Тақырып
«Ар-намыс керек адамға»
Мұғалім М.Джамалиева
Сынып 9 Оқушылар саны
5
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер
кеңпейілділік, бірлік,
қамқорлық.
Мақсаты: Оқушыларға «Ар», «Намыс» туралы
түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері
1. Оқушыларға ұят, намыс, ар, кеңпейілділік
туралы түсінік беру;
2. Бірлікке ұмтылу қасиеттерін
дамыту;
3. Қамқорлық жасауға, кеңпейілді болуға
тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар,
мәліметтер)
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,
түгендеу.
Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге
немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз, Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек - қалауыңызды шайып жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі
сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі
істер істейді, және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін,
жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі сіздің ауызыңызға, тіліңізге, тарады. Тіліңіз тек шындықты
және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте –
бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, нұрды
уақытша түсініспей ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың
да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан
– жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның
барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен
нұрмын....
Осындай Нұр,
Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
..
Енді осы нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы
бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен
көзіңізді ашуға болады.
Рахмет
Үй тапсырмасын
тексеру.
Б. Үсенбаевтың
«Намыс» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап
келу.
-Ар, Намыс, Ұят
ұғымдары туралы не
білесіңдер?
-Өз ісіңе қатты
ұялған кезің болды ма?
-Адамның өз
арын адал сақтауына не көмектеседі?
Ескерту
Әдістемелік
нұсқаулық
9 сыныптың
«Өзін-өзі тану» оқулығы
Дәйексөз
Ұят жүрген
жерде абырой төгілмейді,
Абырой бар
жерде ар шапаны сөгілмейді.
Халық
нақылы
(дәптерлеріне
көшіріп жазып, бірнеше рет дауыстап
оқыту)
Талдау
сұрақтары
-Ұят дегеніміз
не?
-Абырой
дегеніміз не?
-Дәйексөздің
мағынасын қалай түсінесіздер? 9 сыныптың «Өзін-өзі тану»
оқулығы
Оқиғаларды
әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
«Балқар
аңызы»
Алғашқы қар
жауған күн екен. Таңертенмен бір қария үйден шығып, айналаға
қараса, аппақ қар жатады және өздерінің үйінен есігінен шығып
кеткен бір ізді көреді. «Астапралла, отбасымның барлық мүшесі әлі
ұйықтап жатыр емес пе? Сонда үйден шығып кеткен бұл кім екен?»-деп
әлгі іздің соңынан түсіп жүре береді. Үйден біраз ұзағанда біреуді
кезіктіреді. Ол – нәсіп екен. Ақсақал «Сен қайда бара
жатырсың?»-деп сұрайды. Сол кезде Нәсіп «Мен осы күнге дейін
сіздердің үйлеріңізде болдым. Енді басқа үйлерге кетіп бара
жатырмын. Оларға да баруым керек қой деп жауап береді. Ақсақал
Нәсіпке кетпеуін, үйге қайта келуін өтінеді. Сонда Нәсіп «Мен сенің
бір тілегіңді орындайын, айтыңыз», деді. Ақсақал болса «Жүр үйге
жүр. Отбасыммен ақылдасып отырып, тілегімді айтайын»-дейді. Алайда
Нәсіп осы жерде күтетінін, ақсақалдың өзі барып отбасы мүшелерімен
ақылдасып келуіне кеңес береді. Амал жоқ, ақсақал алысып, алып
ұшып, үйіне келеді. Әйелін, бала – шағасын оятып, ақылдасуға
шақырады. Бәрі жиналып, әртүрлі тілектерін айтады. Біреуі алтын
керек, ақша керек, енді бірі жылқы және басқа мал керек дейді.
Ақсақал соңында «Ал бәрің де айтып болдыңдар ма?» - деп сұрайды.
Сол кезде біреуі «анау шымылдықтың ар жағында отырған кішкентай
келін қалды, сол айтқан жоқ»-дейді. Атасы жас келіннің тілегін
сұрап келуге кіші қызын жұмсайды. Бір кіші қайын сіңлісі тілмаш
секілді отбасы мен келіннің арасына делдал болып жүреді. Сөйтіп,
жас келіннен қандай тілегің бар деп сұраса, ол «абырой, намыс,
керек депті. Оны естіген ақсақал «Бәріңнің манадан айтқан ойларың
көңілімнен шықпады. Жас келініміздің тілегі ерекше екен. Мен осыған
тоқтам жасап отырмын. Барып Нәсіпке айтамын деп тұра жөнеліпті.
Нәсіпке келіп, « Байлығымды, дүние – мүлкімді алып кете бер. Бізге
тек абырой, намысты қалдырсаңыз болғаны»-дейді. Мұны естіген Нәсіп
«Мен кеткелі тұр едім. Ал мына тілектеріңмен аяқ қолымды байлап
тастағандай болдыңдар. Енді мен ешқайда кетпей, сіздермен бірге
бола беремін. Абырой, намыс болған жерде бақыт та , береке де
болады. Адамға абырой, намыстан асқан рухани құндылық жоқ»-депті.
Сөйтіп, Нәсіп ақсақалға ілесіп, үйлеріне келген
екен.
Талқылау
сұрақтары:
-Нәсіп қандай
ой түйді?
-Қарияның
шешімімен келісесіз бе?
-Келіннің
бойынан қандай қасиет көрініп
тұр?
-Сен отбасы
мүшесі болсаң қандай шешім қабылдар едің? 9 сыныптың «Өзін өзі
тану» оқулығы
Шығармашылық
іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылар үш
топқа бөлінеді
1 топ
«Ар»
2 топ
«Ұят»
3 топ
«Намыс»
«Намысыңды
кірлетпе» тақырыбында эссе жазады. Дәптер,
қалам.
Топпен ән
айту
Жақсы
адамдар
Әні мен сөзі:
А. Оралов
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар –
бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның
астында жатады әлі
Пенделіктен
өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар,
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар,
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы
адамдар.
Жақсы көрем
сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде
өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы
шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ
ниет бар адамдар!
Қайырмасы:
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар
Күйіп кетсін
көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ
ниет бар адамдар!
Жақсы
адамдар.
Сендер жайлы
шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ
ниет бар адамдар!
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін
сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар
Қарап өтсін
сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар
Қарап өтсін
сендерге басқа жандар
Жақсы
адамдар.
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар,
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар,
жақсы адамдар,
Сендер аман
болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы
адамдар.
Интернет
желісі
Үй тапсырмасы
13 сабақ, В. А. Сухомлинскийдің мәтінін оқу 9
сыныптың
Өзін-өзі тану
оқулығы
Сабақтың соңғы
тыныштық сәті.
Балалар
тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп
алады.