Материалдар / Сабақ жоспары Абайдың қарасөздері тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Абайдың қарасөздері тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Күні _____________ Пәні Қазақ әдебиеті Тобы I "Б" Сабақ реті № 19

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;
2. Дамытушылық.
Студенттердің ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Көрнекілігі: Абайдың қарасөздері, слайд
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Абайтану, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Жаңа сабақ.
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.

Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.

Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.

5. Жаңа сабақты бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?

6. Үй тапсырмасы.
Абайдың 25 - сөзін жатқа оқу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!