Материалдар / Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деген сөз бекер айтылмаса керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
2177
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі


«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың

жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев


Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деген сөз бекер айтылмаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Ағымдағы жылдың 11-15 қазан аралығында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өттік. Курс онлайн түрінде, ZOOM платформасында өтілді.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

«Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-, деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, қазіргі   заман талабына  сай білім  беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы шарт.

Курс тренер Жолшыбекова Салтанат Оразханқызының жетекшілігімен өтті. Ол курсқа келіп отырған барлық мұғалімдерге талмай еңбек етіп, өз білгенін мұғалімдерге үйретіп, іс-тәжірибесімен бөлісе білді. Курс  барысында тренеріміздің басшылығымен  әр  ұстаз өз  білімі мен іскерлігіне  сүйене  отырып, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен қажеттілігін жан-жақты дәлелдеп қарастырды.

Курста бұрын білмей жүрген, тебірентіп жүрген сұрақтарға жауап ала алдық. Сонымен қатар курс бізге сенімділік пен болашаққа дұрыс қадам басуды үйретті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойымызға оралып отыр.  Салтанат Оразханқызы өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді.

Өзгерістер күн сайын   емес, сағат сайын  өзгереді. Яғни, білім бір орында тұрмайды деген сөз. Жақсы жаққа бет бұрғанымыз еліміздің дамып келе жатқандығын білдіреді. Осындай, курстардың аясында  ұстаздар түрлі шешілмей жүрген жағдаяттарды, жауапсыз жүрген сұрақтардың  жауабын ала алады. Курс бізді тек білім берудің жолдарын үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар  өз өміріңді реттеуге, өзгерістерді енгізуге жетелейді деп білемін.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар. Елбасының мұндай терең айтылған ойларын курс барысында алған білімдерімізбен ешбір кедергісіз  дәлелдей аламыз. Курс басталғаннан аяқталғанша ешбір кедергісіз білімімізді үздіксіз жетілдіріп отырдық. Салтанат Оразханқызының майда дауысымен айтылған әрбір сөзі көкейімізде жіпке тізген моншақтай сақталды.

Біздің білім жетілдіруімізге осындай жағдай жасап отырған «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ басшысы Искакова Лаура Тұрлыбекқызына және «Ат аунаған жерде түгі қалар» демекші, курстың барлық қыр-сырымен терең таныстырып, сапалы білім берген тренеріміз Жолшыбекова Салтанат Оразханқызына айтар алғысымыз шексіз.

Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбектеріңіз жемісті болып,  білімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіздер демекпіз.





Аташова А.К.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

39 «Асықата» ЖОББМ қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!