Материалдар / С Мұратбеков "Жусан иісі" 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С Мұратбеков "Жусан иісі" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармадағы ауыл тұрмысын, соғыс кезіндегі әлеуметтік жағдай туралы ұғындырып, шығарманың композициялық құрылысы мен теориялық жағына көңіл бөліп, кейіпкерлер жан-дүниесіне үңілдіру; оқушылардың бойына тарихи саналылықты қалыптастырып, ең ізгі адами қасиеттерге, адал достыққа, туған жерге деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
1034
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың жоспары:

Сайын Мұратбеков

Жусан иісі (повестен үзінді)

(7-сынып)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік шығармадағы ауыл тұрмысын, соғыс кезіндегі әлеуметтік жағдай туралы ұғындырып, шығарманың композициялық құрылысы мен теориялық жағына көңіл бөліп, кейіпкерлер жан-дүниесіне үңілдіру;

Тәрбиелік – оқушылардың бойына тарихи саналылықты қалыптастырып, ең ізгі адами қасиеттерге, адал достыққа, туған жерге деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық – оқушылардың ой-қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін, ізденімпаздық қасиеттерді дамыту, ойларын саналы жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, ой шақырыу, кітаппен жұмыс, «дыбыстар сөйлейді» стратегиясы, кубизм әдісі, топтық жұмыс

Көрнекілік: мультимедиялық компьютер, слайд құрастыру, оқулық, тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысына, сабаққа дайындығына көңіл бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повестінен үзінді.

С. Мұратбековтің өмірі мен шығармышылығы жайында қысқаша түсіндіріп, шығарма бойынша жасалған Тілек Халиннің иллюстрациясын («Қазақстан мұғалімі» газеті, 28.01.1994) экраннан көрсете композициялық құрылысына талдау жасау.

Shape1

Кіріспе түсінік

Романның негізі

Жалпы жанр ерекшелігі

Оқиға желісі

Оқиғаның даму сатысы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның аяқталуы



«Жусан иісі»

Авторы: Сайын Мұратбеков

Жанры: повесть (үзінді)

Тақырыбы: Соғыс кезіндегі ауыл тынысы, Жусанды төбеде өткен Аян деген жетім баланың өмірі

Идеясы: Дала тіршілігін, өскен өлкеде өткен өмір өткелдерін өрнектеп, жусан иісі арқылы туған жерге деген сағынышты, сүйіспеншілікті саралау


Композициялық құрылымы:

Басталуы: Аянмен алғашқы таныстық;

Байланысы: Аянның тобығын тайдырып алуы;

Дамуы: Әжесінің қайтыс болуы;

Шиеленісуі: Бапай шалдың үйінде өткен жетімек күндер;

Шарықтау шегі: Колхоз жұмысы. Қаралы қағаз;

Шешімі: Балалар үйіне кеткен Аянға деген сағыныш. Жусан иісі.



  1. Сынып жұмысы:

2.1 «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша Аянның бойындағы адамгершілік қасиеттерді саралап, топтап жазу;

2.2 «Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салу;

2.3 «Кубизм» стратегиясы мен түскен сұрақтар бойынша ой қорыту;

2.4 Топпен жұмыс: шығарманың 4 бөліміне сәйкес 4 топқа бөлініптапсырмаларды орындау


  1. Бекіту:

1)Жусанды төбе қайда орналасқан?

2)Аян әжесімен Ешкіөлмеске қай жылы көшіп барады?

3)Ауыл балалары кімнен сауат ашты?

4)Аян әжесі қайтыс болған соң кімді паналайды?

5)Аянның ертегілері неге ылғи жетім туралы?

6)Аянның күнделікті кешкі қорегі не?

7)Аян тобығын қалай тайдырып алды?


  1. Қорытындылау: аз-кем сұрақтар қою арқылы сабақты қорытып, оқушылардың зердесіне сіңіру.


  1. Үйге тапсырма:

1)Шығарманы толық оқып, әр бөліне ат қойып, жоспар құру;

2)Аянға мінездеме беру;

3)Жетім туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер жазып келу.

  1. Бағалау: оқушылардың білімдерін, сабаққа қатысын бағалау















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!