Сабақтың
ортасы
27минут
|
Тыңдалым алдындағы 1
тапсырма.С «Ой қозғау» әдіс арқылы
мәтін үзінділерін ұсынбас
бұрын Тазша баланың суреттер топтамасын көрсетемін. Сол суреттер
арқылы өтілетін
сабаққа болжау
жасайды.
Тыңдалым 2 тапсырмасы .
С.Ж. «Стоп кадр» әдісі
арқылы
Тазша баланың қырық
өтірігі туралы Видеоролик көрсету. Мәтінді тыңдап, әрі қарай
оқиғаны өз сөздерімен
дамытады.
Дескриптор
*Видеороликті мұқият
тыңдайды;
*Оқиғаны өз сөзімен
дамытады;
*Түпнұсқамен
салыстырады;
ҚБ:
«Бірін-бірі»бағалау
Айтылым 3-тапсырмасы. ЖЖ.
«Ойлан-бөліс»әдісі
арқылы
Тазшаның қырық өтірік мәтіні
бойынша диалогқа
түседі.
Коммуникативтік жағдаятқа сай
эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы
анықтайды.
Дескриптор:
*Сұрақ қоя
алады.
*Коммуникативтік
жағдаятқа сай эмоциналды сөздерді анықтай
алады.
*Өз ойын еркін
жеткізеді.
ҚБ:Өзін-өзі
бағалау
Жазылым барысында
4-тапсырма.ТЖ. «Ойлан,ізден,тап»
әдісі арқылы тұтас мәтін ұсынамын.
Мәтіннен оқшау сөздерді тауып сол сөздерді қатыстырып ауызекі
сөйлеу стильінде мәтін
құрайды.
Әбден дағдарған соң,
құрығымнан ақыл сұрадым: «Апыр-ай, енді не қылайын?! Ақылың болса,
айтшы?» дедім. Ол ант соққан, жатып тұрып өзімді сөккені ғой: «Ит
болмасаң, айналып-айналып, жерге қарай бергеніңше, көзіңді жұмып,
аспан жаққа да қарасаң болмас па еді!»—дегені ғой! «Ойбай-ау,
аспанды бұлт басып тұрғанын көрмейсің бе?» – деп едім, онан жаман
балағаттап: «Ант ұрған-ау, қолың жоқ па? – дейді. — Бұлттың әрісін
әрі, берісін бері сермеп жіберсең, болмас па еді!» – деді. Ойлап
тұрсам, оның сөзі де жөн екен. Дереу қолымды созып жіберіп, бұлттың
былайғысын былай, олайғысын олай сыпырып жібергенімде, күннің көзі
жарқырап, шайдай ашылды да кетті! Әбден мұралып болып, көзімді шарт
жұмып, аспанға қарағанымда, – мұнан артық не тамаша болсын! – Темір
қазықтың ар жағында, Шолпан жұлдызының бер жағында манадан бері
қарап, таба алмай жүрген жирен құлыным жайылып жүр екен. Әйелім ұл
тапқандай қуанып, құрығымның басында тұрып, секіре беріппін!
Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, теңізге
түсе қалып едім, шым батып барамын, Дереу пышағымды қайық қылып,
құрығымды ескек қылып түсе қалғанымда, кірпік қаққанша сыр етіп,
теңізден өте шықтым! Жирен құлынға міне салып, қайтадан теңізге
түсе қалғанымда, шым батып барамын. Дереу инемді қайық етіп,
құлынды өңгеріп түсе қалғанымда — көзді ашып-жұмғанша, теңіздің
бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес, сыр етіп, өте
шықтым. Жылқыға келген соң: «Жүріс алған құрғыр тағы көзден ғайып
болып, әуре қылып жүре ме?» деп, енесін құлынына, құлынды айғырдың
құйрығына байлап, жылқыға қоспай, далаға айдап қоя бердім. Бір
уақытта айдын мұздың үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу тобылғының
түбінде бір тумаған ту қоян жатыр екен; жалма-жан садағымды алып,
оғымның масақ жағымен атып едім, өтпеді, масақ жағын кіріске қойып,
көз жағымен тартқанымда, жұлдыздай ағып өтті де кетті. Асығып:
үсігіп, атымды бір қу қазыққа байлай салып, етегіме тезек тере
бердім. Бір уақытта қарасам, атым тулап жүр екен; етегімдегі
тезекті төге салып, атыма қарай жүгірейін десем, – сұмдық-ай! —
Манадан бері тезек деп тергенімнің бәрі бөдене екен,
пыр-пыр етіп, бет-бетіне ұшты да
кетті.
Дескирптор:
Мәтіннен оқшау сөздерді
табады;
Ауызекі сөйлеу стилінде мәтін
құрайды.
ҚБ. Дескриптор негізінде өзара
бағалау.
|
YouTube.kz
Қазақша ертегілер-Тазша
бала.
Google
Тазшаның қырық
өтірігі-Ертегілер-bilim-all.kz
|
Барлық
оқушылар:
Лексиканың ауызекі сөйлеу және
жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы
біледі.
Оқушылардың
көбісі:Коммуникативтік жағдаятқа сай
эмоционалды сөздерді дауыс ырғағы арқылы
анықтайды.
Кейбір
оқушылар:
Мәтіннен
қыстырма,қаратпа,одағай сөздерді
қолданады.
|
Қалыптастыру
бағалау:
1-тапсырма орындау
барысында
«бірін-бірі»бағалау.
2-тапсырма
барысында«Өзін-өзі»бағалау.
3-тапсырма барысында
«Өзара»бағалау
«Рефлексиялық
шеңбер»
|
Әдебиет,өзін-өзі
тану Пəнаралық
байланыс. АКТ-мен
байланыс Интербелсенді
тақта.
Ашықтық. Оқушыларға ашықтық пен адалдық
қағидаларын қалыптастыру. Жаңа білімге деген
ашықтық Құндылықтардағы
байланыс.
|