Материалдар / Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек.Бұл сабақта достық туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
851
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин „Сыр сандық”

Сабақтың мақсаты: 1. Сәкен өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия

сырына сусындату.

2. Ақын поэзиясының тереңіне бойлату, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша оты рып, рухан бағдар беру.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру.

Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, пікірталас.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, ин.тақта, бейнетаспа.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) (С.Сейфуллиннің „Тау ішінде” әні тыңдалады.)

- Балалар, жаңағы орындалған ән кімнің әні?

- Жақсы, дұрыс, балалар.

- Кәне, олай болса Сәкен жайлы ойларымызды ортаға салайық

(Оқушы жұмыстары тыңдалады.)

- Дұрыс, балалар, сендер С.Сейфуллин жайлы біраз мәліметтер тауып келіпсіңдер.

3) Компьютермен жұмыс.

Ақын-жазушылардың пікірі

б) Сонымен, Сәкен жайлы ой-пікірлерімізді тұжырымдай келсек,

Сәкенді кім деп айтуға болады екен?

Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.

в) Сәкен суреті, сұлулығы.

- Балалар, осындай қабілеттерімен қоса, ол кісінің сыртқы бітімі, кескін-

келбеті қандай екен? (Өте сұлу, көрікті, әдемі болған)

Дұрыс айтасыңдар, осы жерде С.Мәуленовтың мына бір өлең жолдарын айтпай кету мүмкін емес, өлең жолдары еріксіз тіл ұшына оралады.

Өмірде жан екенсің қия алмайтын

Өлеңнің құшағына сия алмайтын

Қазақты көргің келсе, міне осы деп

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

ІV. «Сыр сандық» өлеңі

а) – Осындай сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан

шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»

Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Өлеңнің тақырыбын ашайық.

«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.

«Сыр» деген не?

«Сандық» деген не? Оған қандай заттар саламыз? «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?

Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.

ә) Мәтінмен жұмыс /Өлеңді мәнерлеп оқимын/

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі:

1-2,3-4, 5-7, 8-11, 12-19, 20-21 шумақтары)

1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып, қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос.

2-топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі-берік қойма. Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.

3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.

4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулы орманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.

5-топтың жауабы. – Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі, жүрегі.

6-топтың жауабы. –Адамның жүрегі-алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол-шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.

Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

б) Талдау сұрақтары.

- Өлең не жайында жазылған?

- Қандай достық туралы айтылған?

- Арам достық туралы айтылған жерлерді тауып оқыңдаршы.

- Адал достық туралы айтылған жері ше?

- Ақын арам достықты «жем аңдыған тауыққа» теңейді.

- Ақын ойынша нағыз достарды қалай ажыратуға болады?

- Сыр сандықты неге биік шыңға қояды, неге жай ғана төбешікке қоя

салмайды?

Әр адамның ішкі сыры берік қойма болуының сыры неде?

Ендеше

Сонымен, өлеңнің негізгі идеясы не екен?

Адал достықты дәріптеу.

VIІ Топтық жұмыс

І топ — Өлең құрылысына талдау

ІІ топ – Адал достыққа байланысты эссе жазу

ІІІ топ – Арам достыққа байланысты эссе жазу.

Сергіту сәті мақал –мәтел айту дос туралы.

VІІІ Ойталқы

1. Достық дегенді қалай түсінесің?

2. Жақсы досты қалай табу керек?

3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

4. Досыңның кім екенін ата-анаң білуге тиіс пе?

5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

6. «Дос болайық» деп ұсыныс жасауға бола ма?

1 топ «Менің жан досым» тақырыбында эссе жазу.

2 топ Сакен Сейфуллинге хронологиялық кесте құру .

3 топ Дос деген сөзді топтастырулары керек.

Адалдық әдептілік шыншылдық сенімділік

Ал, бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім?

/ Адамгершілігі мол/

Қорытындылай келе айтарым:

«Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.

Х. Үйге тапсырма беру, бағалау

Өлеңнен үзінділер жаттау.

«Кездессе маған сол бейне» атты шығарма







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!