Соңы:

15минут

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпқа түсінгендерін бағдаршам түстері  арқылы  көрсетеді.

Қызыл – түсінген жоқпын.

Сары – жартылай түсіндім.

Жасыл – түсіндім.


Түсінбеген оқушылармен қосымша жұмыс.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
845
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі