Сабақ жоспары. Ж.Әбдірашұлы «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Ж.Әбдірашұлы «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды ғаламдық шығармаларымен байланыстырып талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сынып:

11

Мұғалімнің аты-жөні

Абдрахманова Б.Б.

Сабақ тақырыбы

Ж.Әбдірашұлы «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы

Оқу мақсаты

(қысқаша)

11.1.5.1.-ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстрмен байланыстыру


І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру.



Осы сілтемені пайдалана отырып, поэманың аудиожазбасын тыңдаймыз.

https://youtu.be/dZETx7aIYek



Бүгін ақынның «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды ғаламдық шығармаларымен байланыстырып талдаймыз.



Артық болмас білгенің!

Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (ИранПәкстанАуғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды.

Балалар, сан ғасырлық тарихы бар біздің Ұлы даламыз -- біздің мақтанышымыз, біздің баға жетпес байлығымыз, біздің ұлттық құндылығымыз!Дала тақырыбы талай ақын-жазушылардың, жыршылардың қаламынан жыр боп төгіліп, аңыз боп ағытылған. Олар сөздің көркем қуаты арқылы туындыларына жан бітіре сөйлеткен.

Соның бірі --Ж.Әбдіраштың «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы.

Дала – поэтикалық образ. Сондықтан да Ж.Әбдіраш мың қайғырған, мың қуанған сәттерінде де туған даласымен ашық, емен жарқын сыр бөлісуге ұмтылады.

Келем әлі,

әлі саған көп келем,

әнім қанша,

күйім қанша шертпеген.

Өзің жаққа өлең болып ұшамын

шын қуанған,

шын қайғырған сәтте мен... – дейді ол ішкі сезімін бүкпесіз толғап.

Ақын қазақ даласын тебіріне жырлайды.Оның шығармасында дала ұғымы тек географиялық атау емес, ол біздің ұлттық құндылықтарымыз - Отан, атамекен, ұлт, дәстүр секілді түсініктерді анықтайтын поэтикалық образ.



Сондай-ақ, дала тақырыбын әлем әдебиетінің ақын-жазушылары да жырларына, туындыларына арқау еткен. Осы келтірілген үзінділерде үш ақын-жазушы да дархан даланың ұлылығын сүйсіне жырлап, туған жеріне, еліне деген шынайы махаббатын өздерінің шығармарына арқау қылып,мақтанышпен паш етеді. Олар көркемдегіш құралдарды, яғни, эпитет (туған дала, өр өлең кең дүние, зелёною, девственною пустынею, белые серебристые волны...), метафораларды(шаңырағым-Аспаным,көкжиегің-Керегең..,степь-океан-море) пайдалану арқылы көз алдымызға ұлан-ғайыр шетсіз-шексіз даланы көз алдымызға келтіреді.

Салыстырайық , мысалы:




Ж.Әбдіраш

Одним из первых истинную суть степи сумел передать Н. В. Гоголь (1805—1852):

Туған дала,

Тыным алмас жастамын,

Тер төгуден,

өртенуден қашпадым!...

Шаршағанда шалғыныңды жастанып,

Шалқаласам,

Шаңырағым – Аспаным!

Анау алыс,

Мынау жақын демеген,

Ақынмын ғой,

Көкірегімді өр өлең

Кернегенде кең дүниеге дүбірлі

Көз жіберсем,

Көкжиегің – Керегем!



«Степь, чем далее, тем становилась прекраснее. Тогда весь юг, всё то пространство, которое составляет нынешнюю Новоросеию, до самого Чёрного моря, было зелёною, девственною пустынею... Ничего в природе не могло быть лучше. Вся поверхность земли представлялася зелёно-золотым океаном, по которому брызнули миллионы разных цветов... Черт вас возьми, степи, как вы хороши!..» – воскликнул Гоголь, и уже никто из последующих поэтов и писателей не мог остаться равнодушным к степи.

Т.Шевченко:

«Это была ровная, без малейшей со всех сторон возвышенности и, как белой скатертью, ковылём покрытая необозримая степь, чудная, но вместе с тем грустная картина! Ни кусточка, ни балки, совершенно ничего, кроме ковыля... Солнце подымалось выше и выше, степь как будто начала вздрагивать, шевелиться. Ещё несколько минут — и на горизонте показались белые серебристые волны, и степь превратилась в океан-море...»







Үйге: Тапсырма. «Түсіндірме күнделік» әдісі арқылы мына жыр жолдарына пікір білдіріңдер.

Ж.Әбдірашев

Менің пікірім

Күйшілікке келгенде – Құрманғазы,

Әншілікке келгенде – Әміресің!

Ақындыққа келгенде – Махамбетсің!

Батылдыққа келгенде –Тоқтарысың!

Балуандыққа келгенде – Қажымұқан!

Батырлыққа келгенде – Бауыржансың!

Болашаққа келгенде – мына бізсің! –







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2021
2585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі