жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. М.Әуезов «Көксерек» (үзінді)
Сабақ жоспары. М.Әуезов «Көксерек» (үзінді)
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 – бөлім Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Бейнегүл Байдрахмановна Мектеп: «Шахтинск қалалық әкімдігінің №5 мектеп- гимназиясы» КММ Күні: Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
М.Әуезов «Көксерек» (үзінді) |
||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. 8.2.5.1. Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
1.Сұрақ қою арқылы тыңдалған мәтін мазмұнының негізгі ойын ашып көрсету, қойылған сұрақтарға еркін жауап беру. 2. Нақты дәйектерге сүйену арқылы деректерді жинақтау. 3. Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу. |
||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты термин: жат иіс, тобылғы, баптайды, алып (зор), тағы, жасымайды. Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер: ауыл тұрғыны, жіп тағу, Көксеректі баптайды, ашқарақ. |
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жер атаулары мен сол жерде өсетін өсімдіктерге байланысты география, биология пәндерімен байланыс орнатылады. Информатика пәні аудиомәтінді пайдаланғанда қолданылады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
«Абай жолы» туындысын жазған М.Әуезов жайлы кері байланыс жасалады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы – |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Гүлмен тілек» әдісі бойынша оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек айтады және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. Мақсаты: жағымды көңіл-күй мен ынтымақтастық орнату. 1-топ – Аққасқа 2-топ – Көксерек 3-топ – Табиғат С. «Құпияға толы зат» әдісі бойынша М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғау.(Сандықшаға М.Әуезовтің «Көксерек» кітабы салынады. Оқушыларға сандықшаны көрсетем, оның ішінде не бар екендігін, сабақпен қандай байланысы бар екенін анықтаймын.) Мақсаты: Құпия заттың сабақпен байланысын анықтау.
ҚБ. Ауызша мадақтау. «Дұрыс айттың!», «Жарайсың!» Сабақтың тақырыбы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен үзіндіні оқу,сабақтың сараланған мақсатымен таныстыру, яғни мәтінді тыңдау, ондағы негізгі ойды ашып көрсету, тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдеу керектігі айтылады. |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы – |
Мәтіналды жұмыс Жаңа сөздермен жұмыс. Тапсырма.«Сөз кестесі» арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды,мысалдар жазады, суреттерін салады, сөйлемдер құрастырады. Мақсаты: сөздік қорын молайту, логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Жаңа сөздер: тобылғы, жат иіс, тағы, алып, баптады, жасымайды. С
А
Мысалдар Сурет Сөйлем
Дескриптор:
ҚБ. «Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.
Мәтінмен жұмыс ТЖ. Тапсырма. «Көксерек» аудиомәтінін екі рет мұқият тыңдайды. Ертеңінде жат иіс шықты. Жоғары жақтан дауыстар естілді. Аққасқыр күшіктерді інге тығып, тобылғы ішіне кірді. Ін аузында екі аяқтылар жыбырлады. Мықты қолдар күшікті сыртқа шығарды. Бесеуін өлтірді де, ең кішісін алып кетті. Қасқыр қалған жалғыз күшікті тістеп алып кетті. Ін бос қалды. Көк күшік ауыл тұрғыны болды. Кішкене Құрмаш күшікке Көксерек деп ат қойды. Жеке асқұйғыш – итаяқ әзірледі. Мойнына жіп тақты. Құрмаш күшікті қасына алып жатады. Құрмаш Көксеректі әбден баптады. Көксерек үлкейді. Бірде-бір ит бұны дос көрмеді. Төбеттер талап тастайды.Бірақ Көксерек «қыңқ» деп дыбыс шығармайды.
Көксерек ашқарақ. Жанында адам тұрса, тамақты жемейді. Адам болмаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашса, бермеген тамақты жеп қояды. Сосын таяқ жейді. Өзі ешкімге соқтықпайды. Суық. Құрмаш пен әжесі шақырса келеді. Сондықтан үлкен адамдар:
Бірақ Құрмаш көнбеді. Құрмаштың әжесі де:
терісін алайық, -- деді. Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Сол түні Көксерек жоқ болып кетті. Екі күннен соң қайтып келді. Құрмаш пен әжесі бұған қуанды. Көксерек семіріп, орасан боп өсті. Ол шынымен алып қасқыр болды. Көксерек тағы жоқ болып кетті. Бұл жолы қайтып келмеді. Тапсырма. Тыңдалған мәтіннен нақты деректерді анықтау үшін сараланған тапсырмалар ұсынылады.Әр топқа тапсырмалар таратылады.
«Аққасқа»тобына тапсырма. 1.Аққасқыр күшіктерді неліктен інге жасырды? 2.Неге ін бос қалды? 3.Құрмаш күшікті қалай атады? 4.Неліктен ауыл төбеттері Көксеректі талап тастайтын? «Көксерек» тобына тапсырма.
«Табиғат» тобына тапсырма. Оқушыларға «Хикая картасының» сызбасы беріледі. Осы картаға мәтіннің сюжеті жазылады. Мақсаты: Оқушы мәтін мазмұнын түсінгеніне қарай қолжетімді тапсырмаларды орындайды. Дескриптор:
ҚБ.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды. ТЖ. Тапсырма. Топтар «Кубизм» стратегиясы бойынша мәтіннен нақты деректерді жинақтайды. «Кубизм» стратегиясының шарты: Мұғалім оқушыларға кубик тастайды, кубиктің әр қырында тапсырмалар жазылады. Берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды. Мақсаты: сабақтан алған білімдерін жинақтау,ойлауға, ізденуге үйрету.
Дескриптор:
ҚБ. «Табыс сатысы» әдісі арқылы өзара бағалайды. Мақсаты: Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс жасау. Кәдімгі сатының суреті: 1-баспалдағы – Мен аздап түсіндім. 2-баспалдағы – Мен жақсы түсіндім. 3-баспалдағы – Мен өте жақсы түсіндім. |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Мәтінсоңы жұмыс Тапсырма.Топтар «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі проблеманы анықтап, одан шығу жолдарын дәлелдеп береді. Мақсаты: өз пікірлерін талқылап, дәлелдей білу. Мәселе.Қасқыр апанын адамның бұзуы, бөлтіріктерді өлтіруі дұрыс па? Себептері. Қасқырлардың көбеюі. Ауыл малдарына маза бермеуі. Шешу жолдары: Қасқыр да табиғаттың жаратылысы, тіршілік иесі, ол ұрпағын сақтап қалу үшін өмір сүреді. Ол ешуақытта бөлтіріктерін тастамайды. Адамдар осыны түсінулері керек. Қорытынды: Табиғатсыз адамның күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Дескриптор:
ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асады
Рефлексия. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүзеге асырылады. Мақсаты:Тақтада кемпірқосақтың суретіне өз аттары жазылған стикерлерді желімдейді.Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік деңгейін көрсетеді. (79 бет)
таң қалдым .. Үй жұмысы: Жазушыға осы әңгімені жазуға не түрткі болды? Сұраққа жауап беру үшін ізденеді.
|
|
|||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз


















