Материалдар / Сабақ жоспары "Менің досым" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Менің досым" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ қазақ тілі пәнінен жасалған. 5сыныпқа арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1074
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8-бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі.

Мектеп: «Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп»

Мұғалімнің аты-жөні: Солтанова Анар Амиргаликызы

Күні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

1-бөлімше: Менің досым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(5.06.)Оқылым стратегияларын қолдану: нақты мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Бағалау критерийлері:

  1. Мәтіннен негізгі тірек сөздерді табады.

  2. Мәтін бойынша жетекші сұрақтар қояды.

  3. Тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді және өз ойларын тұжырымдап айтады.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • мәтінді оқиды, жетекші тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты табады.

Көптеген оқушылар:

  • түрлі тәсілдерді қолдана отырып, нақты ақпаратты табады, сол бойынша өзінің ой-пікірін айта алады.

Кейбір оқушы істей алады:

  • нақты мәтінді оқып, нақты ақпарат тауып, өзінің ой- тұжырымын айта алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы:

Достық, адалдық, сырласу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің досым...

Досымның ерекше қасиеттері...

Достық мен үшін құнды......

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, Өзін-өзі тану

Құндылықтарға баулу:

Оқушыларды сыйластыққа, ынтымақтастыққа , адал достыққа, сенімділікке

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің стилін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Білу

«Шаттық шеңбері»

Күнде шат, күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.

Гүлдердің түсі (қызыл, ақ) арқылы топқа бөліну

Ширату жаттығуы:

Өмірдегі өзіңе қымбат ең жақын үш жанды атаңыз. Осы тапсырманы тақтадағы иллюстрациямен байланыстырыңыз.

Объект 1 Объект 2

Гүл дестелері








Оқушылар стикерге жазып оқиды.

Сабақтың ортасы

Түсіну


3 мин.



12 мин.























Қолдану








10 мин.










10 мин.



Талдау










Жинақтау

Оқылым алдында:

Мұғалім «Менің досым» мәтінімен танысатындықтарын айтады. Оқушыларға осы мәтінде кездестіремін деген 5 сөзді атауларын сұрайды.

Оқылым кезінде:

  1. Мәтінді мұқият тыңдайды.

  2. Мәтіннен тірек сөздерді түртіп алады.

  3. Мәтінді 5 сөзбен қорытындылайды. Өз жазғандарын көршілерімен бөліседі.

Ерекше қажеттілігі бар:

  1. Арнайы кестені толтыр.

Бағалау критерийлері:

  1. Мәтіннен тірек сөздерді табады.

  2. Мәтінді 5 сөзбен қорытындылайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ»

Топтық жұмыстар:

  1. Мәтіннен мақал-мәтелді теріп жаз.

  2. Оны түсіндіріп бер.

Ерекше қабілетті балалар:

  1. Мәтінге байланысты қандай мақал-мәтелдер білетіндігіңді жаз.

  2. Мәтінге ұқсас тағы қандай әңгімелер білесің? Оларды мәтінмен байланыстыр.

Бағалау критерийлері:

  1. Мақал-мәтелді табады.

  2. Оның мәнін ашады.

Енді мәтіннің мазмұны бойынша жетекші сұрақтар әзірле.

Ерекше қажеттілігі бар:

  1. Жетекші сұрақтарды құрастыруда тірек сөздерді пайдалан.

Бағалау критерийлері:

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес жетекші сұрақтар қояды.

Қалыптастырушы бағалау:«Баспалдақ»

Адал дос пен амал досты салыстыр.

Ерекше қажеттілігі бар:

1.Тірек сөздерді пайдалана отырып, салыстыр.

Бағалау критерийлері:

1.Мәтіннің мазмұнына сәйкес дос түрлерін ажыратады.

2.Өз ойларын тұжырымдап айтып бере алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Асық жинау»

Мәтін







«Ыстығын өлшеу»

«Түртіп алу» кестесі












«Ыстығын өлшеу»

«Дара диаграмма»










«Дара диаграмма»


















«Өрмекші торы» әдісі.












«Венн диаграммасы»


Сабақтың соңы:

5 мин.

Бағалау

Пайдалы тіркестерді қолдана отырып, өз ойларыңды тұжырымда.

Менің досым...

Досымның ерекше қасиеттері...

Достық мен үшін құнды......

Бағалау критерийлері:

  1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес өз ойларын тұжырымдап жеткізеді.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»

«Диалог құру»

Саралау.

Оқушыға мейлінше қолдау көрсету үшін тапсырмаларды саралап беремін. Мәселен, оқушылар мәтінді тыңдап, тірек сөздерді түртіп алған кезде ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы кесте беріледі. Оқушылар мәтінді сол кестеге сүйене отырып, талдайды, негізгі мазмұнды анықтайды.

Ерекше қабілетті оқушыларға анағұрлым күрделі тапсырмалар беріледі. Мәселен, олар мақал-мәтелді мәтіннен тыс өздері тауып, өз тұжырымдарын айтады.

Оқушы білімін бағалау критерийлеріне негіздей отырып, түрлі тәсілдермен бағалаймын. Оқушыға бағалау критерийлері мен дескрипторлар тапсырма сайын ұсынылып отырады. Оқушылар сол критерийге сәйкес өз мақсатына жеткен, жетпегенін анықтайды. Ал өз тарапымнан «Ыстықты өлшеу» әдісін пайдаланамын. Қолдауды қажет етіп отырған оқушыларға ыстығы көтерілген жағдайда қолдау көрсетемін.

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс.

Оқушылардың осы оқу мақсаты қазақ тілі, әдебиет, өзін-өзі тану пәндері арқылы толығып, жетіліп отырады. Себебі ортақ тақырып осы пәндер негізінде де қарастырылады.Оқушылардың барлық жұмыс әрекеті АКТ негізінде ұйымдастырылады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар ретінде қарастырылады.

Оқушылар тақырып аясында адал достық ұғымын қалыптастырады, жауапкершілікке, сыйластыққа ұмтылады.

Сабақ мақсаттары қолжетімді ме?

Сабақ мақсаттары қолжетімді. Себебі олардың жас ерекшеліктері, ойлау деңгейлері, өзіндік ерекшеліктері ескерілген. Себебі жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері арқылы оқу мақсатына қадамдап жету алгоритмі ойластырылған.

Оқушылар осы сабақта мәтінді түсініп, нақты ақпаратты тауып, ол бойынша жетекші сұрақтар құрастырып, оны өз тұжырымдарымен жеткізіп үйренеді. Жоспарланған саралау оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетеді.

Жалпы бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсе:

  1. Оқылым алды тапсырмалардың оқушыны тақырыпқа мақсатты түрде жетелеуі.

  2. Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, мақсатқа жетуі.

Жақсы өткізуге ықпал ететін екі нәрсе:

  1. Оқылым стратегиялары.

  2. Қалыптастырушы бағалау.

Келесі сабақта оқушылар мәтінді түсіну үшін, нақты ақпаратты табу үшін оқи алатынын білемін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!