Жақсылық
Інжумаржан
Қостанай
облысы әкімдігі
«Жангелдин ауданының білім бөлімі
Аманкелді
атындағы ЖББМ» КММ- нің
8 – сынып
оқушысы.
Жетекшісі: Сәнімгүл Сәкенқызы,
Қостанай
облысы әкімдігі
«Жангелдин ауданының білім бөлімі
Аманкелді
атындағы ЖББМ» КММ- нің
қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Бейімбет Майлин
шығармаларында фразеологизмдердің
қолданылуы
Мақалада Б.Майлин
шығармаларында кездесетін фразеологизмдерді екі топқа бөліп
қарастырдық.Фразеологизмдердің Б.Майлиннің шығармаларындағы алатын
орнына тоқталдық.
Кілт сөздер: Бейімбет Майлин
шығармалары, фразеологизмдер, тұрмыстық фразеологизм, әлеуметтік
фразеологизм.
Бейімбет Майлин – қазақ
әдебиетінің классиктерінің бірі, ол қазақ тұрмысы мен қоғамының
бейнесін терең әрі шынайы суреттей білген жазушы. Шығармаларында
халықтың тілі мен рухын бейнелейтін түрлі әдеби тәсілдер
қолданылған.Олардың ішінде фразеологизмдер – жазушының
шығармаларына ұлттық колорит беріп,оқырманды қазақ халқының
өмірімен жақын таныстыратын маңызды элементтердің
бірі.
Б.Майлиннің шығармаларында фразеологизмдер негізгі
әдеби құралдардың бірі ретінде жиі кездеседі. Фразеологизмдер – бұл
белгілі бір ұғымды немесе жағдайды білдіретін тұрақты сөз
тіркестері. Олар халықтың өмір сүру салтын, мінез-құлқын,ой-санасын
бейнелеп қана қоймай, жазушының кейіпкерлерінің тілін шынайы,әрі
мәнерлі етеді.Қаламгер фразеологизмдерді
шебер қолдана отырып,халықтың өмірін,күнделікті тұрмыс-тіршілігін
бейнелейтін кең ауқымды көркемдік құрал
жасаған.
Оның тілдік қоры халықтың
ауызекі сөйлеу тілінен алынған фразеологизмдермен молынан
толыққан.Фразеологизмдер арқылы кейіпкерлердің мінезін, олардың
ішкі жан дүниесін ашуға көп көңіл бөлген.
Фразеологизмдер Б.Майлиннің
тілдік стилінің ажырамас бөлігі ретінде қызмет етеді. Олар
кейіпкерлердің сөйлеу тілін жандандырып, шығарманың эмоционалды
әсерін арттырады.Жазушы өз шығармаларында қарапайым халықтың сөйлеу
мәдениетін шынайы көрсетіп, сол арқылы оқырманды терең әсерге
бөледі. Б.Майлин қолданған фразеологизмдерді бірнеше топқа бөлуге
болады: тұрмыстық, әлеуметтік, саяси және мәдени тақырыптағы
фразеологизмдер. Әрбір фразеологизм белгілі бір дәуірдің, халықтың
дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, шығарманың көркемдік құндылығын
да арттырады. Мақаламызда жазушының «Шұғаның белгісі», «Жалбыр»
повестері, «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіндегі
фразеологизмдерді тұрмыстық және әлеуметтік фразеологизмдер деп екі
топқа бөліп қарастырдық.
Тұрмыстық фразеологизмдер –
халықтың күнделікті өмірінен, тұрмыстық жағдайларынан алынған
тұрақты сөз тіркестері. Олар қарапайым тіршілікті сипаттай отырып,
белгілі бір мағыналық реңкті береді. Мысал ретінде келесідей
фразеологизмдерді келтіруге болады:
«Жанды қарға жоқ»- тірі жан
көрінбейді деген мағынаны білдіреді.
«Жанды қарға
жоқ»[1.9].
«Үріп ауызға салғандай» - аса
әдемі,сүп – сүйкімді[2.551]. «Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті –
ақ еді... ақ құба, талдырмаш, көзі қап –қара,
осы, үріп ауызға
салғандай еді»
[1.12].
«Төбесі көкке жеткендей» -
қатты қуанды, шаттанды,қуанышын тасытты мағынасын білдіреді
[2.512]. «Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей
болды» [1.13]. «Төбем көкке
тигендей болып қуандым»[1.31].
«Ат жетер жердегі» - ұзақ жол,
алыс жер; атпен жететін жер мағынасында[3.58].
«Ат жетер
жердегі бай балалары мүлде түңіліп
болды»[1.13].
«Жүрегім тас төбеме шықты» -
қатты үрейленді, шошып кетті, қорықты [2.217]. «Біреуі орыс
секілді, менің жүрегім тас төбеме
шықты»
[1.28].
«Айызы қанды» - қалауы
орындалды. «Менің әжем Әбдірахман үшін ботадай боздап жылап
жүргенде, айызы
қанған адамша табалап насаттанып
тұрғандары болды...»[1.29].
«Суық суды төбемнен құйып
жібергендей болды» - таңқалу , шошу, күтпеген жағдайдан қатты әсер
алу мағынасында.«Суық суды төбемнен құйып
жібергендей болды»
[1.33].
«Жүрегі зыр ете түсті» -
бірден қатты шошыды; кенет қатты қорықты [2.215].«Ай таңба қолына
білінді десе,Смағұлдың жүрегі зыр ете
түседі...»[3.50].
«Жаны тырнағының ұшында болу»
- өте қорқынышты, ауыр жағдайда болу мағынасында.«Қонақты
аттандырып жібергенше қарауыл қараған секілденіп,
кемпірдің жаны тырнағының ұшында
болатын еді»
[3.55].
«Құлақ түру» - зейін салды
[2.361]. «Не сұрар екен деп құлағыңды түре
қойсаң...»
[4.110].
«Жүрегіне беріш болу» - жанына
бату мағынасында қолданылған. «Үйткені «көк сиырдың дауы»
Дайрабайдың жүрегіне беріш
болып қатқан тәрізді»
[4.113].
«Тына қалды» -
тынышталды.«Жұрт жеңілгендей тына
қалды»
[4.113].
«Түтін түтеттім» - отбасын
құру. «Өзім сияқты кедейдің бірі болып
түтін
түтеттім»
[4.113].
«Жан мұрынның ұшына келді» -
үрейлену. «Жан мұрынның ұшына
келді»
[4.115].
«Салы суға кету» - іс –
әрекетінің нәтижесіз болуы. «Бірақ ақша жоқ, кім
берсін, салым суға
кетіп үйге келіп отыр едім, қатын
мазаны ала түсті...» [4.115].
«Тамырын ашты» - нақты, шынайы
себептерін, ішкі жағдайлардың негізін түсіндірді. «Кінәні ауданға
артам, ауданның өкілдеріне артам, - деп елде істелген бірсыпыра
жолсыздықтардың Жасыбай тамырын
ашты...»
[4.121].
Бұл фразеологизмдер тұрмыстық
өмірдің ерекшеліктерін білдіріп, қазақ халқының күнделікті
тіршілігінен туындаған. Б.Майлин шығармаларында осындай
фразеологизмдерді шебер пайдалану арқылы халық өмірін терең әрі
шынайы көрсетуге тырысқан.
Әлеуметтік фразеологизмдер –
қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын, олардың әлеуметтік жағдайын,
мәртебесін немесе қоғамдағы орнын бейнелейтін тұрақты сөз
тіркестері. Олар адам мен қоғам арасындағы қатынастарды сипаттап,
белгілі бір әлеуметтік құбылыстарға қатысты қалыптасқан. Мысал
ретінде мыналарды келтіруге болады:
«Жер жарды» - көпке белгілі
болды, даңқы шықты, атағы кең жайылды мағынасында. «Әбдірахман
мектепті бітіргенде дабысы жер
жарды»[1.16].
«Ат арқасына мініп
жүрген»-бақытты, қуанышты өмірдің қызығын көріп жүрген деген
мағынада. «Айнабай өзі атқа мініп
жүрген соң қызын тәуір жігітке
бергісі келіп Әбдірахманнан үміттенген...»
[1.20].
«Аузына қарады» - не дейтінін
бағып отыр.«Жұрттың бәрі Әбдірахманның
аузына
қарады»[1.22].
«Аяқ асты қылды» - менсінбеу,
қорлау мағынасында [2.78].«Орысша оқыған дінсіз неме, көптің
сөзін аяқ асты
қылды,– деп шалдар Есімбектің
жағында болды»[1.27].
«Инедей қиянаты жоқ» -
ешқандай жамандық жасағысы келмейтін, ақ ниетті адам. «Есімді
білген соң Әбдірахманға біраз жолдас болдым ғой,құдай біледі, қазақ
баласына инедей қиянаты
жоқ еді»
[1.29].
«Қол ұшын беру» -
көмектесу,қолдау көрсету мағынасында. «Таныстығын
қайтейін, қол ұшын
беретін бірі жоқ»
[3.39].
«Шығарға жаны жоқ» - шарасыз.
«Баянды дегенде шығарға жаны
жоқ секілді»
[3.44].
«Құлақ кесті құлы» - басыбайлы
құл,меншікті малай [2.361]. ««Шынына қалғанда Жалбырдың Смағұлға
өктемдік істейтін жөні де жоқ қой, сонау бір кездерде Смағұлдық
үйінің құлақ кесті
құлы есепті болып жүргенін осы
Жалбыр ескере ме екен сірә?...» [3.50].
«Қыр
көрсетті» - айбат қылды,доң
жасады.«Жәкең шақырды, жолығып кет», - деп
Смағұл қыр көрсеткен
боп, тыңдамай жүре берем дегенде,
аттан аударып алып, Жаңбыршы мұны тепкінің астына алмасын ба...»
[3.51].
«Қынжыла түскендей
болды» -
азап шегу, қиналуы, өкініш
сезіну, көңіл күйі бұзылу мағынасында.«Смағұл бұрынғыдан гөрі
де қынжыла түскендей
болды»
[3.52].
«Асыра сілтеп» - шамадан тыс
кетті, зиянды іс – әрекет жасады; жалған белсенді. «Аудан
қызметкері асыра
сілтеп, малдың бәрін ортаға түсіріп,
артельді коммунаға айналдырыпты» [4.111].
«Іріткі салу - жұрт арасының
шырқын бұзды, берекесін кетірді мағынасында [2.580].«-Садуақас
дейтін атқамінер қуымыз бар еді, сол кедейлердің
арасына іріткі
салуға кірісті: жұртты үйіне жинап
алып, «артельден шығыңдар, тараңдар» деп ақыл беріп жатыр, - деді
Жасыбай жүгіріп келіп» [4.111].
«Ерін бауырына алып тулауға
дайын» - қатты ашуланып, ызаға булығып, кез келген сәтте әрекет
етуге дайын болу мағынасынада. ««Тәртіппен сөйле, сұрау біткен соң
сөйле» десең, Дайрабай ерін бауырына алып тулауға
дайын»
[4.113].
«Сілтідей тынды» - тынышталды.
««Жанбура атқа мініп билік құрғанда, ел
сілтідей
тынды» дейтін шалдар...»»
[4.119].
Бұл фразеологизмдер қоғамдағы
әлеуметтік қатынастарды, адамдардың әлеуметтік мәртебесін немесе
қоғамдағы орындарын сипаттайды. Б.Майлин сияқты жазушылар осындай
фразеологизмдерді шебер пайдаланып,қоғамдағы әлеуметтік жағдайды
шынайы түрде бейнелейді.
Б.Майлин шығармаларында
фразеологизмдер көркемдік тәсіл ретінде өте маңызды рөл атқарады.
Фразеологизмдер жазушының кейіпкерлерін тереңірек танып, олардың
ішкі әлемін түсінуге мүмкіндік береді. Фразеологизмдер – қазақ
тілінің байлығын, халықтың рухани дүниесін, салт-дәстүрін көркем
түрде жеткізудің құралы. Олардың әдебиеттегі көркемдік рөлі өте
жоғары әрі Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға әсерлі жеткізуде
маңызды рөл атқарады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
Майлин Б. Шығармалар жинағы. –
Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. – 352 бет. «Шұғаның белгісі»
повесі.
-
Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі. Кеңесбаев І.К. Алматы, Қазақ ССР – нің « Ғылым» баспасы,
1977 ж.712 б.
-
Майлин Б. Шығармалар жинағы. –
Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. – 352 бет. «Жалбыр»
повесі.
-
Майлин Б. Шығармалар жинағы. –
Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. – 352 бет. «Даудың басы – Дайрабайдың
көк сиыры» әңгімесі.