Материалдар / Сабақ жоспары 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Шаңғы/кросс/ даярлық негіздері.

III -тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып:4

Мұғалімнің аты-жөні: Маратов М. М

Сабақ тақырыбы:

Аэробикалық жаттығудың пайдасы

Оқу мақсаттары

4.3.1.1 Дене жаттығулары үшін денсаулық және салауатты өмір салтын маңыздылығын талдау және түсіну

4.1.4.4. Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстырады

Сабақ мақсаттары

Бірлескен жұмыста аэробтық жаттығуларды анықтау, реттілігін сақтау, орындау және шаңғы дайындығында әр-түрлі қозғалыс дағдыларын үйлесімді көрсету. Шаңғы дайындығы арқылықозғалыс адымдарының ауысын және төзімділік компоненттерін дамыту.

Бағалау критерийлері

  • Шаңғы дайындығы денсаулықты және салауатты өмір салтын сақтауға тигізетін артықшылықтарын сараптайды, ұстанады.

  • Аэробтық жаттығулардың әлеуетін анықтайды және қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру арқылы қарастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Дене бөліктері (қолдар, аяқтар, бас, тізелер, саусақтар) бұлшықеттер.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • дене температурасы, қалпына келу;

  • дене белсенділігінің қарқындылық деңгейі: төмен, орташа, ширақ:

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дайындық күйінің құрамдастары (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік тұралы айта аласың ба?

  • бір адымды алма-кезек жүріс, түсу, көтерілу, аттап бұрылу.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру;

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.Мектептегі шаңғы дайындығы сілтеме:http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/613655/

Бастапқы білім


Ұсынылатын тапсырмалар арқылы денсаулық маңыздылығы туралы хабардар болуымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттері байытылады.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Шаңғы даярлығындағы денсаулықты нығайту, қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын қайталату.Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау. Білім алушылармен «Айна» ойыны әдісі арқылы ЖДЖ орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.


Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут










(Б,Ж,Ф) Оқушылар сабақтар кезінде ауыспалы екі адымдық жүрістің техникасын жетілдіреді: әрбір екі адымға бір қолмен итеруді орындайды. Бірінші адым уақытында, қолдары алдыға қарай серпіліс жасайды, оларды шынтақ буындарында ағаштардың сақинасын өзінен алдыға шығару үшін иіреді. Екінші адымды аяқтаудан кейін қолдармен бір уақыттағы итеруін бастайды. Қолдармен итеру уақытында, серпіліс аяғы тірекке келіп қосылады және екі шаңғыларындағы сырғанау басталады. Жергілікті жер бедерінің, сырғанау талаптарының өзгеруі кезінде, көп жағдайда жүрістердің бір уақыттық бір адымдық жүрісіне ауысуы орыналады, оның кезінде әрбір сырғанаушы адым ішінде қолдармен бір итеру және аяқпен бір итеру (оң немесе сол) орындалады. Ең бастысы оң және сол аяқпен кезектесіп итеру қажет. Бір уақыттағы бір адымдық классикалық жүрісі екі нұсқасына ие: жылдамдықты және созылмалы. Ол озып өту кезінде қажетті. Оқушылар қарама-қарсы шаңғы жолында жұптасып жұмыс істейді. Бір бірінің қателіктерін түсіндіреді. Сырғанау техникасының және шаңғылық жүрістерінің техникасының орындалу дұрыстығын көрсетеді және бағалайды. Шаңғы дайындығы: Ауыспалы екі адымдықтан бір уақыттық бір адымдық жүрісіне көшу.

Шаңғы дайындығы: Оқушылар алдағы қозғалу әрекеті үшін ширатып шынықтыруды орындайды. Одан кейін ерікті түрде топтарға бөлінеді және 9 – 12 минут уақыт ұзақтылығы бар қашықтықты өтуді бастайды. Оқушылар өздерінің физикалық дайындылығын ескере отырып жарысу ырғағын таңдайды. Оқушыларға шаңғы трассасын өтуі кезінде бір бірін ауыспалы түрде ауыстыра отырып, көшбасшысын ауыстырумен бірге жарысты өткізуді ұсынуға болады. Жарыс аяқталғаннан кейін, топтардағы оқушылар өздерінің мысалдарында энергетикалық жүйесінің қызметін және оның жарыс процесі кезінде алынған физикалық жүйтемесімен байланысын түсіндіреді және сипаттайды. Сабақтың соңында түрлі эстафеталарын жүргізу. Сондай-ақ оқушыларға олардың өздеріне дене шынықтыру әрекетінен кейінгі ағзасын қалпына келтіруге арналған жаттығуларын орындауға мүмкіндік беру.


Шаңғы дайындығы қауіпсіздік техникасына сілтеме: https://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2013/01/22/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-urokakh-lyzhnoy

Ойындарға арналған үлкен, бос кеңістік.

Шаңғылар, секунд өлшегіш.


Қозғалыс ойындары.

http://www.gomelscouts.com/vstrechnye-starty-lyzhi.html










Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Шаңғы дайындығындағы тапсырмалар кезінде аэробтық жаттығудың орындалуына назар аударады, анықтамалар береді. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларын пайдаланып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Шаңғы қозғалыстарын, төзімділік жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Аэробтық жаттығулардың орындалу сапаларына мән беру. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану, барынша тапсырманың мағынасын ашу, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын дамыту.Шаңғы/кросс/коньки даярлығы бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары білім алушылар әр-түрлі қозғалыс дағдыларын қайталап, сынып алдында дағдыларын өз бетінше көрсету. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну.

Білім алушылардың өз бетінше әр-түрлі қозғалыс дағдыларын дамытуға жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, өзіне тән тәсілдерін байқап көру. Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді пайдалану. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру амалдарын қолдана білу. Шаңғы даярлығы барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер, тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Әр-түрлі қозғалыс дағдыларына бағытталған тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын дамытатын жаттығулар жинағын жүйелі орындайды, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға әр-түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Аэробтық жаттығулардың қозғалыс әрекеттерінің шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар.Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігіне байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!