Материалдар / "Рақымжан Отарбаев әңгімелеріндегі кейіпкерлер әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рақымжан Отарбаев әңгімелеріндегі кейіпкерлер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қытайдан жеткен сәлемдеме»әңгімелерінде «Намаздыгер мен ақшамның ортасы күн күркіреп көктемнің кіндігін кескен»¬-деп басталады.Әңгіменің басталуынан- ақ баяндалатын оқиғада сағыныш,өткен өмірге көз жүгіртетінін әу, бастан хабарлап тұрғандай.Базаркүлдің -Әй,шал не естігенің бар.Әлгі туыс қуалап шекара асып кеткен Тақай оралыпты-деуінде үлкен сыр ақтарылатыны мәлім. Өмірбайдың оқыс оянып кеткендей көзі алақтап жүрмей тізе бүккен әйеліне, талтайып тұра қалған қара сиырға ,талмай ұмытылған қара бұзауға қарағыштай берді.Өмірбайдың таңдануын іс-қимыл әрекетпен –ақ жеткізіп отырғаны.Жазушының –шебер суреткерлігінің бір дәлелі.Базаркүлдің мінезі –и, и қақсайып мынаны,Шаяқ кемпір.....23 бет, деген сөзден-ақ айтылғандай. «Өмірбайдың жанарын жасқан бір мұнар көлбеңдеп тұрып алды»Өмірбайдың өткен өмірінен сыр шертетіні айдан анық екенін,бәсекеден белгілі болып тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рақымжан Отарбаев әңгімелеріндегі кейіпкерлер әлемі

Ә. АЛДИБЕКОВА, №157 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

«Қытайдан жеткен сәлемдеме»әңгімелерінде «Намаздыгер мен ақшамның ортасы күн күркіреп көктемнің кіндігін кескен»­-деп басталады.Әңгіменің басталуынан- ақ баяндалатын оқиғада сағыныш,өткен өмірге көз жүгіртетінін әу, бастан хабарлап тұрғандай.Базаркүлдің -Әй,шал не естігенің бар.Әлгі туыс қуалап шекара асып кеткен Тақай оралыпты-деуінде үлкен сыр ақтарылатыны мәлім. Өмірбайдың оқыс оянып кеткендей көзі алақтап жүрмей тізе бүккен әйеліне, талтайып тұра қалған қара сиырға ,талмай ұмытылған қара бұзауға қарағыштай берді.Өмірбайдың таңдануын іс-қимыл әрекетпен –ақ жеткізіп отырғаны.Жазушының –шебер суреткерлігінің бір дәлелі.Базаркүлдің мінезі –и, и қақсайып мынаны,Шаяқ кемпір.....23 бет, деген сөзден-ақ айтылғандай. «Өмірбайдың жанарын жасқан бір мұнар көлбеңдеп тұрып алды»Өмірбайдың өткен өмірінен сыр шертетіні айдан анық екенін,бәсекеден белгілі болып тұр.

Тақайдың келуі.Базаркүл мен Тақайдың әзілдесуін де,ауыл әйелінің образын жинақтауы да ерекше.

Базаркүлдің мінезі,іс­-әрекетпен ,сөйлеген сөзінен ,өзінен –өзі жинақталып тұр.Өмірбайдың тоңды киіп көргендегі бейнесіне назар аударсақ жазушы "Бойына жылу жүгіртіп сала берді" деп бірақ ауыз сөзбен аша салған.Өмірбайдың Әсемайға деген көңіл хошын,сағынышын "Өмірбайдың кірпігі желімденер емес" деуінде сағынышы,өкініші,өткен өміріне нала-мұңы. Қытайдағы қазақтардың өзара қарым-қатынасы,ұйымшылдығын,туған елге сағынышын "Оттың қасына жиналып,келген жағына дауыс созып жылайтын-ды". Өмірбай- жалғыз ұл еркелеп өскен,әкесі айттырған қызды алған. Әке-шешесінің сөзінен аспайтынын көрсетеді. Әкесінің қаталдығын. Қырық сылтау басы құрағанымен діні қатты. Әкесіне қайдам шыдас берсін?!

Оспан бастаған көтеріліске аттанады. Жаның-аманат,демің- нәсіп . Ердің соңы-Оспан,Елдің ойы-бастан. Осы екеуінен асқан әулие емеспіз. 27 бет. Оспан ұйымдастырған көтеріліске аттанарда айтылған сөзден, Қазақтардың бас бостандығы үшін жанын аманат етуінің өзі ерлік емес пе? Оспан өлген соң,көтеріліске қатысқандарды түрмеге тоғытады. Түрмеден шыққан кезін суреттеуінде жазушы көп сөзбен емес,аз сөзбен-ақ иірімін келтіре,бір ауыз сөзбен жеткізген."Татар дәмі таусылмапты. Тозақтың отынан төрт аяқтап еңбектеп шықты" 23 бет.

Құлжадағы түрменің қатал тәртібін көз алдыңа көлбеңдетеді. Шегара ашылып "Туған топырағын аңсағандарға рұқсат" деген алақызы хабар дүңк ете түсті. Келіншегі-Әсемаймен қос ұлын қайын жұртына аттандырып,елге өтпекке қам жасайды. Ат терлетіп жеткенде Әсемаймен қос ұлын таппай қалады. Өмірбай ата жұртқа өткенде,Қытайда келіншегі ұлдарымен қалып қояды. Тақайдың алып келген сәлемдесіндегі магнитофон оқиғаға арқау. Магнитофонға жазылған Әсемайдың дауысы арқылы әңгіме өрби түседі. Өмірбай өткен күндерін қайта еске алады. Осы кезде "Оспан батырдың қасында жүріп үкіметке қару кезеген жан Сәбетке өтпесін" деген жарлық шығады. Өмірбай шекарадан өтіп кеткенімен, Әсемайдың шақыруымен қайтадан шекараға келеді. Амалдың жоқтығынан Оспан батырды білмеймін,көрген емеспін,үкіметке қарсы шықпадым,жалғыз бастым дейінен-ақ Өмірбайдың ,өз басының ғана қамын ойлайтынын,ез екені көрінеді. Дегенмен ,балаларымен әйелімнің де қамы үшін амалсыздан шешкен шешімі болса керек. Өмірбай біржақты ойдың адамы емес. Балаларының болашағы мен әйелінің ертеңгі күні үшін барған қадамы. Әсемай-адал жар бейнесі,екі ұлын ел қатарына қосып жеткізеді. Өмірбайға деген сағынышын естелік ретінде "Өмеке"-деген сөзінен бастауы,ер-азаматты қадірлей білетін жар ретінде суреттеледі. Ұлдарының әкеге сағынышын,қыр басына шығып алып,арғы бетке телміріп тұруы. Әсемайдың күдер үзбей, Өмірбайға сағыныш сезімі де "Балапан қаз" әнін әуелетіп шырқаушы едік қой есіңізде ме ? 34 бет.

Өмірбай соңында өзінің қателігін мойындауы ,өкініші жеткізген

-Тірідей көмдің ғой,Әсемай! Балапандарым менің … Кеш сорлы әкеңді Кеш 34 бет

Бұл әңгімеде сағыныш,өкініш… Заман,қоғам,адам.Тағдырмен күрес,амалсыз шарасыз күйге түскен Өмірбай бейнесі.Әсемай мен Базаркүлді салыстыра келсек бірі Қытайда қалып қойған – Әсемай,бірі Базаркүл.Б азаркүл –бірбеткей,тура сөйлейтін тік мінезді.Әсемай-еріне адал,жүрегі жұмсақ ,басынан қандай қиындық өтсе де ,кешіре білетін кек сақталмайтын жан.

Үш адамның тағдыры ғана емес,Қытайдағы бүтіндей қазақ елінің тағдырын қозғап отыр. Әемай мен Өмірбайдың тағдыры арқылы. Сол кездегі бірі ойда,бірі қырда қалған қанша-қазақтың өмірінен сыр шертеді!1944 жылы 12 қазанында Шіңгілдің Бұлғын өзені бойында Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі құрылады.Үкімет бастығы Оспан батыр еді.Міне осы оқиға «Қытайдан жеткен сәлемдеме» әңгімесінде жазушы арқау еткен.Әңгіменің құрылымы баяндау түрінде жазылады.Өмірбай басты кейіпкер.Ол тек қарабасының қамы емес,ел тағдырына атсалысқан жан.Өмірбай өмірі,сол кездегі қазақтардың басынан өткен оқиғаны баяндайды.Бұл әңгіменің түпкі мақсаты қазақтардың тағдыры,еліне деген сүйіспеншілігі,жері үшін,бостандық жолындағы төңкеріс.

Әңгімеде мақал-мәтелдерде кездеседі.дұшпаннан түк тартсаң да пайда

Жаның-аманат,демің-нәсіп.

Ердің соңы – Оспан.Елдің ойы – бостан.Бала –белде,қатын-жолда.

Әңгімеде диалект сөздер де басым,тұрақты тіркестерде кездеседі.

Ата күлдігім –атадай қалған жалғыз бала.Бұлғақтап – еркелеп өскен.

Найқалып – шайқалып.

Мешел боп – ауыру түрі.

Үрпиісіп – қорқып.

Тұяқ іліктірдік – аяқ бастық.

Тотар дәмі таусылмапты – өлмепті.

Жерсінбеді ме? – үйренбеді.

Шаяқ келгір – ауыру түрі.

Иті сары май жемейді – тоқшылық. Тізе бүккен – отырған.

Манағы мұкар қайтадан кептеліп.

Қытай ышқырларындағы битке дейін санап алып қаламыз депті – тінту бастағы – жеңіл.

Айызды қандырып,ақырып шабыңдар! Ойранның ортасы – соғыстың ортасы. ‘’Қанаттығы қақтырып, тұмсықтығы шоқтырған жоқпын’’ – ешкімге тигізбей,бақтым.

Атаукереңді ішкір.

Өңмеңдеуін – қозғалуын.

Сыбызғыдай сызылған – майысып тұрған.

Шеріктердің найзасының ұшына ілініп кетсін дейсің бе! – қытайлардың өлтіріп кетуін қалайсың ба?

Үрей қуық – қорқақ, сенімсіз.

Бойыз таптырмады – шыдатпау.

Мелдектеп – далақтап

.Ақшұнақ аяз – қыстың суық аязы.

Жазушының тіл байлығы мол, сөзге шебер, әңгімешіл екенін білуге болады.

Шешендіктің бір қыры,байқалады.

Әр кейіпкердің мінезін, сөзбен дәлелдей білген.

Сөз шеберлігі ерекше тонылады.

Жазушы Рақымжан Отарбаев – найзағайдай жерқылды, толқындай тосыны жазатын.

Астарлы ойымен,ақиқатты жеткізе білген бірігей тұлға.

Қай шығармасын оқысаң да иіріліп әкететін иірімі бар, қызығып оқитын құрылымы бар шығарманы арқау еткен.

Әр әңгімесі замана келбеті, адам – тағдыры, өмір белесінен сыр шертеді.

Қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді астарлы оймен жеткізе білген.

Адам жандүниесін баурап алатын, бірінен – бірі өткен, әңгімелері оқыған адамды қызықтырып әкетеді.

Ал ‘’ Айна ‘’ әңгімесінде қысқа сюжетті әңгіме желісінен тұрады.

Оқығанның басында көнеден қалған көз айнаның сынуынан басталады.Айнаның сынуы алда болатын оқиғадан хабардар етіп тұрғандай ‘’ Сәуірбай шал әулетімен таңертеңгі шайын жайбарақат ішіп отырған.Шылдыр ете түскен дауыстан бәрі шошынды’’222 бет.Алдағы оқиғаның қайғылы болатынын мәлімдеп отырғандай.’’Жанұяның әрмүшесінің жеке – дара дидар келбеті көрінсін’’ 222 бет. Жанұя мүшелерінің өзіндік өмір бейнесінен тоқталатыны белгілі боп тұрғандай.

Қақпас, бәрі сенен. Кесірің тимей жүрмес!’’ 223 бет. Мүгілсіннің аузынан салған сөзден – ақ,малының жыберген қателігін бетіне басуынан әңгіме өрбиді Молда болып дағарадай сәлде орап, әкесінен жаттап алған, сүрені оқып жаназа шығарады.

Кейін жаназа намазында оқып жүргені екі жасты ажырасқанда оқитын ‘’ Полоқ ‘’ екені әшкере болады.

Молдалық бітіп ‘’Аңырақай шайқасында Әбілқайырдың оң қолы Қарабатыр бабам басқарған’’. Кенесарыға қиын - қыстау кезде мың қолмен қосылған. Дарабатыр атам, Исатай мен Махамбет көтерілісінде.

Менің би көкем Жаңабатырдан ақыл – кеңес сұраған – деп ‘’ Шежіре ‘’ шығарып басы дауға қалады. Астанадан келген ғалым келмегенде ешкере болмас еді.Әкесінің жіберген қателігі балаларының алуынан шығады. ‘’Сумаң қаққан суық хабар түс әлетінде жеткен’’. Жанпүлім авария жасапты.Бурабайға машинасын ызғытып бара жатып.... Жол бойы жас жігітті қақан’’ 225 бет.

Осы оқиға бәріне жүк болып, екі баласы мен келінінің мінездері ашыла түседі. Кешірімге барғанда – ‘’Шетелде емдетем.Бағасы жүз мың доллар депті’’ 225 бет.

ЕКі ағасы Жайдос пен Байдосқа ақша тап деп анасы қолқа салады.

Жайдос бизнесім тоқтап қалды десе,Байдос;’’- Сап етіп тексеру келсе қайтем? – деп сылтауратады 226 бет.

‘’ –Мені сат, ойбай! Шығар базарға’’- деп.Мүгілсін диванға сылық етіп құлады’’ 226 бет.

‘’ – Мүгілісінің ашуындағы ащы зіл арқылы жазушы басы бірікпейтін бірлікті әшкерелеп жазған.Бір жанұядағы тағдыр, тауқыметін қызының басына түскен сынақ кезінде, екі ағайдының басын алып қашуы.

Жайдос пен Байдос сөзге ергіш,өз басының қамын ойлайтын ,ез екенін дәлелдейді.Бір қарындасының қамын ойламайтын байлыққа қызығатын,ашкөз екенін жазған.Мүгілісін ана ,бауыр еті баласы үшін амалсыздан екі баласының әйелдерінің сөзінен шықпайтынын біле тұрса,шарасыздан ақша сұрауға мәжбүр.Оқиғада бірінің қателігін , бірі жіпке тізіп, береді. Өткен күндердегі жіберген күнәләр тізбектеліп кете береді.Сандық түбінен шыққан үш бұрыш хат шалының бүкіл шындығын сақтап тұрғандай.

-Ой, қараң өшсін! – деді бұл кемпірің оқты көзімен атып.

-Бұл Стаминградтан қашып келе жатқанда. Саған жазған үш хатым ғой. 229 бет

Әкесінің жұғымы жоқ, өтірікті судай сапыратын,атаққұмар екеніне дәлел. Оқиғаның сонында Жангүлімнің келуі.

‘’-Босқа ырылдаспаңдар ! Есеп ажырастым. Ол жігітке өзім қатын боп тиемін.Хош!’’230 бет

Жаңгүлдің тағдырына берілген сынақ, бүкіл бір жанұяға берілген сынақ болды.Тағдырдың жазуына берілген сын саратында, бір Жаңгүлім емес,екі ағасының да сын саратындай.

Бірліктің жоқтығы , алауыздық, әкесінің әлсіздігін дөп басып суреттеген.Жазушы астарлы ой мен әр жанұяның басында болатын ‘’сынақты’’ ала отырып,қалай әрекет ететіне көз жібереді.

Жаңгүлімнің жеңгесі Валя дүниеқоңыз , байлық үшін бәрін саудалайтын жан.Әңгімеде әке қателігі тізбектеле ,өткен қатліктен сабақ алмауы ,қызы Жаңгүлімнің тағдыр таразысына түскен.Өмірі қым – қиғаш жазылған. Жазушы әңгімені Мүгілісімнің аузынан шыққандай айтқызып отыр. Жаңгүлдің әкесі судыр сөздің ,бүкіл өмірін алуы ақиқаттан емес , өтіріктен тұратын, жөн екенін, сол өтірікті ертегідегідей . Өзі ойдан құрап алғанын шынайы бейнелеген.

Мүгілісім- ана, шайпауыр мінезі , байбалам салғыш, байыбына бармай аттанған болса, шалы – аңқау, атаққұмар, өзіндік ойын ешкіммен санаспайтын , бірбеткей кейіпкер ретінде алған. Екі ағасы бірі – бизнесмен, бірі – бай бола тұра жалғыз қарындасы үшін бәрін салмайтын ез,енжар ретінде суреттелген.

Жазушы әр отбасының басында болатын тағдыр таразысын, сын сағатты жазымышты жәй, ағаларының арасындағы аразды ащы ақиқатпен,астарлы әзілмен шебер суреттеп жеткізген. Айнамен үшбұрыш хат эпитет ретінде алынған.Айна- тағдыр болса, үшбұрыш хат – ақиқат сияқты жазушының ерекше бір қыры осында.

‘’Болған оқиға’’ әңгімесінде әжуә да , әзіл де, ащы шындықта, замана көрінісі де басым да. Әңгіме ‘’Жаубас таң сәріде бақиға аттанып кетіпті’’. Жарықтық ауылдың той- домалағында нарттай қызарып : - Әй мен өлсемде басымды даңғырлатып музыка ойнатып өлермін,- деуші еді’’ 294 бет.

Осы сөйлемнен – ақ мақтаншақ ,атаққұмар доңғаз адамның бейнесі көз алдыңа елестейді. ‘’Астананың төбесімен тіреп тұрған он мықтының бірі – інісі Дәубас’’ . 294 бет

Інісінің қандай адам екенін жазушы бір сөйлемге сыйдырып тұр ?!

Ағасы өлгенін інісіне естірту өте қиынға соғады. Шалдар өзгере шүйіркелесіп , адам атадан бастайық - деп күмілжісе, бірі . Әжесі сахабадан бастайық деп даурығады. Жаубас немересі қол телефонымен ‘’ Аташка умер.Завтра похoрон ‘’ деп хабар жазып қайтты ... Бітті . 295 бет

Бар міндет тез шешімін табады. Әңгіме Дәубастың келуі мен әрі қарай тартымды ете түседі. ‘’ Дәужан – ау ағаңнан айырылып қалдық қой... Ақсұңқар құстай ұшып кетті ғой қолымнан ... екі дүниеде соған риза , күнім жасамаған жақсылық жоқ’’ 296 бет.

Өлгенді жоқтау емес,тіріні мақтауда етеді.

Дәубас қолын сілтеп қалғанда келінінің жоғына сарт етті .Ол, ойбайлай жөнелетін жері тіпті әзілге ұқсас ’’ Ойбай- ау , келмей жатып сабайтындай ағаңды мен өлтірдім бе? Білгің келсе айтайын. Түбіне жеткен – көңілдес қатындары. Соның бәрін құрақ көрпедей қиыстырып , жымын білдірмегенім бе жазығым?!’’ 297 бет .

Келіншектің бар бітім , болмысы мен мінезін аңғаруға болады. Өлімнен бұрын өзін ақтап жатқаны. Дәубастың алдында жасаған жақсылықтарын тізбектеп айта отырып , Дәубас жинақтайды.

-Келін неғып келмеді? - деді бір кемпек кемпір қарап отырмай кемсеңдеп.

-Шетелде. Демалыста 297 бет.

Шетелде демалып жатқаны арқылы бай , мақтаншақ, атаққұмар жан екені айқын көрініс табады. Ендігі кезек жерлеуге келеді .

Ата- бабалары жатқан бетке жерлемекші болады .

Үй іргесіндегі Дәубас жартпай кіре алмай қайтты. Өңмен жатаған , кедей - кепшіктікі екен. Ылғи міңгестіріп салыпты. Кісі жерленбегеніне де көп болыпты. Қурай өсіп шөп – шөңге басыпты.Ол жерге ағасының асыл сүйегін қор етпесін.298 бет.

Дәубастың тоғышер , мансапқор, ақшасы аз, атаққұмарлығының бір дәлелі.Қорым таңдауы ,иманға да, шариғатқада кереғар ұғым жасайды.

Ал алыстау тұрған қорымды таңдап , жол төселген , тал егілген, шет жақтаы зәулім мазарды таңдайды . Ел түсіеіксіз күбірге басады. Дәубастың таңдағаны марқұм інісінің көңілдес қатынының мазары болып шығады. Келіні қарсы келеді,көңілдесінің қасынан қазылған молаға .Дәубас ойлана келе көрші ауданның моласына жерлемек болады. Шариғатқа қарсы пікір қалыптасады. Шариғатта бір адамға екі мола қазбайды. Сілтідей тыңған тыныштықты ауыл әкімінің ойы бұзады. Ағамызды ауыл сыртындағы биік төбеге жерлейік. Жаңа қоныс , таза ауа ‘’Жаубас қыраты’’ деп атаймыз.Мереке сайын оқушыларды басына апарып тәу етеміз,- деп жалпындайды.Жағымпаз, даңғай әкемнін сөзінен – ақ іске –шолақ сөзге- пысық, адамды көз алдына елестетеді.Қазіргі заманның байларының обрызын жинақтаған.

Жазушы заманына қарай адамның өзгерген менмендігін ащы әзілмен жазған. Қазақтың жағымпаз мінезі, елге жағынуда алдына жан салмайтын бірінен – бірі өткен доңғай жандар.Әңгіме ‘’Қой, бу қазақты қой! ‘’ – деп автор сөзімен аяқталып мақтан қуғандарғада айтар сөзі де жоқ екеніне өкінішін білдіреді. ‘’Болған оқиға ‘’атауында өмірде осыған дейін бомаған жайды тілге тиек етеді. Бұл әңгімені жазуда да жазушыға ауыр күрсініспен жазылғаны мәлім. Өмірде екі мола қазып шариғатқа, дінге қарсы әрекетке барған байлардың қылығы. Оқығанда астарлы ойға жетелейді.

Өлгенді жоқтау емес, тірінің қолы үшін жиналған жиындай.

Тақырып таңдауының өзі де қиынға соққан шығар.’’ Болған оқиға ’’ – деуінен ащы ақиқаттың орын алуы , бәсеңеден белгілі. Әйтседе жазушы әр кейіпкердің аузына сөз салып мінез – құлқын ашып білді. Әңгіме жәй, әңгіме емес біржақты баяндау арқылы , бір сырынан тұрмайды. Қазіргі адам бойындағы пендешілікті саралап , доралап жазған. ‘’ Біздің ауылдың амазонкалары ’’. Әңгімесі тіптен қызық оқиғада белгісіз жұртта қалғандай үш әйелдің өмірі баяндалатыны белгілі.Жазушы ауыл өмірінің күйбең тірлігінің өз көзімен көргені ашық тайға таңба басқандай әңгімелеген . Әр кейіпкердің өміріне жеке тоқталып , тағдырда, жазылымын да, алданыш та, бәрі – бәрі тізбектеледі. Сөздің шебері ,ерен суреткер екені белгілі .Заман ,адам, жазымыш болса бірде:Әлеуметтік жағдай қоғамдық топ тағдыр , енді бірі:амалдың жоғынан шарасыз халге тап болған адам, сенгіште аңғал ауыл адамдарының бейнесі кесе көлденеңдейді.

‘’ Біздің ауылдың амазонкалары’’ тақырыпты дөп басып таңдап алжиын деген .Сарказым , сатира,әзіл араласқан .

‘’ Теңіз тамағына төніп отырған үш үй еді.Иелері – тоқтасқан үш әйел.’’ 316 бет

Үш әйелдің тағдыры мен тұрмыс тіршілігінен хабар беретіні айдан анық.

Бұл үш әйелдің: бірі Айман,Қарғаш, Бибі. Бибінің түсінен үшеуінің жас кезегі өмірінен үзінді келтіреді.

Алдамшы жастықтың кесірінен ауыл өміріне етене ерте араласып қояды. Партияның тапсырмасы ‘’Мен комсомол жастар’’ бригадасының ұйып төккен уәдесіне сеніп, жастай ауыл өміріне етене араласып, кете барды.Үшеуінің жас кезіндегі армандары бар екенін; Айман – әнші , Бибі – тігінші , Қарғаш – ұстаз болғысы келгенің жазады.Армандары сол ауылда қалады, сауыншы болады. Айман тракторист жігіттің етегінде, Қарғаш водовоз айдайтын жігітке тұрмысқа шығады. Бибі үйленби кәрі қыз атанады.

Үш тағдыр,үш мұңлық,үш жанның сыры ақталады.Әңгімеде Әлидің өмірінен қызықты. Көріністер белең алады.Әңгіме бірде Бибінің,бірде Айманның, бірде Қарғаштың сөзімен баяндалады. Әлидің серкені сою тіпті қызқты болады. Күзге салым қонақ шақырып Әли семіз серкесін сойған . Аяғын байлап пышағын қайраққа жонып – жонып тамақтан бір тартып жібергенде сол қолының бас бармағы аңдаусыз әлгінің аузына ілініпті. Азу тіске түсіпті . Малға да жан керек. Тыпырлап жатып шайнап тастапты.

Серке мен Әлидің бақырған қатар шықты. ‘’ Қапелінде қайсысы қайсысын сойып жатқанын білмей қалдық’’ , - деп көрші көлең әлі күнге күліседі дейді. Қолында тигенде , бас бармақтың ауыруы асқынып, ақыры қолын кестіріп тынған. Елге- жұртқа Әли - шолақ атанған. 319 бет

Әли – аңқау , шаруаға бейімсіз , епсіз екенін іс- қимыл әрекетінен дәлелдеп тұр . Әли – суайт ,мақтаншақ.

-Қақаған қыста Сібір ормандары өртенді,-деді сауыншы қыздарды таң – тамаша қалдырды.

-Жалғыз өзім арпаластым. Күндіз- түні жүгіріп жүріп сөндірдім.321 бет.

Айтатыны ерлік, істеп жүргені ездің әрекеті. Көрші ауылдағы Уәсилаға үйленеді. Уәсила ауданға барып Әлиге қызмет сұрайды. Батырдың сыры ашылып , орден деп өңіріне таққаны дүңгіршептерде сатылған , значоктары еді.

Үшеуі қамап қойған сиырларға келгенде Әли- қарауыл сексен мың төлейді . Үшеуі Әлиді шөп беріп ұстап, байлап тастайды . Әйтеуір Әли әрең босап, қамысқа қарай қашып кетеді . Осы кеткеннен Әли оралмайды. Уәсила сендер мені көре алмай, әдейі қудындар деп өзінше байбалам салады. Қамысты бір – бірлеп бүкіл ел іздейді. Әли сол кеткеннен оралмайды.

Әңгіме аяқталмай қалғандай, әсер қалдырады.Әңгімені оқығанда сатиралық образдар жиынтығы. Жазушы бір арнаға тоғыстырғандай.

Үш әйелдің мұны емес, бүкіл бір ауыл өмірінің күйбең тірлігінің жиынтығы. Сөзбен суреттегенде – жазушы, кейіпкерлерін іс –әрекеті арқылы мінезін аша білді. ‘’Тоқтышақ’’ әңгімесінде бала мұны , іштегі әженің зары ,ауыл өмірінің аласапыран тағдырын жазған.

Әңгіменің басталуын өзі ашөзек түлкінің ауыл маңын жортуы .

‘’ Тоқтышақ қарға аунай- айнай жаны өрттей боп жанып бара жатқан түлкіні бұл жолы да аңдап қалды’’83 бет

Тоқтышақтың бала көңіоіне қаяу салып, әжесінің мына сөзі баланың анасы хабардар бергендей.

-‘’ Қаладағы бай шыдатпай жүрген шешеңе жібер. Төбесі жұқарып, миы сұйылған. Малақай істеп кисін. ’’83 бет

Тоқтышақтың түлкіні көріп аяуы, әзірге жүре тұр – деді бүкіл қағып бара жатқан түлкіге торша бала тіл қатып . 83 бет

Тоқтышақ баланың мінезі жұмсақ , мейірбан , сенгіш. Әжесі өмірге күйінген , тағдырға көнбес жан.

-Қыз баққаннан қарға жиып бақсамшы...Бірінен тірілей, бірінен өлімей ой –ры-лып! 84 бет Отбасының тынышын бұзып , Монтер ағасы әйелімен шу шығарады. Осы өмірдің бәрі баланың балалығын ұрлағандай. Үйдің берекесін қашырған ұрыс , әжесінің зарлы үш үні, күніренген кейіпі.

-Тез жиналыңдар! Бурана пішеміз . Нәлет ! 84 бет

Бураның не жазығы бар ? – десе . Енді бірі Пішінбайдан көреді. Себебі , тыныш малын жайлап жүрген шалды періліп бастық. Қыстақ ауылдарымен көмекке шақырады. Мініс атын аяп, бура өркешті түйені жібереді. Шал бураға мініп , қылышымен суырлата бергенде. Шалдың аяғын шайнап , құлатып төс табанымен езгілеп , шал жантәсілім етеді .

Кім кінәлі? Пішенбай ме ?

Әлде ажалы бурадан кемен бе ?

Шалдың өзі жиынтық бейне .

Аңқау шал , ашық , аққөңіл бейне , еңбекқор , шаруға бейім .

Жекешелендіру келіп тиіскенде бөліскем түскен ұсақ малды өсіріп , төлді көп алады. Тәжірибие алмасамыз деп келгендерге ,

Әр кейіпкері бір өмірдің , бір тағдырдың жаршысы.’’ Болған оқиға ’’ әңгімесінде аты – аталып , түсі түстелмеседе ‘’ Дәубас ’’ , ’’ Жаубас ’’ – деп атады. Қаламгердің өзі ойап тапқан есімдері. Астарлы ойға жетелейтін , өмірдің өзінен алынған оқиға болғанымен , кейіпкерінің есімдері ойдан алынған.

Қаламгер ауыл өмірінің жаршысы , жанашыры, ауыл өмірінен ете таныс , өмірден болған оқиғаларды ретімен , әрі қызықты етіп әңгімелеген .

Әйтседе , әдебиет сынның- ісі.

Сыни тұрғыда алсақ ақ пен қараның айырмасын тараыға салып өлшегендей жазылған шығармалар.

Адам – тағдыры әңгіменің өзекті мәселесі. Тағдырдың өзіне баршалық пенде .

Рақымжан әңгімелерінің кейіпкерлері. Ауыл өмірінен алыстап кеткен жандар емес, жаңа өмірге бет бұрған жастар емес. Қара қамының қамын ойлаған жандар емес. Ауылдың иісі аңқыған аңқау да , жүрегі таза пенделер. Қателікке ұрынсада өмірден бас кешкен емес. Көмбіс жандар жазушының еңбекқорлығы, сөзге шешендігі , тіл байлығы ауқымды ойды саралайды.

‘’ Рақымжан Отарбаев қазақ қаламгерлеріне үлгі ететін тұлға .Ауыл өмірінің - айнасы . Ащы заманның – ақиқат жаршысы. Әр әңгімесі бір - көрініс . ’’

Қайнаған өмірдің базарында , қаймықпаған . Тағдырдың талқысында тарынбаған, Сын сағатта , сынаққа төзе білеген. Әңгімелерімен Рақымжан әрқашанда ортады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!