Материалдар / Сабақ жоспары. «Зар заман» жырының тарихи және көркемдік ерекшелігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары. «Зар заман» жырының тарихи және көркемдік ерекшелігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шортанбай шығармаларының тақырыбы - заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, талауға түскен жер, қоныс мәселесі, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, қиянаты т.б.Ш.Қанайұлы өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2022
1999
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні

Абдрахманова Б.Б.

Сабақ тақырыбы

«Зар заман» жырының тарихи және көркемдік ерекшелігі.

Қайталау түрлері

Оқу мақсаты

(қысқаша)

Жырдың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.Қайталау түрлерін анықтайды.



І Ұйымдастыру.

ІІ Үй жұмысын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ.

А) Мақсатымен таныстыру.

Шортанбай шығармаларының тақырыбы - заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, талауға түскен жер, қоныс мәселесі, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, қиянаты т.б. Ш.Қанайұлы өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды.

В) Әдебиет теориясы.

Жырдың тарихи құндылығы

Жырдың көркемдік құндылығы

Шығармада көтерілген мәселенің заманнан заманға өтіп, әрбір заманда да өзекті бола білуі.

Шығармадағы тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметінің жырда көрініс беруі.

Шығармадағы мазмұн мен мағына, ой-сезім байлығы, олардың түрлі суреттеулер арқылы көркем жеткізілуі.




С) 1-тапсырма. Берілген үзінділерден шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, қорытынды пікір жазыңдар.

Шығармадан үзінді

Тарихи құндылығы

Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман...

Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақында,
Елді еркіне қоймады
Буыршындай тақымдап.
Дуан басы, болыс тұр
Кәпірдің сөзін мақұлдап,..

...Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Енді сенің торыңа.
Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды...

19 ғасырдың басынан бастап, Ресей өзінің отарлау саясатын жеделдете түсті. 1822 жылы арнаулы заң шығарып, хандықты жойды. Отаршыл үкімет қазақтардың шұрайлы қоныстарын тартып алып, атақоныстарынан ығыстыра бастады. Қарапайым халық екі жақты езгіде, яғни патшалы Ресейден және отарлауды жақтаған қазақ байларынан көрді.Шортанбай ақын сол дәуірде өмір сүріп, сол кездің ащы шындығын жырына қосады.

Шығармадан үзінді

Көркемдік құндылығы

Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген...

Орыс — бүркіт, біз — түлкі...

Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.

Көркемдегіш құралдар өлеңнің мағынасын, мазмұнын күшейтіп тұрады.Ақын осындай сөздерді қолдану арқылы халықты алаңдатқан келеңсіз құбылыстарды шебер суреттеген.

Азулы-азусыз, жақсы-жаман –антоним;

Орыс — бүркіт, біз — түлкі- метафора; түріндей –теңеу.


Қорытынды пікір

Шортанбай Қанайұлы отарлау саясатын, байлардың үстемдігі мен зорлығын сынай отырып, өмір сүріп отырған заманын шынайы, дәл суреттей білген.




Д) 2-тапсырма. Шығармадағы қайталау түрлерін анықтап, сәйкестендіріңдер.


Қайталау түрлері

Үзінділер

Анафора


Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды,

Аллитерация

Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.

Эпифора

Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,

Ассонанс

Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,

Үйге: Мына берілген үзіндіге өз түсініктеріңді жазыңдар.

Үзінді

Менің түсінігім

Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды...

Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан...

Ұлдың көңілі- бір бөлек,

Қыздың көңілі – бір бөлек,..















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!