жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. О.Бөкейдің «Атау-кере» романы және әдеби сын
Сабақ жоспары. О.Бөкейдің «Атау-кере» романы және әдеби сын
|
Пәні |
Қазақ әдебиеті |
||||||||||||||
|
Сынып: |
11 |
||||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Абдрахманова Б.Б. |
||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
О.Бөкейдің «Атау-кере» романы және әдеби сын |
||||||||||||||
|
Оқу мақсаты (қысқаша) |
11.3.4.1 – шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. |
||||||||||||||
|
|
І Ұйымдастыру ІІ Үй жұмысын сұрау. «Атау кере» романының мазмұнын толық біледі.Кейіпкерлер әлеміне талдау жасалынады. |
|
|||||||||||||
|
|
ІІІ Жаңа сабақ. О.Бөкейдің «Атау-кере» романы және әдеби сын. Сабақ мақсаты айтылады. А) Әдебиеттану ғылымы туралы мағлұмат беріледі. Әдебиеттану ғылымы үш саладан құралады: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны. Әдебиет сыны өз кезіндегі әдебиеттің даму жолдарын бақылайды. Оның жетістіктерін халыққа түсіндіреді, жақсы жағын үлгі етеді, кемшілігін сынға алады.Сын өз тұсындағы көркем әдебиеттің дұрыс бағытта ілгерлеуіне жөн сілтеп, жол көрсетеді. (Қажым Жұмалиев) Әдебиетші-ғалым Дандай Ысқақұлы ұлттық сынымыздың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қазақ әдеби сынының мынадай негізгі жанрларын атап көрсетеді: әдеби хабар, аннотация, рецензия, мақала, шығармашылық портрет, шолу, эссе, әдеби фельетон, әдеби пародия, әдеби эпиграмма, монография, библиографиялық көрсеткіш, әдеби есеп, әдеби очерк, әдеби шарж. Оқушыларды әдеби сын жазуға баулу тек шығарманың мазмұнын түсінуге ғана емес, сол шығарманың тууына себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды да терең түсінулеріне мүмкіндік береді. Өйткені көркем шығармадағы айтылған ойлардың әлеуметтік астарына мән беру керек. |
|
|||||||||||||
|
|
В) М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» ХХ ғасырдың басында, О.Бөкейдің «Атау-кере» романы ХХ ғасырдың аяқ шенінде жазылса да, екі шығарманың айтар ойында ұқсастық бар екенін байқаймыз. Берілген кестеге сүйеніп, екі шығарманы салыстырып көрейік.
С) Шығарма оқып,талданды. О.Бөкейдің «Атау-кере» романына әдеби сын жазамыз. Әдеби сын О.Бөкейдің «Атау-кере» романы адамзаттық проблеманы қозғап отыр.Дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, қатыгездік қай заманды, қай дәуірді алсаң да кездесетін адам бойындағы жаман қасиеттер. Бұл тақырыптар сонау ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері Қорқыт ата, Ж.Баласағұн, Саиф Сараи, әл-Фараби т.б. шығармаларында жақсы мен жаман қасиеттер жайлы айтқанын білеміз. Қанша ғасыр өтсе де, ғылым мен білім дамып жатса да,жазушылардың шығармаларынан осы мәселе әлі түскен жоқ. Оны О.Бөкейдің «Атау-кере» романынан ашкөзділікке салынған Ерік образы арқылы біліп отырмыз. Мұның бойында туған жердің табиғатына жан ашу, елдің қажетін ойлау, жұрттың алға басуына немесе мемлекеттің мүддесіне қызмет ету дейтін сезім-түйсіктің нышаны да жоқ. Тіпті туған анасы мен жарына да жаны ашымайтын, түпкі мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен ұмтылады. Кластасы, ауылдасы, кезінде ғалым болған, артынан тағдырдың тәлкегіне қалған Тағанды Еріктің ауылдан итше ертіп келген, досына деген қатыгездігін көріп көп ойларға берілесің. Романның соңында атау-кересін іше алмай кеткен, жинаған боқ дүниесі ешкімнің пайдасына жарамай, суға ағып кеткен Ерікті көреміз. Романның басындағы эпиграфта «Көптен кетсең, көмусіз қаласың» деген халық даналығы ақиқат екені түсінеміз.Романның идеясы да осы халық даналығында жатқан сияқты. Романның тілі өте бай, ақынның көзқарасы, философиялық ойлары Таған арқылы беріліп отырады.
Үйге: «Көркем туындыдан түйген ой» тақырыбында тапсырмалардың біреуін орындайды. 1.Эссе 2.Мақала 3.Презентация
|
|
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз













