Сабақ жоспары "Ақыл парасат, ерік –жігер және жүрек" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ақыл парасат, ерік –жігер және жүрек" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың табиғи ішкі мүмкіндіктері мен мінез-құлқын қадағалай білудің маңызыдылығын түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Бекітемін____________


Мерзiмі: ______________________ № 2 сабақ

Тақырып: Ақыл парасат, ерік –жігер және жүрек

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: ізгілік, қарапайымдылық, мейірімділік

Мұғалiм: П.Кушкумбаева

Сынып 7

Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи ішкі мүмкіндіктері мен мінез-құлқын қадағалай білудің маңызыдылығын түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • Оқушыларға жағымды, ізгілікті қарым- қытынас жасаудың мәнін түсіндіру;

  • Оқушылар бойында сыйластық, қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды мейірімділікке, барлық нәрсенің қадірін білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысын талқылау:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Әділ –Мария (үзінді), 2 - тапсырма «Парассатты адамның» портретін, мінездемесін жазу.

Сұрақтар:

1.Автордың ақыл парасатқа қатысты айтқан сөздерінен не ұғуға болады?

2. Осы айтылған кеңестерден өзіңе қандай керекті нәрселе алдың?

3.Өмір сүру үшін сүйіспеншілік құндылығының ерекшелігін байқадың ба?


4.Дәйексөз.

Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзінді өзің төменге түсірмесең. Ә.Тәжібаев

 Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қ.Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген.

5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Білгеннің пайдасы Ы. Алтынсарин әңгімелер жинағынан


Бір қарт ұста кү-түн тынбай іс соғып отырады екен Оған көрші заманындағы бір зор бай Броун дегеннің баласы ойнап жүріп, қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты:

  • Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса шеге соғуды үйренсеңші, кім біледі, бір күндері сол өнердің де керегі болар, - деп.

Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүрып, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті.

Мұнан соң бірнеше жылдар өтен соң, жұртында қатты жауынгерлік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын-баласымен қашып шығыпты. Сонымен ішерге, жеуге, киюге де кемтар соғып, бір қалада жүоген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды.

-Егер көп мық-шеге керек болса, мен подрятын аламын деп.

Етікшілер істеген мығын көріп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетіне алып, көп мал тауып, ақыр өміріне шейін кемдік көрмей өтіпті-мыс.

Сұрақтар:

1. Оқиғадан не түсіндік?

2. Етікшкнің айтқан кеңесін тыңдағанан зиян болды ма?

3.Сендердің үлкендердің айтқанын тыңдап соның өмірде пайдасы тиген кездері болды ма?

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі.
Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегіеңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ: Парасаттылық пен адал қызмет ету көрніс

2 топ: Өздеріне ұран жазу.

3 топ: «Қайырымдылық игі іс» Өлең шығару


7.Топпен ән айту.

Екі жол бар

Қ.Әбілдақызы

Жақсылыққа жетем десең, қолыңда,

Бар жақсылық жақсы адамның жолында.

Жаман болып тумайды ешкім анадан,

Жаман адам қайдан шыққан соңында?


Соны ойла да өзіңе-өзің есеп бер,

Көктем - өмір, көкөрім бәйшешектер,

Екі жол бар жағаласып жататын,

Жақсылыққа апаратын жетекке ер.


8.Үй тапсырмасы.

Ұждан ( Шәкәрім) 16 бет


9. Соңғы тыныштық сәті.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі