Материалдар / Расул Ғамзатов. «Ана тілі» өлеңі. Автор бейнесі. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Расул Ғамзатов. «Ана тілі» өлеңі. Автор бейнесі. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2024
356
5 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

«Ана тілі» тақырыбы, идеясы, көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;

эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу. Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.Түстерге қарап оқушыларға психологиялық мінездеме беріледі.

« Жүректен жүрекке» әдісі

Топ бір-біріне тілектерін білдіріп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Миға шабуыл сұрақтары:

1.Расул Ғамзатов қай жылы,қай жерде дүниеге келген?

2. Қай жылдан бастап өлең жазды,алғашқы кітабы қашан жарық көрді?

3. Шығармаларының тақырыбы қандай?

4. Расул Ғамзатовтың шығармаларын аударғандар?

Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері




Жаңа білім



1-тапсырма

«Түртіп алу стратегиясы»

Жеке жұмыс



2-тапсырма

Сәйкестендіру.

Жұптық жұмыс














Өзіңізге таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп,
мағынасын түсіндіріңіз

  • Ассамблея –

  • Аварша –

  • ... -

... -

Берілген үзінділерді білдіретін мағынасымен сәйкестендіріңдер. Әр жұп берілген үзінділердің толық 1 шумағын жаттап, ортаға шығып, бүтін бір өлеңді сюжет желісі бойынша жатқа айтып шығады.

Адам деген не көрмейді түсінде,

Жатыр екем бүгін қабір ішінде

(Екі адам әңгімесі)

Мен жатырмын қара жерге табына,

Жоламайды келмейді ешкім маңыма

.(Тосын үн)

Бір дауысты естіп қалдым кенеттен

Естідім мен осы арадан үнін де

Екі кісі сөйлесті авар тілінде

.(Тілді сүю)

Ғасан деген бір кісінің қулығын,

Али деген бір кісінің сұмдығын

.(Жалғыздық)


Естідім де сөзін ана тілімнің,

Бойым жылып лезде мен тірілдім.

Қабір іші)


Мен жаныммен сүйем осы тілімді,

Ана тілі ұлы менің өзіме

Тіл құдіреті)



Дескриптор:

  • мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызады;

  • мағынасын түсіндіреді.


Дескриптор:

-өлең үзінділерін мағынасымен сәкестендіреді;

-орта көлемді үзінділені жатқа айтады


Сергіту сәті

«Мінез жәрмеңкесі»

Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Оқушы өзінің қай мінезін сатып, қандай мінезді кімнен сатып алатынын атады. Яғни жаман мінезін сатады, жақсы мінезді сатып алады.



Сабақтың ортасы

.


3-Тапсырма

Топтық жұмыс

.

Төмендегі үзінділерде автор бейнесінің қалай көрінетінін төмендегі сызба арқылы көрстеіңдер.

1-топ,Мен жатырмын үнсіз туған жерімде,

Балғын тәнім жер болады менің де.


2-топ. Естідім де сөзін ана тілімнің,

Бойым жылып,лезде мен тірілдім.


3-топ. Егер тілім ертең болса құрымақ,

Мен дайынмын өлуге де бүгін ақ.


4-топ. Аварша бір жазып қойған құлыптас,

Тұрса ауылда аварлар да ұмытпас


Автор бейнесі

Сыртқы бейнесі

Іс-әрекеті

Сөзі, пікірі

Көңіл-күйі

Мінезі










Дескриптор:

- поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды, талдайды

ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы бағалау.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Бекіту

3-тапсырма. Сынып

Ауызша орындалады

Берілген суреттер мен өздерің білетін ақпаратты пайдаланып, қазақ пен авар халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүріндегі ұқсастықтарды салыстыра айтыңдар.



Үй тапсырмасы

Досыңа осы өлең жолдарын оқу туралы ұсыныс хат жаз.



Рефлексия

Рефлексия.

Кері байланыс. «Мидың суретін сал» әдісі

-Мидың ішіне сабақтан түсінген тұстарын жазады;

  • -Мидың сыртына түсінбеген тұстарын жазады
































Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!