Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың
тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының
көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан
айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен
таныстыру;
ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын
ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға
дағдылындыру;
б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты
жоспар т.б
Пәнаралық байланыс:
тарих
Сабақтың барысы:
а)
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын
тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін
сабаққа аудару.
ә) Үй
тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын.
Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
б)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге
құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар
жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса
,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе
бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман
–мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі
тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық
арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес
болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген
жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.
Зерттеуші ғалым
|
жылы
|
Қай жерде,кімнен
|
формалары
|
Орыс
ғалымы
Саблуков
|
1830
|
Семейдегі көкпектілік жыраудан
|
Жазып
алған
|
Ғ.Дербісалин
|
1834
|
Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші
болып істеген
|
Бір үлгісін хатқа түсіреді.
|
Андрей Фролов
|
1841
|
Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының
тілмашы
|
Қазақ ақындарының айтуынан жазып
алған.
|
Ш.Уалиханов
|
1851
|
Атақты Жанақ ақыннан
|
Жазып алады.
|
А.С.Пушкин
|
|
Орынбор жанындағы ауылдарда болып
|
Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды
ойлайды.
|
М.Путинцев
|
1865
|
Қазақстанға келіп
|
Жазып алып орыс тіліне аударады.
|
Академик Радлов
|
1870
|
|
Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына
енгізеді.
|
Профессор Н.Н.Березин
|
1876
|
«Түрік хрестоматиясы» кітабында
|
Бір вариантын жариялайды.
|
Археолог ғалым Н.Пантусов
|
1898
|
Түрік өлкесін зерттеуші
|
Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында
бастырған.
|
Орыс
тарихшысы
И.А. Кастанье
|
1910
|
Оренбург мұражайында
|
Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын
орысшаға аударады.
|
Советтік дәуірде М.Әуезов
|
1925
1936
1939
|
Мәскеуде
Алматыда
«Батырлар жыры»
|
Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ
айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.
|
Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы
ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.
Зерттеушілердің аты-жөні
|
жылы
|
еңбектері
|
тұжырымдама
|
С.Сейфуллин
|
1932
|
«Қазақ әдебиеті»
|
Радлов варианты бойынша тоқталады.
|
С.Мұқанов
|
1935
|
«батырлар жыры» туралы еңбегінде
|
Халықтық сипаттағы жыр екендігін
дәлелдейді.
|
Қ.Жұмалиев
|
1944
|
«Қазақ әдебиеті»
|
Халық жыры
|
Ә.Марғұлан
М.Ақынжанов
|
1958
|
«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен
әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында
|
Жырдың халықтық ортада туындағанын
айтады.
|
Жанақ
ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз
кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа
түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ
жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі
шығарма.
Бүгінгі
өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы
мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік
бейне.
Жырдың
өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде
берілуі.
Алдын ала
жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып
береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты
бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап
беремін.
1.Жырдың
қандай варианттары бар?
2.Кімдер
зерттеген?
3. Жырды
неге ғашықтық жырға жатқызамыз?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына
,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері
бағаланады.
Үйге
тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын
оқып, мазмұндап келуге беремін.