Материалдар / Қызықты әрі керекті химия интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты әрі керекті химия интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ-сайыс сабақта қолданылатын химия пәнінен интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2024
313
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ





Келісілді

Колледж әдіскері:

__________ Г.А Утесинова




Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары ____________Б.С.Тажибаева













«Қызықты әрі керекті химия әлемі»





Орындаған химия пәні оқытушысы:Дихан Диана

Топ: Л-23-9
















Шымкент 2023




Тақырыбы: «Қызықты әрі керекті химия»


Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін көрсете білуге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту. Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.

Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, периодтық жүйе, ыдыстар.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған

«Химия -тіршілікке тірек» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.


Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе сайысқа қатысушы топтарға бөліп алсақ.


1 –топ Протон

2-топ Электрон

3-топ Нейтрон

Топтық жұмысқа дайындық болуы үшін,әрі студенттердің бір-біріне деген сенімін нығайту барысында «Бірлес және қалап шық»деген сергіту сәтін ұйымдастыру.

Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдер арқылы өтеді.

Сайыс жоспары:

1 кезең «Жорға» сұрақ-жауап


2 кезең«Кім жылдам?» жылдамдық сайысы


3 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»


4 кезең  «Бейнесұрақ»


5 кезең «Жұмбақты шеш»


6 кезең Қызықты химиялық реакция көрсетіліп,сайыстың нәтижесіне назар аударамыз.


Олай болса, сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілейміз.






1 кезең «Жорға» сұрақ-жауап

1. Ең жеңіл газ? (Сутек).
2. Валенттілік электрондарының қосылуы нәтижесінде түзілетін байланыс ?
(ковалентті байланыс)
3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?

(дем алу)

4. Химиялық кестені кім ойлап тапты,қай жылы: (Д.Менделеев 1869-1871)
5. Екінші топ элементтері қалай аталады:

(Сілтілік жер металдар)
6. Литийдің нейтрон саны (4)
7. Сүттің ашуы қай құбылысқа жатады?
(химиялық)
8. Периодтық кестедегі №12 қай элемент
(Магний)
9. Менделеев қай жылы ,қай қалада дүниеге келді?(1834 жылы Тобольск қаласында)
10. Атомдық массасы 16 тең қай элемент
(оттегі)

11. Периодтық кестені ашқан ғалым (Д.И.Менделеев)
12..Жану реакциясы кезінде не байқалады?(жылу мен жарық)

13. Қаның құрамына кіретін металл?(Темір)
14. Электртерістігі ең жоғары элемент? (фтор).
15. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)
16. Реттік нөмері № 17 қай элемент
(хлор)
17. Күміс қасықтың қараюы қай құбылысқа жатады?
(химиялық)
18. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

19.Авогадро санының мәні нешеге тең?(6,02*1023)
20. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы, NaCl)


1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?(Күрделі заттар)
2.Коэффицент нені көрсетеді?
(молекула санын көрсетеді)
3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді? (
2,4,6)
4.Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым?
(орыс ғалымы Н.Н.Бекетов)

5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (Моль)

6.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы? (23)

7.Сутектің латынша атауы? (Гидрогениум)

8.Отынның жануы қандай құбылыс?(Химиялық)

9. Химиялық таңбаның алдына қойлатын цифр? (коэффициент)

10. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Э.Резерфорд)




Жүргізуші:

Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға – келесі кезең

2 кезең «Кім жылдам?» жылдамдық сайысы

Химиялық элементтер құрастыру



Жүргізуші:

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны-дей келе келесі кезең


3 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»


1. Өзім газбын менімен демаласың,
жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

2. Ең жеңіл элемент саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады

3. Өзі ауыр металлға жатады,

балалар осы металл құйған сақамен атады.

4. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны.

5. Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.

6. Өзі жылтыр күмістей. Жеңілдігін ескерсең

Жұмсақтығы тағы бар. Пайдаланар жері табылар

1. оттегі, кислород, оксигениум

2. сутек, водород, гидрогениум

3. қорғасын, свинец, плюмбум

4. темір, железо, фэррум

5. Күкірт, сера, сульфур

6 Алюминий, алюминиум

Жүргізуші:

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны-дей келе келесі кезең

4 кезең  «Бейнесұрақ»


 Жоғарыдағы 10  
1.Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар?
Ортадағы 10       
2.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі қанша топтан тұрады?
Төмендегі 10     
3.Судың құрамын ата

Жоғарыдағы 20 
1.Периодтық кестедегі 8топ қалай аталады?

Ортадағы 20      
2.Ең жеңіл элемент саналады,Периодтық жүйе осыдан басталады?

Төмендегі 20   
3.Электртерістілігі ең кіші элемент қалай аталады?


Жоғарыдағы 30
1.Тотығу дәрежесі тұрақты 3валенттілікті көрсететін элементтерді ата

Ортадағы 30   
2.P ұяшығына қанша электрон орналаса алады?

Төмендегі 30     
3.Менделеев 1854
ж қандай құрал ойлап тапты?

Жоғарыдағы 40 
1.Кальций карбонаты құрамындағы көміртектің  тотығу дәрежесі нешеге тең?

Ортадағы 40  
2.Өсімдік жапырақтары неге жасыл, жапырақтарға түс беретін қандай элемент?

Төмендегі 40   
3.Осы элемент жетіспесе сүйек қатаймайды?



4 кезең«Жұмбақты шеш»

1. Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргенде су бетінде орын таппай.
Аяздан соң суға сіңіп жоқ болады,
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай.(Натрий)

2. Сыныптан бір шықпайды,
Тимесеңіз жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(Бор)

3. Мұғалімнің бірінші керегі,
Ол жоқ болса, қайда дер.
Формуласын бұл тұздың,
Қане, айтып жіберші?(CaCO3)

4. Қара металлургияның нанымын,
Машина, трактордың жанымын.
7 - ші қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының ең көп қолданатын санымын.(Темір)

5. Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбінен ардақтымын, алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Қымбат болдым алтыннанда ертеде (Алюминий)

6. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсетіп сұйықты, Жылудағы анық,
Қандай зат құрал жасар оны құйып.(Сынап)

7. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.(Тұз)

8. Қыздырып соқсақ иленеді,
Балға мен төстен именеді.(Темір)

9. От көмір жейді,
Тот.. жейді. (Темір)


Сайысымыздың нәтижесін айтпай тұрып,қызықты химиялық экспериментімізді жасап алсақ.

Кері байланыс

Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.

- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. 

- Сау болыңыздар


















КЕЗЕҢДЕР

1 –топ



2-топ


3-топ


1 кезең 




2 кезең 





3 кезең 





4 кезең





5 кезең




6 кезең 

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!