Материалдар / Сабақ жоспары "Ойын техникасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ойын техникасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылар жеңіл атлетика сабағындағы техника қауіпсіздік ережесін біледі; - Жүгірудің түрлерін түсіндіріп бере алады. - Төменгі старттан дұрыс жүгіре алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
815
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дене тәрбиесі № 9-10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім – Командалық ойындардағы бірлесе оқу

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Даутбеков Б.Д

Күні: 01-06.10.2018ж.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:

Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың ойнау техникасы мен тактикасын дамыту.

Сабақ тақырыбы:

Ойын техникасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың кейбірі

1. Допты көздеген алаң жеріне дәл жеткізе алады, яғни допты ойынға қосу мезетінде және ойын барасында. Тактикалық амалдарды біледі және қолдана алады. Ойын кезінде қимыл әрекеттері өте таза, барлық ойыншылар мен қарым қатынасы өте жақсы.

Оқушылардың көпшілігі

2. Барлық оқушылар командалық ойын көрсете алады. Ойын кезіндегі техникалық амалдарды қолдана біледі.Ойын кезінде алаңдағы әр ойыншының қызметін түсіндіре алады. Оқушылар ойын кезінде бір-біріне деген қарым қатынастары жақсы, әділ таза ойын көрсетеді.

Жетістік критерилері

1. Оқушылар ойын барысында барлық төрешінің жест қимыл әрекеттерін біледі.

2. Оқушылар ойын алаңында жылдам ыңғайлы орын ауыстыра біледі.

3. Оқушылар ойын кезінде белгілі-бір мақсатқа жету үшін, ойын комбинацияларын әзірлейді, дұрыс іс-әрекет жасай алады.

4. Жеке оқушылар өзінің және өзгенің, ойын кезіндегі техникалық амал тәсілдерді орындау қабілеттерін бағалайды және талдайды.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар біледі:

  • Ойын кезіндегі техникалық, тактикалық амал-тәсілдерді қалай қолдану керек екендіктерін түсінеді. Сабақ барысындағы пәнге тән негізгі термин кілт сөздерді үш тілде біледі.


Сабаққа байланысты сұрақтар:

  • Волейбол ойынындағы қандай техникалық амал-тәсілдерді білесіңдер?

  • Белгілі-бір техникалық амал-тәсілдерді орындау үшін жалпы денені қыздыру маңызды ма және қаншалықты?

  • Командалық ойындарда жеңіске жету жолында, стратегия және тактика құру маңызды ма ?



Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Ойын немесе жаттығу кезіндегі іс-әрекеттің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды. Әділ және таза ойын ойнауға ынталанады.

Бастапқы білім

Оқушылар, бұрын үйренген техникалық амал-тәсілдерді, жалпы волейбол ойыны шеңберіндегі білімдерін көрсету күтіледі. Командалық ойын дағдыларын іс жүзінде көрсетулері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин



(С, Т) Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Киім киістеріне көңіл аудару. Сабаққа қаншалықты дайын болуларына көз жеткізу. Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру.

  1. Сабаққа зейіндерін аударуларына байланысты волейбол ойыны, ойындағы тактика және стратегиялар бойынша сұрақтар қою (миға шабуыл). Денені қыздыру жаттығуларын орындау.

  2. Активити (Молекулалар және атомдар). Шеңбер жасап тұру: мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау. Спорт зал бойынша айнала жүгіру жаттығуларын орындау

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, конустар, қаламсап, стикерлер.

Сабақтың ортасы

60 мин

(С, Т, Ж)

Жалпы ойын барысында, екі жақты ойын кезінде техникалық амал-тәсілдер жасай отырып, тактика құру және талдау. Жеңіске жету жолында техникалық әрекеттердің дұрыс орындалуына көңіл аудару.

А) Ойыншылардың ойын алаңындағы орындарына байланысты тактика құру және әр ойыншының ойындағы қызметін көрсету



Кері байланыс тактикалық амалдардың орындалуына

Допты ойынға қосу тактикасы.

  1. Қарсылас команданың допты дұрыс қабылдай алмайтын ойыншысын ойын барысында анықтап, допты соған қарай бағыттап соғу.

  2. Ойынға жаңадан ауысып кірген ойыншыға бағыттап соғу.

  3. Екі ойыншының арасына соғу.

  4. Допты әр түрлі күшпен соғу.

1 жаттығу. Екі оқушы бір-біріне қарама-қарсы тұрады да допты үстінен соғып ойынға қосуды дәлдікке орындайды. Қабілеті төмен оқушылар осы жаттығуды қабырғаға орындайды. 7 мин. (Жаттығудан кейін оқушыларға кері байланыс беру) 3 мин

Қорғаныстағы ойын тактикасы

  1. Қарсыластың ойынға қосқан добын қабылдау.

  2. Қарсыластың шабуыл жасаған добын қабылдау.

  3. Тосқауылға тиіп асқан добын қабылдау.

2 жаттығу. Оқушылар қабілеттеріне қарай екі топқа бөлінеді де, екі топ алаңның екі жағына орналасады. Содан кейін бір топ допты ойынға қосушылар болады, ал екіші топ допты қабылдаушылар болады. Кейіннен командалар рөлдермен ауысады. 7 мин. (Жаттығудан кейін оқушыларға кері байланыс беру) 3 мин

3 жаттығу. Бөлінген екі топ алаңның екі жағында болады. Бір оқушы стол устінен допты соғады, қалғандары допты астынан қабылдайды. 7 мин (Жаттығудан кейін оқушыларға кері байланыс беру)3 мин



4 жаттығу. Екі жақты ойын. Оқушылар ойын барысында жоғарыда жасаған жаттығуларды байланыстырып тактикалық комбинация көрсету. 25 мин.

Ойынға байланысты кері байланыс (ойыншылардың тактика және стратегияларды қалай қолдануы) 5мин



Б) Екі жақты волейбол ойыны 6*6

Ойынға байланысты кері байланыс (ойыншылардың тактика және стратегияларды қалай қолдануы)

Жетістік критерилері:

1. Оқушылар ойын барысында барлық төрешінің жест қимыл әрекеттерін біледі.

2. Оқушылар ойын алаңында жылдам ыңғайлы орын ауыстыра біледі.

3. Оқушылар ойын кезінде белгілі-бір мақсатқа жету үшін, ойын комбинацияларын әзірлейді, дұрыс іс-әрекет жасай алады.

4. Жеке оқушылар өзінің және өзгенің, ойын кезіндегі тактикалық амал тәсілдерді орындау қабілеттерін бағалайды және талдайды (кері байланыс)






Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістік. Волейбол доптары, тор, ысқырық.



Сабақтың соңы

8-10 мин

Осы сабақтағы жасаған жұмысқа кері байланыс, яғни бүгінгі сабаққа қойылған мақсатқа жету. Оқушылар өз топ арасындағы кері байланыс. Әрқайсысы жеке кері байланысты стикерлерге жазып, тақташаға жапсырып қояды ( немесе, ауызша). Мұғалімнің осы сабақ мақсаты бойынша түйіндемесі. Үйге тапсырма осы сабақтағы көздеген мақсатқа байланысты.

Ғаламтор ресурс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Екі топқа бөлу, өзара көшбасшыны тағайындау

  • Оқушыларды қабілеттеріне, деңгейлеріне байланысты тапсырмалар (күрделі немесе жеңілдетілген) беру

  • Оқушыларды бағалау, көру, кеңес беру.

  • Оқушылар бір-бірін бағалайды (өз-ара, топпен)

  • Оқушылардың тактикаға байланысты қаншалықты материалды түсінгендіктерін бақылау және талдау жасау.

  • Арнайы спорт киімі, жай сабаққа киетін киімнен қаншалықты өзгеше және ыңғайлы.

  • Ойын барысында қандай бұлшықет жұмысы көрінеді.

Спорттың адам денсаулығына қаншалықты маңызды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!