Материалдар / Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Иммунитеттің типтерін біледі, оларды сипаттау, айырмашылықтарын талдау; – Лейкоциттердің түрлерін, қызметтерін анықтау, олардың ағзаны бөгде заттардан қорғау қызметтерін талдау; – Иммунитеттің негізін салған ғалымдардың еңбегіне баға беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: §18. Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық.


Мектеп: Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сейткеменова Бакшагул Кусаиновна

Сынып:

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.3.3 – лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау; 8.1.3.4 – гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру


  • Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, иммунитет терминінің мәнін ашады, иммунитеттің типтерін біледі.

  • Оқушылардың басым бөлігі: Иммунитеттің типтерін салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды, лейкоциттердің түрлерін жүйелейді, олардың атқаратын қызметтерін нақтылайды, маңызын табады.

  • Кейбір оқушылар: Иммунитеттің негізін салушы ғалымдардың еңбектеріне баға береді

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

Иммунитеттің типтерін біледі, оларды сипаттау, айырмашылықтарын талдау;

Лейкоциттердің түрлерін, қызметтерін анықтау, олардың ағзаны бөгде заттардан қорғау қызметтерін талдау;

Иммунитеттің негізін салған ғалымдардың еңбегіне баға беру

Тілдік мақсат

Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін қолдану

Негізгі сөздер мен тіркестер:

туа біткен иммунитет, жүре пайда болған иммунитет, фагоциттер, лимфоциттер, антидене, антиген, нейтрофиллдер, моноциттер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Төмендегі берілген терминдердің арасындағы «байланысты және оларды байланыстырып тұрған процесті талқылаңдар. Тимус, киллер жасушалары, хелперлер, супрессорлар, Т-лимфоциттер, Влимфоциттер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Ауру адамның қанын микроскоппен қарағанда лейкоциттердің 1 мм3 қанда 30 мың болғанын көрген дәрігердің неліктен қауіптенгенін айта аласыңдар ма? /Лейкоциттердің 1 мм3 қанда 30 мың болуы ағзада қабыну процесінің жүріп жатқанын көрсетеді, сондықтан дәрігер қауіптенді/

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Иммунитет типтеріне кластер құру, оны дәптерге түсіру.

«Менен сұрақ – сізден жылдам жауап»

1. Эритроциттердің негізгі қызметі?

2. Қанның түссіз бөлімі?

3. Қанға қызыл түс беретін жасуша? 149

4. Қанның түссіз жасушасы?

5. Қанның қызыл түсті пигменті?

6. Оттекпен қосылған гемоглобин?

7. Қан қандай ұлпа?

8. Қан жасушаларын ата.

9. Қанды ұйытушы жасушалар.

10. Оттекті тасымалдайды

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Топқа бөлу әдісі: «Математикалық фигуралар» Сынып осы әдіс арқылы «Лимфоциттер», «Лейкоциттер» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа байланысын болжайды.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Сыныптағы заттар» Оқушылар сыныптағы кез келген бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде айтып беруі керек. Мысалы: мына төбедегі шам маған ұқсайды екен: қазір менің де көңілім жан-жағына жарық сыйлағысы келіп тұр! Мен қасымдағы досыма да осыны тілеймін.

Shape2 Shape1

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс.

Жұппен жұмыс:

Тапсырма

Тарихшылар

Иммунитет негізінің қалануы

Анатомдар

Лейкоциттердің құрылысы

Систематиктер

Лейкоциттердің түрлері,

Физиологтар

Лейкоциттер түрлерінің қызметтері

Полиглоттар

Негізгі терминдердің үш тілде айтылуы



Оқулық


Дескрипторлар:

Мәтінді толық меңгеріп, жұптық жұмыс тапсырмасын толық орындайды.

Иммунитет пен лейкоциттердің түрлерін анықтайды, қызметтерін дәлелдейді.

Иммунитет типтерін, лейкоциттер түрлерін салыстырады, ажырата алады.

Үш тілде терминдерді дұрыс айтады, терминдердің мәнін ашады.

Сергіту сәті. «Шаңырақ» ойыны

Шарты: төрт бұрышты орамалды жайып қояды, әуенмен балалар айналып жүгіреді, әуен тоқтаған кезде балалар орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтеру керек. Шаңырақты қай топ бірінші көтерсе, сол топ жеңіске жетеді.

Рефлексия. «Кері байланыс бутерброды»

бірінші жағымды сөз айтады, кейін құрылымды сын айтады, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді.



РАФТ стратегиясы

Оқушы кез келген бір объектіні алып, сол рөлге еніп, өз ойын айтады.

1-топ:

  • Р-рөл – И.Мечников

  • А-аудитория – оқушылар

  • Ф-формат – тәжірибе нәтижесі

  • Т–тақырып – Фагоцитоз

2-топ:

  • Р-рөл – П.Эрлих

  • А-аудитория – оқушылар

  • Ф-формат – Монолог

  • Т-тақырып – Иммунитет

Дескрипторлар:

Иммунитеттің негізін қалаған ғалымдардың еңбегіне баға береді.

Рөлді дұрыс сомдайды.

Тақырыптың мәнін ашады.

Рефлексия. «Стикер жапсыру»

Стикерлерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мен нені үйрендім?

Маған не қиын болып көрінді?

Не күрделі болды?

Мен енді нені үйренгім келеді?


Қосымша ақпарат. Иммундық жауап (иммунологиялық реактивтік) – иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарымқатынасқа түскенде әртүрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В-лимфоциттердіц иммундық есте сақталуының, иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Ағза антигенмен алғаш және кейін кездесуіне байланысты бірінші және екінші реттік иммундық жауап береді. Бірінші реттік иммундық жауап – антидене түзетін плазмалық торшалардың саны біршама бәсеңдеу 151 көбеюімен, иммуноглобулин жинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Екінші реттік иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады. Бірінші реттік жауапқа қарағанда жасырын мерзімі қысқа, көбею уақыты жедел және антиденелер титрі жоғары болады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Иммунитеттің жіктелуіне кластер құрады.


Қабілеті жоғары оқушы: Жөтелу, құсу, ауру сезімі, жоғары температураның адам үшін пайдасы бар ма? Бар болса, өзіңіздің болжамыңызды айтыңыз.

/Бұл құбылыстар адамның қорғаныш реакциялары. Мысалы: денеге бөгде заттың, ауру туғызатын бактериялардың, удың енуіне осылай реакция көрсетеді. Олар құсу, жөтелу кезінде денеден шығарылуы мүмкін, ал ауру сезімі мен жоғары температура ағзадағы қабынуды білдіреді, онымен қоса жоғары температура ауру туғызатын бактерияларды өлтіреді/

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағ ы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Рефлексиялық нысана»


Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру.

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!