Материалдар / Рухани жаңғыру аясында дене шынықтыру жаттығу лары арқылы ұлт жандылыққа тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру аясында дене шынықтыру жаттығу лары арқылы ұлт жандылыққа тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім, оқушы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төкен Шыңғыс Мәдениетұлы

педагогика ғылымдарының магистрі

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылы

«Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТ ЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ


Көкейкестілігі. Республикамыздың даму бағытын анықтайтын «Қазақстан – 2050» бағдарламасында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлт жандылық» жастардың тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында жастарға қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға ұлт жандылық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, ұлт жандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, ұлт жандылыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы жастардың міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға ұлт жандылық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және жастардың ұлт жандылық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы ұлт жандылық тәрбие керек. Бұл - сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол - қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.

Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.

Әлем тарихында ұлт жандылық тәрбие және әскери ұлт жандылық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген [1].

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз әскери және еңбек дәстүрлері арқылы ұлт жандылық пен ұлт жандылық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде жастардың бойына ұлт жандылық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет.

Әрбір қоғамның даму, өрлеу сәттері болады. Бұл ретте ХХ ғасырдың соңғы жетпіс бес жылы түрік ғасыры болды. Түрік тарихының терең болғанымен, оның гүлденген өркениетке жеткен тұсы осы ғасыр. Оның ең бастауы, түп қазығы түрік идеясы мен түрік патриотизмінде дер едік. Егер ғасыр басында түріктер бар болғаны он екі миллионға жетер жетпес болса, бұл күнде олар алпыс төрт милионнан асып жығылады. Мұстафа Кемал Ататүрік Түрік Республикасын жария ете салып, ұлт алдында тұрған негізгі міндеттерді ұсынды. Оның ең бастысы - дүниеге адам баласы тең болып келеді, ендеше түрік ұланы жерге қарама, еңсеңді көтер нәсілің түрік екеніне мақтан деген ұстамды әр жүрекке шырақ етіп жаға білді. Түрік мемлекеті еуропаға есігін ашып қана қоймай, өзі де батыс пен шығысқа жол салды. Әскери доктринасы күшейді, НАТО-ға кірді. Енді ол басқа бір елдің қабағына қарап қана қоймай, өзге бір елдерді өз қас-қабағына қарата бастады. Ал бұл тікелей тәуелсіздік идеясын тұтатты. Сөйтіп Ататүрік: «Түрік ұланы! Бірінші міндетің: Түрік тәуелсіздігің, Түрік тәуелсіздігін мәңгі сақтау және қорғау болып табылады» - деп айтып қана қоймай, оны көз көретін жерлердің бәріне тасқа ойып жаздырды. Ұлттың рухы асқақтаған халықтың тілегі тоғысқан сәті осы еді. Мұндай елді жеңу мүмкін бе? [2].

Біздерге де ойлануға тура келетін кездер келді деп ойлаймыз. Кең байтақ жеріміз бар қазақстандықтардың асқақтап шарықтауға мүмкіншілігі мол.

Шығыс елдерінде ұлт жандылық тәрбиеге әсіресе әскери-ұлт жандылық тәрбиеге аса көңіл бөлген. Бұл тұрғыда жапондықтар үлгі көрсетеді. Орыс тарихшысы А.А.Строев «жапондыққа балалық шағынан мемлекеттің идеологиясы үшін әр уақытта өзін құрбандыққа шалуға дайын болуын құлағына құяды» - деп жазған. Ал қытайда әскери ұлт жандылық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда [3].

Қазіргі кезеңде Америка Құрама Штаттары өз азаматтарының ұлт жандылық сезімдерін балалық шағынан тәрбиелейді. Құрама штаттарда мектеп қабырғасынан бастап тәуелсіздік декларация дегеніміз не? деген мен қатар Американың негізін қалаушы президенттерінің аталы сөздерін оқып үйренеді [4].

Азаматтарды әскери қызметке дайындап ұлт жандылық сезімін қалыптастыру қазіргі кезде батыс европаның барлық елдерінде қолға алынған. Мысалға, Германия, Ұлыбритания, Франция мектептерінде және жоғары оқу орындарында офицерлерді дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалыптастыруда оқытылады [5].

Г.А. Самарец «Ресеймен батыс европадағы әскери-ұлт жандылық тәрбиенің мазмұны және әдістері» атты кандидаттық диссертациялық ғылыми еңбегінде XVIII-XX-шы ғасырлардағы Ұлыбритания, Франция, Ресейдің әскери-ұлт жандылық тәрбиесіндегі тәжірибесі қолданған. Мемлекет саясатындағы анықталған тенденция ұлттың қызығушылығымен бағытылығын қортындылайды. Ревалюцияға дейінгі жоғары оқу орындарындағы жастардың әскери-ұлт жандылық тәрбиесімен әлеуметтік-педагогикалық жағдайы анықталып, жастардың азаматтық көзқарасы және қарулы күштерге қызмет етуге дайын болуы, талпынуы көрсетіледі [6].

Ғылыми зерттеулерді оқып-үйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, жастарға ұлт жандылық тәрбие беру ғылымының теориясын өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.

Біздің ойымызша ұлт жандылық пен патриотизмге негізделген тәрбие жұмысын жүргізуде жоғары оқу орындары студенттері проблемасы ерекше мәнге ие болады. Себебі студенттер болашақ маман ретінде қалыптасып, өмірлік ұстанымын айқындап, өркениетті елдер қатарына қосылуда өздерінің үлкен септігін тигізеді.

Өркендеудің құтты қасиеті іспеттес бір ұғым бар. Ол - патриотизм. әрине, мәселе көп шуылда емес, бүлкілдеген күре тамырды бойлап қуалап, санды- санаға бәтуаны-берекеге айналдыруға көмектесетін сиқырлы сезім жайлы. Ол томағы-тұйыққа емес, салмақты салиқалыққа бастайды, жансызға жан береді. Ортақ иманға айналса, алмайтын қамалы жоқ. Осының бәрін бір ғана «патриотизм» деген» ұлы ұғымға сиғызсақ, уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз. Өйткені ол өзің жаралған топырақпен өскен ортаға деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы әлдеқайда кең ұғым. Тіршілікте төл табиғи орта ерекшеліктерін тиімді пайдалану, алғы ұрпақтар тәжірибиесі арқылы жинақталып, тарихи зерде кілтіне айналған ұлт жандылық пен патриотизмді өркениет мүддесіне қолдана білу де сол тектен. Ең бастысы елдің бірлік, халықтың қасиет - қазыналарын қастерлеу мен ертеңге деген сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр.

Әрине, жастарға этнопедагогикалық құндылықтар негізінде ұлт жандылық тәрбие беруді сатылай үйрету жүйесі бағдарламада ұсынылған әдіс – тәсілдерге де байланысты.

Біріншіден, ұлт жандылық тәрбиеде жастарды өзіне тартып қызықтыра алатын тақырыптар қажет.

Екіншіден, жастарды ұлт жандылыққа тәрбиелей алатын қазақтың этно – мәдени жүйесін пайдалану қолайлы.

Үшіншіден, нақтылы тақырыптар бойынша халқымыздың дәстүріндегі қаһармандықты насихаттай отырып, жастардың бойында игерілетін ұлт жандылық тәрбиені терең сезімін ояту маңызды.

Төртіншіден, студенттер үшін ұлт жандылық тәрбиенің әсері әрбір игеріп жатқан тәрбие түрлерінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік туғызады.

Бесіншіден, жастарға берілетін ұлт жандылық тәрбиенің көлеміне мазмұнына байланысты қажетті мағлұматтар беретін әдебиеттерді тұрақты түрде іс жүзінде насихаттау қажет. Ұлттық болмысымызды оқу-тәрбие жұмысымыздың әр түрлі салаларына енгізіп, оның тәлімдік аясын кеңейтуде республикамыздың жоғарғы оқу-орындарында біршама игілікті іс-шаралар өткізіліп озық тәжрибелер жинақталса да күнделікті өмірде кеңінен енгізу уақыт қажеттілігі.

Қорыта келгенде, жастарға ұлт жандылық тәрбие беруде халықтық тәлімді жандандыру үшін мақсатты жұмыстар ұйымдастыру керек. Жастардың ертеңгі жарқын болашақ екенін ескере отырып халықтық педагогика негізінде ұлт жандылық тәрбие беруді ұсынамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Арынгазин К.М. Развитие педагогики путем совершенствования теоретико-методологической смысловой основы: автореф. ... д.п.н.: 13.00.01: - Алматы, 2001. - С.45.

2 Аганина К.К. Оқушыларға экономикалық білім беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі. //Білім әлемінде. 2006.№1-3. - Б.32-35.

3 Әбідраман Ш.Ә. Баба батасы // Жұлдыз. - 2003. - №11. - Б.42-115.

4 Б.Әбдікәрімұлы., Қ.Сарбасова., Б.Шаушекова., Педагогикаға кіріспе. Эл. оқулық. Авторлық куәлік - №20

5 Абдыманапов С.А. Современное университетское оброзование в условиях модернизации: проблемы, решения, перспективы. - Алматы, 1996. - 278с.

6 Адильгазинов Г.З. Теоретические основы совершенствования подготовки учителя к упровлению педагогическим процессом в малокомплектной школе: авторефе. ...д.п.н. 13.00.01.-Алматы, 2002. –С.39.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!