400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Шахмат ойын жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шахмат ойын жобасы


Кіріспе

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымал, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5-ші ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің заманымызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынында «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады.

Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт  түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат - ақыл-ой спорт түрі. Ойынды 2 ойыншы ойнайды.

Шахмат ережесінде ірі фигуралар ханзада бола алмайды. Тек пешка фигурасы ғана ханзадаға айнала алады. Шахмат ойынының бір ғана өкінішті жері бар, пешка фигурасы бірінші боп құрбандыққа шалынады.

Ойынның басты мақсаты:Әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Шахмат ойынының басты мақсаты-қарсыластың тастарына шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Шахмат ойынының тізбектері: Патша: 1 дана қалаған бағытында бір-бір қадамдап қана жүре алады. Ойынның басты кейіпкері болғандықтан, оған көп жүріп, соғыс майданына қатысудың керегі жоқ. Ол басқа тастар азайған кезде ғана майданға аттануы тиіс. Қалған уақытта барлығы бірігіп, патшаға жақсы қорғаныс қамтамасыз етулері керек.

Уәзір: 1 дана алдында кедергі болмаған жағдайда алға да артқа да, оңға да, солға да, қиғашынан да жүру мүмкіндігіне ие. Уәзір деген аты айтып тұрғандай, патшаның ең жақын адамы, уәзірі.

Қамал (тура): 2 дана аты айтып отырғандай,  бұл – елдің қорғанысы, қамалы. Ол алға және артқа қарай жүреді. Алдында кедергі болмаған жағдайда, ақ шаршыдан қара шаршыларға аттап, төрт бағытта қадам баса алады.  

Піл немесе офицер 2 дана: қиғаштан ғана жүреді. Өзі тұрған шаршы қара болса, қара шаршылармен аттап, ақта тұрса, ақ шаршылармен аттап жүре алады. Шахмат ойынын ойлап тапқан адам үндіс болғандықтан, бұл тасты пілді әскерге теңеген болса керек. Піл пешкадан үлкен. Оның күші атпен пара-пар болып қалады. Кейініректе оның аты офицер болып өзгертіліп, заманымызға сай әскери шең берілген екен.

Жылқы2 дана: бұл тастың жүрісі қызық. Ол «Г» әрпіне ұқсас жүреді.Піл мен қамалға (тура) қарағанда алысқа аттап бара қоймайды, қара шаршыдан аққа және керісінше аттап жүреді, алдында тұрған тастан аттап кетеді және өз жүрісінің артықшылықтары бар.

Пешка: тек қана алға жүріп отырады. Артқа қарай қайта алмайды. Алғашқы қадамын бір шаршыдан аттап, екі шаршы қадам жасай алғанына қарамастан, оның қадамдары бір шаршыдан ғана тұрады. Басқа тастарды тек қиғашынан жей алады. Бұл сарбаздың жүрісі өте баяу, басқа тастардың алдында тұрып оларды қорғайды. Осы ұландардың бір артықшылығы сол – тұрған орнынан қарсыласының ең бірінші ұяшығына дейін жететін болса, пешка және патшадан басқа кез келген тасқа айнала алады. 

Жұмыстың өзектілігі:

Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі спортпен жан-жақты айналысады да шахматтың спорттың бір түрі екендігін ұмытып кетеді, шахматты ойлау қабілеті үшін ғана керек деп ойлайды.Ерте жастан шахмат ойынына үйрету балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейтеді, өзінің ойларын еркін білдіруге мүмкіндік тудырады, мидың ойлау қабілетін кеңейтуге ықпал етеді, балалардың ынтасын шоғырландырады, еркіндікке тәрбиелейді.

Жұмыстың мақсаты:

Шахмат баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосатындығын анықтау.

Міндетері:

1. Балалар арасында шахмат ойынына қызығушылықпен қарайтындардың танымдық қабілеттерін анықтау ;

2.Шахматтың балалардың ойлау қабілетіне позитивті әсер ететіндігін дәлелдеу;

3. Орта мектептегі шахматпен айналысатын оқушылардың білім сапасына зерттеулер жүргізу.





Шахматтың пайдасы:

  1. Бала өз бетімен шешім қабылдай алатын болады;

  2. Бала назар салуға дағдыланады;

  3. Баланың кеңінен ойлау қабілеті дамиды;

  4. Балада іс-әрекетін жоспарлау қалыптасады;

  5. Шахмат мінез-құлықты тәрбиелейді;

  6. Шахмат шығармашылыққа үйретеді.

«Бірінші кезекте шахмат – ол күрес» *Шахмат  адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. *Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіс-ке жетуге деген ерік-жігер-ді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. *Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптас-тыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, бі-лім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. *Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады



Жетекші: Ахметов Ержан Кошенович


Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.12.2020
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі