Материалдар / Рубинштейннің тұлға тұжырымдамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рубинштейннің тұлға тұжырымдамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттермен жас мамандарға керекті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тұлға теориялары
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд
1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің
«психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға
болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға жəне психопаталогия
теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық əдісі; 3)Индивидиумның саналы
түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін əдісі. Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында
З.Фрейд тұлғалық ұйымдастырылудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель
бойынша психикалық өмірдің 3 деңгейін бөлуге болады: сана,
парықсыздық(подсознательность) жəне бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен
үлесі – бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу əдісін
қолдануды үйретуі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен əсерлерден
тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сəтте
сезілмейтін тəжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін
жəне сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта
тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту жəне
инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға
ұмтылу жəне агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд
өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке
бөлді: ид, эго,жоғарғы эго. «Ид» латынның «Ол» сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша
«Ол» тұлғаның қарапайым, инстинктивті жəне тума аспектілерін білдіреді. Ид
бейсаналықта өмір сүреді жəне инстиктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы,
т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз
байланысты. Фрейд бойынша, ид – ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нəрсе.
Фрейд идті ағзаның соматикалық жəне психикалық процестері арасындағы нəрсе деп
қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді,
рефлекторлық əрекет жəне алғашық процестер. «Эго»(латын. «Эго» - «мен») шешім
қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы
əлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға иырысты. Эгоның қызметі –
ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау. «Жоғарғы Эго» (латын. «super» -
«жоғарғы» жəне «ego» - «мен»). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сəйкес
құндылықтар, нормалар жəне əдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы
«əлеуметтену» процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша «жоғарғы эгоның»
қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд «жоғарғы эгоны» екі жүйеге бөледі:
ар-ұят жəне «эго-идеал». Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады,
ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі – бұл эго-идеал. Инстингтер. Фрейд инстингтің
екі негізгі тобын мойындады: өмір жəне өлім инстингтері. Бірінші топ (Эрос) өмірге
маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір
инстингтерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын
мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстингтердің орнын
айқындайды. Сексуалды инстингтердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп
атайды. Екінші топ – өлім инстингтері, яғни танатос-қатігездік, агрессия, суицид жəне
біреуді өлтірудің барлық көріністері. З.Фрейд «өлім-инстингтері – өмір инстингтері
секілді адам мінез-құлқын реттеуші биологиялық түрде шартталған» деп есептейді.
Тұлғаның дамуы үшін З Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған,дамудың
психоаналитикалық теориясы екі алғышартқа сүйенеді.Бірінші немесе генетикалық


Page 2

алғышарт бойынша,ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның
қалыптасуында үлкен рөл атқарады.З Фрейдтің ойынша,индивидиум тұлғасының негізі
өте ерте жаста,яғни бес жасқа дейін қалыптасады.Екінші алғышарт бойынша,адам
сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді.Бұл қуаттар өзінің дамуында бірнеше
психосексуалды деңгейден өтеді. З Фрейд сексуалды тұлға дамуының төрт деңгейін
көрсетеді: оралды, аналды, фалистік жəне гениталды.Баланың 6-7 жас аралығын
жыныстық дамудың бастамасы деп қарастырған, ол бұл кезеңді латенттік кезең деп
атайды.Бірінші үщ деңгей туғаннан бес жасқа дейінгі аралықты қамтиды. З.Фрейд оны
прегениталды деңгей деп атайды.Өйткені жыныс мүшелерінің аймағы тұлға
қалыптасуында əлə басты рөлге ие болмайды. Төртінші деңгей пубертанттық кезеңнің
басталуымен дəл келеді.
Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері
Деңгейлер Жас кезеңі Либедоның шоғырлану аймағы Осы даму деңгейіне сəйкс
міндеттер мен тəжірибелер
Оралды 0-18 ай Ауыз(ему,тістеу, шайнау) Арылу.Өзін анасының денесінен болу
Аналды 1,5-3 жас Анус Дəрет алуға үрету (өзін өзі байқау)
Фалистік 3-6 жас Жыныс мүшелері Өзі еліктейтін сол жыныстағы ересек адаммен
теңесу
Латентті 6-12 жас Қажеттілігі жоқ (сексуалды əрекетсіздік) Құрдастарымен əлеуметтік
байланыстың кеңеюі
Гениталды Пубертант (жыныстық жетілу) Жыныс мүшлері (гетеро сексуалды
қарым-қатынасқа икемділік) Интимді қарым-қатынастар құру немесе ғашық
болу;қоғамға өзінің еңбегімен кірістер келтіру
Қобалжудың түрлері: Реалистік қобалжу Қорқытуға эмоционалды жауап немесе сыртқы
əлемнің реалды қауіптерін түсіну (мысалы, қауіпті жануаорлар немесе мемлекеттік
емтихан тапсыру) реалистік қобалжу деп аталады. Невротикалық қобалжу Ид жағынан
келетін бағынбайтын импульсмтарды саналы түрде сезіну қаупіне эмоционалды
жауапты болу невротикалық қобалжу деп аталады. Моральды қобалжу Эго
суперэгодан жазалау қаупін сезінгендегі эмоционалды жауап моральді қобалжу деп
аталады. Эгоның қорғаныс механизмдері Ығыстыру. З.Фрейд ығыстыруды эгоның
алғашқы қорғанысы деп қарастырады. Ығыстыру қобалжудан кетудің тура жолын
қамтамасыз етеді деп есептейді. Оны кейде «мотивтендірілген ұмыту» деп те атайды.
Адам өзіне қайғы əкелетін ойлар мен сезімдерді санасынан ығыстырады.Бірақ
З.Фрейдтің ойынша,ығыстырылған ойлар мен импульстар өздерінің белсенділігін
беисаналылықта жоғалтып алмайды.Ол ығыстырылған ойлар күндердің күнінде қайта
жаңғырып шығады дейді. Проекция: Проекция – ығыстыруға ілесетін қорғаныс
механизмі. Проекция механизмінде адам өзінің негативті ойларын, сезімдерін жəне
мінез-құлықтарын басқа адамдардан немесе қоршаған ортадан көреді. Сөйтіп, өзінің
кемшіліктерін, кінəсін басқа біреулерге тағады. Орын басу: Бұл қорғаныс механизмі –
адамның ұмтылыстары мен сезімдерінің басқа обьектіге ауысуы. Мысалы, агрессивті
импульстар, өзге қауіпсіз обьектіге ауысады. Рационализация: Когнитивті бұрмалау
көмегімен адам өзінің дұрыс емес əрекеттерін, жағдайларын ақтау үшін əр түрлі
өтірікті, бірақ кешірімді себептерді тауып алады. Рационализация əр түрлі формада
кездеседі. Кейде адам əр түрлі тығырыққа тіреліп, дұрыс емес іс-əрекетін ақтау үшін
сылтаулар іздейді. Реактивті құрылым: Əдетте, қобалжуды тудыратын күшті
импульстарды ығыстыру қарам-қарсы тенденциялармен жүреді. Ол қрғаныс


Page 3

механизмдерінің құрылымы. Қорғаныс реактивтілігінің құрылуы – бар ұмтылыстарды
басып тастап, оған қарама-қайшы мінез-құлықтарды əсірелейтін қорғаныс механизмі.
Регрессия – адамның жасына келмейтін мінез-құлығы. Сонымен, бұл қорғаныс
механизмі – адамның балалық мінез-құлықтық модельдеріне қайта оралуы арқылы
қобалжуды жұмсарту. Сублимация: З.Фрейд бойынша, сублимация адамның жасырын
импульстарын əлеуметтік ортаға байланысты басқа нəрсеге ауыстыруы, яғни, адам
өзінің сексуалды қобалжуларын əлеуметтік орта дұрыс қабылдайтын іс-əрекеттерге
ауыстырады. Теріске шығару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны
мойындамай, бас тартса, теріске шығару деп аталатын қорғаныс механизмі жұмыс
істейді. З.Фрейдтің ойынша, қобалжу инстинктивті импульстардан шығады, Эгоны
болатын қауіп-қатерден сақтайтын сигналдардың рөлін атқарады. Оған жауап ретінде
эго жоғарыда көрсетілген қорғаныс механизмдерінің тізбегін қолданады. Қорғаныс
механизмдері саналы түрде сезілмей, əрекет етеді, жəне индивидиумның шындықты
қабылдауын бұрмалайды
2)К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы К. Г.Юнг (1875-1961) – Швецар психологы,
психиатры, мəдениет танушысы,«терең» психологияның практигі, психологияның
«аналитикалық психология» деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пəндермен
қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда
З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі
психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылыста. Ұзақ мерзімді
зерттеулер нəтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол
теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырады.
К.Юнгтың кəсіби əрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер жəне оның субъект
үшін мəні туралы сұрақтар қамтыды.
З.Фреид көз қарастарымен сəйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.
Біріншіден,З.Фрейд бойынша,либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы
ретінде қарастырылады,ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу
жəне эротикалық қызығуды сыртқы орта объектілерінен ішкі əлемге аудару
салдарынан болады деп есептесе,К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тəуелсіз
жалпы психикалық ауытқу сексуалдықты ығыстырудан басқа да,сыртқы ортамен
байланысты жоғалтуға əкелетін жəйттармен анықталады деп көрсетеді. Екіншіден
З.Фреид бойынша,невроз ерте балалық шақта пайда болады,оның негізгі факторы
эдинкомплекстер,фантазиялар мен қалаулар болатын болса,К.Юнг бойынша невроз
себебі бүгінгі күн жағдайларында,ал балалық фантазиялар-екінші жоспарда.
Үшіншіден,З.Фреид бойынша,түс көру-жанаматүрде көрініс беретін шынайы
жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар,К.Юнг бойынша,түс
көру-психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал,ол түсінуге өте
қиын символдық тіл арқылы беріледі жəне оның орындалмаған қалаулармен
байланысты болуы міндетті емес.Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы
болуы да мүмкін. К.Юнг бойыша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады; 1)саналы:
2)индивидуальды бейсаналылық: 3)ұжымдық бейсаналылық. Тұлға
құрылымында,оның дамуында негізгі рөл атқаратын-ұжымдық бейсаналылық
бөлім.Бұл-бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.Бұған тарихи қалдықтар мен
естеліктер енеді. Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы
жақындай аламыз.Бұл беисаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес.Бірақ оның


Page 4

санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз.: 1)Жеке адамға тəн: 2)Бүкіл
адамзатқа тəн:
Persona
Саналы бөлім


Индивидуалды бейсаналық
Ұжымдық бейсаналық


Persona, Юнг бойынша, «Мен» - нің визит карточкасы болып табылады. Persona –
қоғамда өзін көрсетудің жолы, белгілі бір əлеуметтік мінез, əлеуметтік рөл жиынтығы.
Ego – сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Ego саналылықты сезінеді,
тұлғаның ойлары мен əрекетінің ретін, сана мен санадан тыс əрекет байланысын
қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады. Көлеңке
– бұл əлеуметтік стандарттармен сəйкес келмейтін сана асты армандар. «Көлеңке» -
индивидуалды бейсаналық сферасының орталығы, мұнда əлеуметтік стандарттармен,
иделдармен сəйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар
мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді. Өмірде біз өзімізді персонамен
теңестіреміз, ал көлеікеге мəн бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғұрлым саналы болса,
тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке –
эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның, инстинктердің
шығармашылық бастауының көзі. Көлеңкенің тамыры терең, ол бейсаналы сферамен
байланысып жатыр. Анима жəне анимус – индивид үшін жағымсыз бейсаналы деңгейге
ығыстырылған адамның өзіндік əйел немесе ер адам ретінде түсінігі. Анима ер
адамдарда феминистік, ал анимус маскулиттік мазмұнға ие. К.Юнг бойынша, əрбір ер
адам өзінің терең ойларында, өзінің бейсаналы сферасында өзін – əйел ретінде, ал
əйел өзін ер адам ретінде сезінеді. Бұл бейне бейсаналы болғандықтан, ол санадан
тыс түрде өзі таңдаған əел адамға проекциаланады. Өзіндік тұтастық (самость) –
обьективті «мен» деген сөз. Бұл тұлға тұтастығының архетипі. К.Юнг бойынша өзіндік
тұтастық бүкіл тұлға тұтастығын білдіреді. Саналы жəне санадан тыс деңгейінде
бір-бірімен қарыым-қатынаста болуы тиіс емес, олар бір-бірін толықтыра отырып,
өзіндік тұтастық құрайды. (қалыптастырады.). Егер «Ego» сана орталығы блатын
болса, онда өзіндік тұтастық – «мен» орталығы болады. 3)К.Юнг бойынша сана жəне
бейсаналы сфералар қызметі. К.Юнг бойынша, психлогия – негізінен, сана туралы
ғылым, сондай-ақ ол бейсаналы сфераның өнімін де зерттейді. Сана - өз табиғаты
боынша ерекше дискреттік құбылыс. К.Юнг бойынша сана терең өлшемсіз, санадан
тыс кеңістіктің сыртқы қабықшасы тəріздес. Сана өте тар, ол-белгілі бір дəрежеде
қабылдау мен сыртқы ортаға бағдарланудың өнімі. Сондай-ақ, санадан пайда болатын
зат бірден саналанбады. К.Юнг сананы психологиялық фактордың эгомен байланысы
ретінде түсіндіреді. К.Юнг бойынша, санада бірнеше функциялар шоғырланадыы.
Функциялар эктопсихологиялық мүмкінкіндігін қамтамасыз етеді. Эктопсихология - сана
мен сырттық ортада келетін мəліметтер арасындағы байланыс жүйесін.
Эндопсихология- сана мазмұны мен санадан тыс сфераға келіп түсетін процестер
арасындағы байланыстар жүйесі. Бұл диеграммадағы ең перифериялық қызмет түйсік
болып табылады. Түйсік – сыртқы ортадағы қандай да бір обьект туралы сезім


Page 5

мүшелері арқылы алынатын түсінік. Келесісі – ойлау. Ойлау қызметі арқылы түсінген
нəрселер дифференцияланады, оларға сөздік атау беріледі. Сезім арқылы қандай да
бір заттың құндылығы туралы ақпарат алынады. К.Юнг бойынша, сезім – рационалды.
Төртінші қызметі – интуиция (сезіну), сезім мүшелері арқылы емес, санадан тыс сфера
арқылы қабылдау түрі. Осы қызмет арқылы эктопсихологиялық жүйені құрайды.
Эндопсихологияның бірінші қызметі ес болып табылады. Ес санадан тыс деңгейге
ауысқан, ығыстырылған мəліметтермен байланысты қабылданады. Екінші қызмет –
қызметтің субьективті компоненті. Функцияның субьективті қызметі қандай да бір
əрекет етуге, реакция көрсетуге деген алдын ала бейімдік. Үшінші қызмет – инвазия.
Инвазия саналы жəне ерік, жігер арқылы қадағалау өте төмен болып табылады.
Мұндағы эмоциялар, эффектілер үлкен күшпен бақыланады, оларды басу арқылы ғана
қадағалай аламыз. Психиканың келесі деңгейі – индивидуалды бейсаналы деңгей,
индивидуалды тəжірибеде жинақталған, ығыстырылған мазмұндар. Индивидуалды
бейсаналы сфера субьективті болып табылады. Ұжымдық бейсаналы деңгей –
архетиптердің немесе динамикалық бейнелердің жиынтығы. Бұл ескі бейнелер бір
деңгейде: əрі аффективтілікті, əрі когнитивтілікті білдіреді. 4)Альфред Адлердің
тұлғаның индивидуалды теориясы Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Венада
дүниеге келген. А.Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады.
А.Адлер психологиясының негізгі алғышарты – оның өз теориясына «индивидуалды
психология» түсінігін енгізуі (лат. “individum” – «бөлінбейтін»). Индивидиум дене мен ми
арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да
бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі индивидуалды өмір
стилінің бірлігі, бүтіндігі, əлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-əрекеттің
мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А.Адлер бойынша адамдар
əрқашан жетуге құштарланады, олар əрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге
асыруға тырысады. Оның ойынша барлық адамдар шығармашылық күшке ие жəне осы
шығармашылық күш адамның əрбір тəжірибесіне əсерін тигізеді. Ол əрбір адамды
өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз өмірінің сəулетшісі қылады. «Индивидуалды
психлогия» индивидиумды қоғамға қосылған қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады
жəне зерттейді. А.Адлер теориясының басты мақсаты – адамның барлық жүріс-тұрысы
əлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мəнін түсіну тек қана əлеуметтік
қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дəлелдеу. З.Фрейдке
қарағанда, А.Адлер тұлғаның əлеуметтік қызығушылығын қалыптастырады. Оларды
жеті бөлікке бөледі: 1)Толымсыз сезім жəне компенсация; 2)Жетілуге құштарлық;
3)Өмірлік стилі; 4)Əлеуметтік қызығушылық; 5)«Мен» щығармашылығы; 6)Туылу
тəртібі; 7)Фукционды финализм; З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары
А.Адлер «толымсыз» мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір
адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда
тез жұқтырады. Оның ойынша əрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына
қарағанда, əлсіз болады. Сонымен қатар əрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған
немесе дамыма қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы əлсіз
адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсайиялауға тырысады, компенсация процесі
психологияда орын алады. Сонымен А.Адлер «толымсыздық комплексі» терминін
енгізіп, балалық шақтан өзінің бастауын алады. Оның оынша, барлық балалар
толымсыздық сезімін бастан кешіреді, яғни ол – физикалық жетіспеушілік жəне
мүмкіншіліктері мен күш-қуаттың аздығы. Осы толымсыз сезімнің пайда болуы аса


Page 6

басымдыққа жетудегі ұзақ күрестік бастамасы болып табылады.А.Адлер
тұжырымдамасы бойынша, аса басымдыққа құштарлану адам өміріндегі негізгі
мотивтік күш болып табылады. Адлер қайғы-қасіреттің үш түрін бөледі: Мүшенің
толымсыздығы; Баланы асырау; Ата-ана жағынан балаға теріс қарау; Толымсыздық
сезімі аса басымдыққа ұмтылуға шақырады, ол əрекеттер мен ниеттерді «мақсатты
жеңіске» бағыттайды. Толымсыз комплекске қарама-қарсы «аса артықшылыққа»
ұмтылу деп аталады. Бұл кезең – өзінің физикалық, интеллектуалды жəне əлеуметтік
қабілеттерін арттыру кезеңі. Артықшылық мақсаты жағымды жəне жағымсыз болуы
мүмкін. Аса артықшылықты иемденген адам көбінесе эгоист, мақтаншақ, өзін-өзі
жоғары бағалайды. Егер ол қоғамдық қамқорлықты жəне басқалардың өмірін
жақсартуға құштар болса, онда индивидтік жақсы дамуы жайлы айтуға болады. Бірақ
кейбір адамдар жеке басының жақсылығын олайды, сол үшін күреседі, олар
басқалардан биік тұруға тырысады. «Эго»(латын. «Эго» - «мен») шешім қабылдауға
жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы əлемге
байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға иырысты. Эгоның қызметі –
ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!