Материалдар / Шалбар түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шалбар түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға шалбар түрлерін, сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру және дамытушылық: жалпы қабілеттілікті қалыптастыру. Тәрбиелік: эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
746
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалбар түрлері. Өлшем алу (9 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға шалбар түрлерін, сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру;
Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту;
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық, жұптық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: сән журналдары, оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, см таспа, буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: сызу, алгебра

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Ине, жіп, қайшы суреттері қиылған суретті әрбір оқушы таңдап, топ ішінде қайта құрау әдісі бойынша сыныпты үш топқа бөлу, сыныпқа жағымды ахуал туғызу;
1 - Топ: Ине
2 - Топ: Қайшы
3 - Топ: Жіп

ІІI. Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақтар» қою арқылы тексеремін
1. Сән журналдары алғаш рет қашан шықты? (17 ғас)
2 Қазіргі кезде қандай сән журналдарын білесің? ( «Маусым сәндері», «Сымбат», «Burda»)
3 Сән журналдары қай ғасырда көбейе түсті? (19 ғас)
4. Журналмен жұмыс істеуде нені білу керек? (нұсқаулармен, шартты белгілермен таныс болуымыз керек)
5. Қажетті үлгіні қалай көшіріп алуға болады? (калька қағазымен )
6. Таңдаған модельдің қиындық деңгейі қалай көрсетіледі?( нүктелеп көрсетіледі )
7. Жайылма парақта үлгілер қандай түстермен көрсетіледі? (қызыл, жасыл, көк, қара)
8. Түсініктеме мәтінде не жайлы айтылған? (онда үлгінің аталуы, өлшемі, мата шығыны бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі)
9. Burda` журналында өңдеу деңгейі **** нені білдіреді? (Орындалу денгейі үлкен тәжерибені қажет етеді)
10. Сән журналындағы барлық модельдер қандай өлшемдерге берілген? (36, 38, 40, 42, 44, 46 өлшемдерге берілген. Бұл немістің өлшем жүйесі. Ал өз тілімізге көшіретін болсақ онда осы сандарға 6 санын қосу керек.)
Ой толғаныс. Видиоролик арқылы бейнетаспа көрсетіледі, мағынасын табу

ІV. Топтық жұмыс. Мәтінді тану, постер қорғау
1 - топ тапсырмасы: Шалбар түрлері ( Галифе шалбарының тарихы) және оның жасалуы
2 - топ тапсырмасы: Классикалық шалбар мен күліш шалбарды сипаттап, айырмашылығын табу
3 - топ тапсырмасы: Капри мен бриджи шалбарды сипаттап, айырмашылығын табу
Классикалық шалбар – мұқият салынған қыры бар түзу ұзын шалбар (19 - сурет). Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.
Күліш шалбар – балақ жағы кеңейтілген ұзын шалбар (20 - сурет). Бұл шалбардың екі түрі бар: тізеден бастап күліш және саннан бастап күліш. Шалбардың бұл түрін ХХ ғасырдың 70 - жылдары әйелдер мен ерлер киген. Қазір олар тек әйелдердің сәнді киім коллекцияларында.
Джинса – саржалық өрімі бар тығыз мақта матадан тігілген шалбар.
Капри – ұзындығы балтырдың ортасына дейін келетін тар шалбар (21 - сурет). Оның авторы – дизайнер Соня де Леннарт. Ал аты алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына байланысты.
Бриджи. Бұл шалбардың ұзындығы көбіне тізеге дейін жетеді, алайда кейде одан аздап төменірек те болады. Шалбардың төменгі жақ жиегінде резеңке немесе манжет болуы мүмкін. Бриджидің мықын тұсы тар немесе керісінше кең болады.

V. Сарамандық жұмыс
Шалбарға арналған өлшемдер алу (Жұптық жұмыс)

Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді.
Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы,
Жартылай бел айналымы – Жба,
Жартылай мықын айналымы – Жма,
Шалбардың ұзындығы - Шұ.
Отыру биіктігі - Об.

Өлшем алу үшін мына ережелерді сақтау қажет
1. Өлшемді адамның оң жағында тұрып алады, алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.
2. Белді алдын ала жіппен буып қояды
3. Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет
4. Денені өлшегенде таспаны тартуға немесе босаңсытуға болмайды
5. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады
6. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады
Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады

VI. Жұптық жұмысты бағалау
VII. «Еркін микрофон» Маған ұнаған шалбар тақырыбына оқушылар өз пікірлерін айтады
VIII. Қорытынды. «Кір жаю әдісі»
1. Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады?
2. Шалбардың қандай түрлерін білесін?
3. Галифе шалбарын кім ойлап тапты?
4. Классикалық шалбарды қай жерлерге киюге болады?
5. Шалбарларды тігуге қандай өлшемдер аламыз?

IX. Кері байланыс. « Не ұнады? Не қиын болды?» (оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жапсырып, білдіреді)
X. Бағалау
XI. Үйге тапсырма: Шалбардың сызбасын есептеу, құрал - жабдықтарды алып келу







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!