Оңтүстік Қазақстан
облысы
Атакент
кенті
В.Комаров атындағы
ЖОМ
«Қызықты
химия»
сайысы
8
«а,ә,б»
Кульназарова Баян
Абдуманаповна
Сабақтың
тақырыбы: Қызықты
химия.
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың химия пәні бойынша
алған білімдерін тексеру,қызықты тапсырмалар арқылы
қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін одан әрі
дамыту.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ.
Сабақтың
жоспары:
І.“Таныстыру”.
ІI.
“Сауалхана”.
IІI. “Шытырман”
.
IV. “Формула, ал
құра”.
V.“Ғажайып
шеңбер”.
VІ. “Мен
кіммін?”
VІI. “Топ басшылар
сайысы”.
VІІI. “Химик-
сараман”.
IХ.
“Қорытынды”.
Сабақтың
барысы:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық
Оқушыларды үш топқа бөліп,ойын
сатыларымен таныстыру.
-
“Таныстыру”.
Бұл бөлімде топ басшылар
ортаға шығып өзінің тобын таныстырып шығады. (1-5 аралығында ұпай
беріледі)
-
“Сауалхана”:
Бұл бөлімде әр топқа 6
сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
беріледі.
I
топ:
1. Мыстың латынша
атауы?(купрум)
2.Темірдің атомдық
массасы?(56)
3.Физикалық денелерді құрайтын
нәрсе?(Зат)
4. «Бөлінбейтін» ең кішкентай
бөлшектер?(атомдар)
5.Шынының балқуы қай құбылысқа
жатады?(физикалық)
6. Құрамына кіретін заттардың
бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай
аталады?(біртекті)
II
топ:
1. Темірдің латынша
атауы(феррум)
2. Химиялық теңдеуді теңестіру
үшін қойылатын сандар?(коэффициенттер)
3. Құрамына кіретін заттардың
бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай
аталады?(әртекті)
4. Темірдің тот басуы қандай
құбылысқа жатады?(химиялық)
5. Адам ағзасында сүйектің
құрамына кіретін металл(кальций)
6. Термометрде қолданылатын
металл(сынап)
IІІ
топ:
1. Оттегінің салыстырмалы
атомдық массасы?(16)
2.Заттардың агрегаттық
күйлері(қатты, сұйық. газ)
3.Әрі жеңіл,әрі жұмсақ
металл(литий)
4. Ауаның 21 % құрайтын
газ?(оттек)
5.Таңбалар мен формулалар
арқылы шартты түрде жазылған реакциялар?(Химиялық
теңдеулер)
6. Азот қышқылы тұздарының
атауы?(нитрат)
IІІ. “Шытырман”
.
Бұл кезеңде үш топқа сөзжұмбақ
беріледі.Дұрыс тапқан жауапқа 3 ұпайдан
алады.
1.Күмістей ақшыл, жеңіл
металл. (магний)
2. Мемлекет атымен аталатын
элемент (германий)
3.Магнитті қасиеті бар металл
(темір)
4. Сілтілік металл
(натрий)
5.Бағалы металл
(алтын)
6.Радиоактивті элемент
(радий)
7.Ең ауыр металл
(қалайы)
8.Оқтың құрамына кіретін
металл (қорғасын)
ІV.“ Формула, ал құра
”. 10 оксидтің формуласын
құрастыру крек, әр дұрыс формулаға 3 ұпайдан
беріледі.
Са, S, O,
O2, C,
Al2, Mg,
O3, N,
Fe2.
V.“Ғажайып
шеңбер”.
Я Ч
С М И Т Ь Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х
Ъ Ә І Ң
Ғ Б
Ү Ұ Қ
Ө О
Һ
Бұл бөлімде үш минут ішінде шеңберде берілген әріптерді
пайдалана отырып химиялық элементтер аттарын құрастыру қажет. Әрбір
дұрыс тапқан элементке 1 ұпайдан беріледі.
VІ. “Мен
кіммін?”
Бұл кезеңде оқушылардың ойын
шыңдау үшін «Сырларым бар химикке болған аян, таба алсаң,
қасиетімді етем баян» дегендей жұмбақтар берілді.Дұрыс табылған
жауапқа 5 ұпайдан.
Iтоп:
Жазда жатсаң, көлеңкесіне
алады,
Қыста жақсаң, жаның рақат
табады. (Ағаш)
Шыдасаң да алты күн ассыз
мүлде
Шыдау қиын бұл затқа екі
күнге (су)
Ауаны шарлап
кезеді,
Таза күйінде
пайдасыз.
Білгіш болсаң айта
ғой,
Қосылысы- өмір
өзегі (Азот)
IІтоп:
Кең әлемді
кернейді.
Көзің бірақ
көрмейді. (Ауа)
Ол болмаса астың дәмі
кірмейді
Кім бар екен әлемде оны
білмейтін (тұз)
Қоссаң кірді
кетіріп,
Кисең көңіл
көтеріп,
Шыны ыдыста
тұрады,
Асханада
болады. (Сірке
суы)
IІІтоп:
Шаршап жүріп құдық
қазсаң,
Тынығып жатып не
ішесің? (Су)
Оттекті, оттексіз боп
бөлінеді,
Бәрі тек бір элементтен
басталып (қышқыл)
Табылса бұрын
там-тұмнан,
Кәзірге көп әрбір
өлкеде.
Қымбат болды
алтыннан,
Қандай металл ертеде.
(Алюминий)
VІI. “Топ басшылар
сайысы”.
Бұл кезеңде әр топтың
басшылары берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізе білуі
керек. Екі конвертте тапсырмалар
жасырылған:
1-тапсырма: “Химиялық
элементтер-тірі ағзалардың бастауы.”
2-тапсырма: “ХХI ғасыр-химия
ғасыры.”
3-тапсырма: “Химия және
біз”
VІІI. “Химик-
сараман”.
Әр топқа химиялық қоспалар
беріледі, олар дұрыс әрі жылдам бөліп алуы
тиіс.
IХ.
“Қорытынды”.
Сайыстың қорытындысы бойынша
жеңіпаз топ анықталады.
-
Ғылым - жалпы халық игілігі,
олай болса, белгеле бір ақиқатты алғаш рет айтқан адамды ғана емес,
оған өзгелерді сендіре білген, сол шындыққа көз жеткізген және оны
ғылым игілігіне жаратқан адамды артығырақ құрметту
керек.