Жаңаөзен қызмет көрсету
және жаңа технологиялар колледжі
“Бекітемін”
Жаңаөзен қызмет көрсету
және
жаңа технологиялар
колледжі
директордың тәрбие
жөніндегі
орынбасары;
_____________Г.
Бақтыбаева
«___»_____2020жыл
Топ
сағаты
Тақырыбы: «Сәлемдесу сөз
атасы»
Тобы:
127
Жетекші: Бохаева
Қ
2020жыл
Мақсаты:
а)
Білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің
түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік
қасиеті екенін
түсіндіріп, білімдерін
нығайту.
ә)
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін
дамыту.
б)
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
суреттер,
нақыл сөздер, кескіндемелер,
бейнетаспа
Мұғалімнің кіріспе
сөзі. Қай халық болмасын, қай ел
болмасын, бір – біріне жылы мейірі мен кең пейілділікті, достықты,
өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып,
өзінің аманекендігін білдіруі
– сәлемдесуінде.
Мұғалім: Халықаралық сәлемдесу күні
(World Hello Day) жыл сайын дәл осы күні, яғни 21 қарашада аталып
өтеді. 1937 жылы бұл мерекені ағайынды американдықтар Майкл мен
Брайен Маккамоктар ойлап тапқан болатын. Сол кездері Египет пен
Израильдың арасында шиеленіс болып жатқан еді. Осы суық соғысты
басу мақсатында өмірге келген бұл мереке сол күннен бастап
халықаралық қақтығыстарды басудың басты күні саналды. "Бір оңтайлы
шешімін табу керек", - деп балақ түріп, білек сыбанған ағайындылар
әлемнің барлық елдеріне жарқын көңілмен ашық хат жолдайды. Жер
бетіндегі елдердің қақтығыстарын басайық деп ешкімге қолқа
салмайды, идеяны өздері-ақ қолға алды. Олар сосын сәлем айтып
жіберген хат алушыдан тағы бір адамға осындай хат жолдауын өтінеді.
Тым болса, осы хат алушының атынан 10 адамға жіберілсе деп тілейді.
Уақыт өте келе бұл мейрам әлемнің 180 елінде тойлана бастап, олар
да ағайындылармен қосыла осы идеяны қос қол көтере
қолдайды. Содан бері Халықаралық сәлемдесу күні жер шарындағы
кез келген жанның ортақ мерекесіне айналды. Бұл күні адамдар бар
ренішін ұмытып, өзіне өкпе ұстап жүрген жандарды бауырына басып
кешеді. Тіпті танымайтын жандарды көрсе де, сәлемінің қаншалықты
түзулігін көрсетіп ықылас танытады. Аталған мереке Халықаралық
болғандықтан бәріміз үшін де маңызы ерекше. Мұны жас та, кәрі де,
әйел де, ер де, бай да, кедей де қатар тойлайды. Бұл - әлем
елдерінің татулығы мен келісімін нығайтатын ұлы күн! Бастысы сәлем
беру, сәлем алу ғана емес. Мәселе - көңілде... Шын ниетпен айтқан
сәлеміңіз адам көңілінің көтеріліп қалуына себепші боларын
ұмытпаңыз.
-Оқушылар сендер сәлемдесе
білген адам қандай болады деп ойлайсындар?
-Ал енді сендер білесіңдер
амандаспайтын адамдар болады олар қандай адамадар деп ойлайсыңдар?
(Мейірімсіз, қатігез, ызақор, паң,
өркөкірек)
«Сәлем – сөздің
анасы» деген мақалды, Білгені жөн әр қазақтың
баласы. (оқушылар өздері білген мақал-мәтелдерін
айтады)
1.Бір күн танысқа мың күн
сәлем
2.Сәлемі түзудің өзі
түзу.
3.Алыстан 6 жастағы бала
келсе, 60 – дағы қария иіліп сәлем
береді.
4. Әдептілік белгісі иіліп
сәлем бергені
5.«Сөз анасы
-сәлем»
6.Базарда мың кісі кездессе
әркім сүйгеніне сәлем береді,
7.«Көргенді бала алыстан сәлем
береді,
8.Замандасы жоққа сәлемдесетің адам
табылмайды,
9.Сәлем
түзелмей, әлем түзелмейді,
10.сәлемдесудің артығы жоқ /жаман баланың есі
жоқ!
Мұғалім: Сәлемдесе білген адам
иманды. Ислам діні сәлем беруді,рұқсат сұрауды
шариғатқа енгізген.Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадис шарифтерінде:
«Бір - біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім
- махаббат оянады», «өзіңе кезіккен жасы үлкендерге сәлем беріп,
амандас. Оны тану - танымауың шарт емес. Ол достықты арттырады әрі
адамдығыңды анықтайды», «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі»
дейді.
«Ислам»
орталығы сәлемдесу, хадистер туралы
айтады.
Ислам діні
сәлем беруді, рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. «Сәлем – Алланың
жердегі есімдерінің бірі» делінген 347 – хадисінде. 91 – хадисінде:
«Біріңмен – бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда
мейірім – махаббат оянады» делінген. «Егер сізге сәлем берілсе сіз
одан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз». 86 –
аяттан.
«Әдептілік қағидалары» (
жағдаяттар шешу оқушылар өз ойын
білдіру)
1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар
бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып,
әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты
шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете
береді. Егер
де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер
едініз?
2. Екі
оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол
оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар
өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де
сізде осындай жағдай болса сіздің іс
әрекетіңіз?
3.
Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді
ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
4. Көшеде
жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау
керек?
Қортынды жасау
Күн
шуақтарын толтыру- әр оқушы өз қолдарынның бейнесі
жатыр.
Бағанада
айтып жатырмыз қазақ халқы
сәлемдесу
арқылы біз кандай боламыз
Инабатты,
сыпайы, ізетті,әдепті,
-Балалар
неге ұқсайды ?«Күн» бүкіл әлемге жылуын, нұрын шашып тұрады,ендеше
күдей жадырап, шуғымызды шашып амандасып
жүрейік!
«Сөздің
саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы
Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса
керек.
Қамшының
сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз
түзу болсын.