400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары:Музейде

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымы:

   Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 8-бөлім «Болашаққа саяхат»

Педагогтің Т.А.Ә


Күні:


Сынып: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Музейде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.1.1 мәтінді іштей,түсініп оқып,қажетті ақпаратты табу 4.​5.​1.​5* сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Болашақтың музейі туралы диалог оқиды, қажетті ақпараттарды табады, музейдің түрлерін біледі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы білетін болады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы


8 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу..«Өз күлкіңмен бөліс!» әдісі арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру.

Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып,әдемі күлкілерін сыйлайды.




Суреттер

Үй тапсырмасын тексеру.

Ой шақыру:Бұл не? - Музей дегеніміз не? - Музейде қандай заттар болады? - Қандай музейде болдыңдар? Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттерімен таныстыру

Үй тапсырмасын айтады.

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет пен сұрақтарға жауап беру арқылы анықтайды



Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқушылар « Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.

слайд 1










Сабақтың ортасы

(9-42 минут)


  1. Сөздікпен жұмыс: «Жаңа сөздерді үйренейік» айдарымен берілген «Деффиниция» әдісімен жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2.Дұрыс айтуға дағдыландыру: сөздерді мәнерлеп оқиды, қайталатады Музей түрлері: Тарихи музей Көркемөнер музейі Мемориалды музей Кешенді музей Жаратылыстану музей

Тыңдалым.Оқылым.

Жаңа сөздердің мағына-сын кестеден оқиды.

мұражай-музей

алға-вперед

кезінде-давным-давно,в прошлом

келесі-следующий өнертабыс-изобретение Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Музей түрлерімен танысып, атайды.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқушылар « Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.



Слайд 2

Оқулық

слайд



2-тапсырма .Ә) Шатасқан сөздердің орнын тап.

Үлгі: Қазақстанда өнертабыс жоғары бағаланады.

«Есте сақтайық !» айдарын-дағы сызба арқылы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы түсіндіреді .Мұнда «музей» сөзі мысалға алынады.

Кім? Не істеді? Ол барды.

Кім? Қайда? Не істеді? Ол музейге барды.

Кім? Қашан? Қайда? не істеді? Ол кеше музейге барды.

Кім? Қашан? Кіммен? Не істеді? Ол кеше музейге досымен барды.

Жазылым .Сөздерден сөйлем құрайды.

.2. Мен келесі жолы,Нұр-Сұлтанның музейіне барғым келеді. 3. Сен, экспонаттарды алға қой. 4. Кезінде бұл жерде музей болды.

Айтылым. «Есте сақта» айдары бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біледі. Сызбаларды толықтырып мысал келтіреді. Кім? Не істеді?_____ Кім? Қайда? Не істеді? __ Кім? Қашан? Қайда? Не істеді? ___________

Дескриптор

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады


Дескриптор

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біледі. -сызбаларды толықтырып айтады


Оқулық

74 бет
















3-тапсырма .Жоғарыда берілген сызбаны пайдаланып бірнеше сөйлем құра.

- Сөйлемдегі создердің орнына назар аудар

- Сөйлемдерді берілген тақырып бойынша жаз

Тарихи музей

Көркемөнер музей

Кешенді музей

4-тапсырма . Алдымен суретке қара, оқитын әңгіме не туралы болатынын болжап айт. Ә)Диалогті рөлге бөліп оқы

Жазылым

Үлгіні пайдаланып, бірнеше сөйлем құрап жазады.

Сөйлемдегі создердің орнына назар аударып, берілген тақырып бойынша жазады.

Айтылым.

Алдымен суретке қарап, оқитын әңгіме не туралы болатынын болжап айтады. Ә)Диалогті рөлге бөліп оқиды .

Дескриптор

-үлгіні пайдаланып, сөйлем құрап жазады.

- сөйлемдегі создердің орын;

тәртібін сақтайды - сөйлемдерді берілген тақырып бойынша жазады


Дескриптор

- әңгіме не туралы болатынын болжап айтады -диалогті рөлге еніп оқиды -қатесіз оқиды - сұрақтарға жауап береді; − сөйлем құрылымын сақтайды



Сұңғат: Мынау – біздің музей. Алға жүре беріңдер.

Тілеухан: Қараңдар, мынау – біз көрген футбол добы ғой! Сұңғат: Бұл залда ең соңғы өнертабыстар жинақталған. Келесі залға өтейік. Санжар: Мына заттар неге музейде тұр? Сұңғат: Бұл заттарды қазір мүлдем пайдаланбаймыз. Азамат: Қаламды да пайдаланбайсыңдар ма? Сұңғат:Пайдаланбаймыз.Кезінде өте қажет зат болыпты.


5-тапсырма. Берілген сұрақтар-дың жауабын диалогтен тауып оқы.

Балалар қай жерде болды? Олар музейден нелерді көрді? Балалар неге таңғалды?

Айтылым.

Сұрақтарға диалог арқылы жауап береді.




Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы :Сөздік жаттау.73 бет 2-тапсырма а)

Рефлексия .«Шапалақ ұрайық» Бағалау. Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды..







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
25.05.2023
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі