Күні:
Сынып: 1
А
|
Манғыстау облысы
Қарақия ауданы Құрық
ауылы
№9 бастауыш
мектебі
Алашбаева Куралай
Жасараловна
Бастауыш сынып мұғалімі II
санат
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы
мен әрпі.
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған
материал бойынша өз пікірін
айту
1.8 Берілген
тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды
орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс
айту
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді
меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап,
жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды.
Кейбірі:
Алған білімді өмірде қолдана
алады.
|
Жетістік
критерийлері
|
Оқушылардың келесі
қабілеттерін бағалау
Өзгелерді
тыңдауын
Оқиғаны
ретіменбаяндауын.
|
Бағалау
|
Берілген әр белсенді
тапсырма бойынша крейтерилер арқылы бағаланып
отырады
-смайликтер
арқылы
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларды
бір-біріне деген құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
Оқушылардың топта жұмыс істеу
дағдыларын жетілдіру.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Өнер
|
Алдыңғы
оқу
|
«Жабық сұрақ» әдісі арқылы
өткен сабақты еске түсіремін
|
Тілдік
құзыреттілік
|
С дыбысы мен
әрпі.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру
|
«Ұйымдастыру әдісі»
бойынша тілдік мақсатты жетілдіруде бір-бірімізге жылы
тілектерімізді білдірейік.
«Менің таңдауым »
әдісім бойынша топқа
бөлінеді.
Сабақтың тақырыбын
ашу мақсатында «Қызығушылықты ояту» стратегиясы бойынша барлық
топқа «Ашық сұрақ»әдісі арқылы белсенді тапсрма
беремін
Жұмбақ:
Үш тілі
бар, Тықылдаған үні
бар (сағат)
Әдемі
түнде, Мен жүрсем,жүреді
бірге. (ай)
Аяғы бар,басы
бар, Арқасында тасы
бар. (тасбақа)
Басында мүйізі
бар, Үстінде киізі
бар. (сиыр)
Белсенді тапсырманы
орындаулары бойынша дескрипторға
саламын.
Қ.Б. смайликтер
арқылы
|
Шаттық
шебері
|
Сабақтың
ортасы
|
(М.Т.)
Айтылым-тыңдалым.
Сансызбай деген бала
болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні
тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті?
Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға
қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың
сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып
қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне
үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол
бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен
сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды.
Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу
орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай
дыбыс шықты? С С
С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген
қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп
оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс
әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға
жазылады. СОЛ САНАТ СУ САУ САН АСАУ САНА
СУАТ
Жеке жұмыс:
Оқылым
«Мозайка
әдісі» арқылы белсенді тапсырма
беремін.
Жаңа тақырыпқа
байланысты оқыған сөздерді
құрастыру.
Д:
Қ.Б. сақина,сырға
сәукеле суреттерімен
Жұптық
жұмыс: Оқылым
Әріп сағат бойынша түсіп қалған әріпті табу,сөйлеу. Сағат, Сара,
су.
Д:
Қ.Б. Бағдаршам әдісі
арқылы
Саралау:
-жұптық жұмысты
орындау барысында өзара тіл табыса отырып
орындайды.
Ұжымдық
жұмыс:
«Балық аршу»
ойыны (Шығармашылық тапсырма
)
Бір қабығын алған
сайын С дыбысы бар сөз тауып, оған сөйлем ойлап айту. Мысалы: Самат
судан балық ұстады. Ол сазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны
сатты.
Д:
Қ.Б.Жақсы
оқығандарды мадақтап сақина, сырға, сағат, сәукеле суреттерін беріп
кету.
|
Таныстырылым,
Оқулықпен
жұмыс
«Мозайка
әдісі»
|
Сергіту
сәті
|
«Ұшты, ұшты»
ойыны
Ұшты, ұшты шар
ұшты, ұшты, ұшты қар
ұшты
Ұшты, ұшты шағала
ұшты, ұшты, ұшты балға ұшты.
Ұшты, ұшты шаян
ұшты, ұшты, ұшты қоян ұшты,
Ұшты, ұшты қаршыға ұшты, ұшты,
ұшты шортан ұшты т.с.с.
|
«Ұшты, ұшты»
ойыны
|
|
Жазылым
Дәптермен
жұмыс
|
Дәптер
|
Сабақтың
аяғы
|
«Ыстық орындық»
әдісі
Қ.Б.
смайликтер
Саралау:
Бағалау: сабақ барысында жиналған
смайликтер санымен оқушыларды бағалаймын
|
|
Сабақтың
соңы
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта
болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді
таңдау.
|
Смайликтер
|
Қолдау
көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
|
Оқушылар өздері
жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады.
(қуанышты, көңілді, көңілсіз,
ашулы)
|
Өнер, ана тілі
сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген
құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
|