Материалдар / Сәндік кескіндеме техникасымен танысу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәндік кескіндеме техникасымен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
Кескіндеме туындыларын жасауда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің түрлерін меңгеріп, пайдалану арқылы, оның стилін, тарихын меңгереді, білімін тереңдетіп толықтырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәндік кескіндеме техникасымен танысу



Кескіндеме туындыларын жасауда  жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің түрлерін меңгеріп, пайдалану арқылы, оның стилін, тарихын меңгереді, білімін тереңдетіп толықтырады.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Кескіндеме техникасы мен түрлерімен таныстыру.

Кескіндеме өнері мен Қазақстан суретшілері мен шығармалары туралы мағлұмат беру.

ә)Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі; иллюстрация,репродукция,, т,б.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,ой туғызу,қызығушылығын ояту, мастер-класс.

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы;

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, амандасу.

б) Құрал - жабдықтарын тексеру.

в) Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын көңіл күймізді көтеріп алсақ.

Қанекей көңілімізді көтеру үшін, бір бірімізге сәттілік тілей отыра шарды бір бірлеріңе лақтырасыздар.

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру презентация. Canva программасы арқылы көрсетіледі.


«Кескіндеме» сөзі орыстың «живо» және «писать» деген сөздерінен тұрады.

Ал, қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол «тірі жазу» немесе «өмірдегідей бейнелеу» деген мағананы білдіреді.

Егер біз кез келген затты шынайы бейнелегіміз келсе, графикалық (қарындашпен) суретпен-ақ бере аламыз. Бірақ графикалық суретті дәл өмірдегідей жандандырып бейнелей алмаймыз.Оны тек кескіндемеде бояу негізгі бейнелеу құралы болып есептеледі.

Жалпы кескіндеме деп кез келген түрлі-түсті бояумен салынған шығармаларды айтамыз.

Кескіндемеде шығарманың сәтті шығуы суретшінің шеберлігіне, техникасына, дәлірек айтсақ, дақтарды қалай жағуына байланысты болады. Дақ қылқаламның бояумен қағаз бетіне жағылған ізі. Суреттің әрбір бөлшегінде түрліше құбылып түскен түсті дақтар оны жандандырып, әр береді. Кескіндемеде дақ әр түрлі стильде түрліше беріледі.

Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді.

Оқушылар кескіндеме қандай топтарға бөлінеді .

Олар:

  1. монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер); Сурет арқылы

  1. қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар; Сурет арқылы,

  1. сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.). Сурет арқылы

  1. Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады. Сурет арқылы

Shape1



Елестету арқылы бейнелеу жұмысын орындау.

Мысалы: жайлау, табиғат көрінісі, судың бейнесі т.б.

Оқушылардан сұрау: Колорит дегеніміз не ? Jamboard программасы арқылы сұрақ қойылады.

Оқушылар: Колорит дегеніміз алуан түрлі бояу түстерінің бір-бірімен тығыз байланысып, бір үйлесім табуы.

Мұғалім: Колоритті кеңінен түсіну үшін суретші Салихитдин Айтбаевтың «Түйелер» шығармасына назар аударайық. Мұнда суретші қаншама құбылмалы түрлі-түсті бояуларды пайдаланған.


Мұғалім: Оқушылар туындыдан қандай түстер көріп тұрсыздар. Jamboard программасы арқылы сұрақ қойылады. Сұрақтарға жауап беру.


Оқушылар: Қызыл, көк, сары,қоңыр т.б көптеген түстер бір-бірімен қиюласа, жымдаса жағылған.

Мұғалім: Бір түс басқа түстен ерекшеленіп «айқайлап» тұрған жоқ, қайта тоғысып, үндесіп тұр. Бояуының құрамы алуан түрлі колоритке бой шығарма екені бірден байқауға болады.

Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да Кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.

Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар.

Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.

Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастельтушь та молынан қолданылады.

Кескіндемелік шығармалар неше топқа бөлінеді:

Оқушылар: Екі

Мұғалім: Қандай-қандай топқа бөлінеді. Jamboard программасы арқылы сұрақ қойылады.

Оқушылар: -ұзыншалай жатығынан бейнелеу,

-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді.

Кескіндеме шығармаларын (кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеменің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұлдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі.

Сурет арқылы көрсетілім; Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі. Барлығы да Кескіндеме туындысының жалпы идеясына, стиліне, көркіне сай және жарасымды болуға тиісті.

  1. Сұрақтар:

Мұғалім: Қазақстанның әйгілі суретшілерін атаңыздар, білгендеріңіз болса жылдарымен. Jamboard программасы арқылы сұрақ қойылады.

Оқушылар: Әбілхан Қастеев– қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген.

Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25. 7. 1925 жыл, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18. 5. 1993 жыл, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі
1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Қосымша Қазақстанның әйгілі суретшілердің кескіндеме суреті көрсетіледі. Canva прогрммасы арқылы слайд.

Мастер-класс көрсетілім оқушылармен. Сәндік натюрморттының эскизін салып бояу. Мысалыға суреттер көрсетіледі.

Керекті құралдар; Акварель, гуашь,қыл қаламдар, А3 қағазы, палитра, т.б.

Рефлекция

Мұғалім: Бүгін сіздерге сабақ ұнаған болса , сіздермен тексеріп көрсек үстелдің үстінде тұрған смайликтерді таңдап, оны мыжып корзинаның ішіне дәлме-дәл түсірсеңіз сабақ ұнағаны, дәлме-дәл түспей қалса дәл тигізуге тырысамыз келістік. Артынан тексеріп смайликтер арқылы сабақтың барынша ұнағанын көреміз.


























Ашық сабақ өткізу мақсаты: Кескіндеме техникасы мен түрлерімен таныстыру. Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту. Әйгілі суретшілердің жұмыстарын көрсетіп таныстыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!