Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Саралжын – киелі мекен
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КIPICПE
Ауыл — адамзаттың кең дүниенің енсігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауылда барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, ән өрнегін айшықтаған сазгер , күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.
Ауыл — халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе?
Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен еткен барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша туған өлкемізді кеңінен зерттеп, дамыту жолдарын қарастыру шараларын жүргізу іздің басты мақсатымыз болып табылады.
Мaқcaты: Саралжын ауылы атауының шығуын, құрылуын, мектеп тарихын, ауылдан шыққан дарындар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу.
Мiндeттерi:
-
Зерттелетін ауылдың тарихы бойынша әдебиеттермен танысу;
-
зeттey бapыcындa кітапханашы, ауыл ардагерлерінен мәлімет жинақтау;
-
жануарлар дүниесі мен өсімдіктер жамылғысын зерттеу;
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Саралжын ауылының атауының шығуын, құрылуын, мектеп тарихын, ауылдан шыққан дарындар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесі анықталды. Зерттеу нәтижелері оқушылар мен мұғалімдерге ауылдың тарихы туралы кеңінен білуге және қорғау және қалпына келтіру үшін ұсыныстарды ұсынуға мүмкіндік береді.
Ғылыми жобаның құрылымы: Дипломдық жұмыс 1 тараудан, 15 беттен, сонымен қатар кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Саралжын – киелі мекен
1.1 Саралжын атауының шығу тарихы
Жер-су атауларының қойылуында ұлттық таным мен салт-дәстүрдің және елдегі саяси жағдайдың ықпалы мол болатыны белгілі. Сондықтан болар, географиялық атаулардың (топонимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себептері адамзат баласын ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Бұл орайда қазақ даласының жер-су аттарының шығу тарихын зерттеу арқылы сол замандағы ұлтымыздың таным-түсінігін анықтай аламыз. Мысалы, ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы жоңғар қалмақтарының шабуылы нәтижесінде біраз жерлеріміздің атауы моңғол (қалмақ) тілінен енді. Қазақтар әрбір даладағы, қыраттағы, таудағы, өздері мекен еткен жерлердің әрбір иірімдерін жетік білген және барлығын ұмытпау үшін сөзбенен белгі салып отырған. Осы жер-су атауларының мағынасын білу – өзіміздің туған өлкені білу, өлкенің тарихын білу және өз ұлтыңның, ата-бабаларыңның тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін, дүние танымын білу деген сөз.
Дүние есігін шыр етіп ашқан әр жан туған жер төсінде әлдиленеді. Туған жер тарихы кім-кімді болмасын қызықтырары анық және бұл тарихты білу әр адамның парызы.
Халқымыз ертеден-ақ жер-суын атауға бейтарап қарамаған. Оған үлкен мән бөліп, ерекше қараған.
«Саралжын» атауының шығу төңірегінде қалыптасқан бірнеше пікір бар:
1)Топоним «саралжын» өсімдігінің атына байланысты қалыптасқан. «Саралжын»-суы тартылған өзен, көл арналарында өетін жусан тектес шөп түрі. Ал оның биіктігі аттылы адам көрінбетіндей.
2) «Саралжын» топонимі моңғол тіліндегі «сиралджин» (қурай) сөзінің негізінде қалыптасуы мүмкін.
3)Сар(сары) сөзі моңғол тілінде «сұр» мағанасын береді, қазақ тіліндегі құла, сұр түстерімен мағыналас келеді.
Ал 1801 жылы Бөкей ханмен көшіп келген халықтың арасында «Саралжын» атауы туралы мынадай дерек бар.Сол жылы осы жерге көшуге тиісті рулар жаппай көшу басталды. Ұзақ жол жүрген рулардың дегбірі қашады. Алыстан біздің аттылы адам көрінбейтін саралжын шөбі жайлай өскен жеріміз көрінгенімен, мүлдем жеткізбей қояды. Көп күн жүрген соң ғана жеткен ру ақсақалдары бұл «сары ала жын» яғни «алдаушы , арбаушы жын» деген мағына береді деген де аңыз бар.
Ал XVII ғасырда моңғол тайпалары өзара қырқысуда болды. Сөйтіп 1628 жылы моңғолдың торғауыт тайпалары қазақ даласы арқылы жөңкіле көшті. Патша үкіметіне бас иеміз деген оларды патша үкіметі мына жерге орналастырды. Олар жайықтың оң жағалауы мен еділ бойы болатын. Ал жоғарыда атап өткендей моңғол тіліндегі «сиралджин» сөзі біздің жерімізде сол кездері мекендеген торғауыт тайпаларының қойған атауы болуы да мүмкін.
Саралжын ауылының айналасындағы жер-су атауларына тоқталар болсақ. Бескөл атауының шығу тегі.Бескөл айналасында бес көл болғандығынан. Олар Құрманкөл, Ембидайық, Лайкөл, Бозкөлмек, Сарыой көлдері. Сол себепті Бескөл атанған. Бескөл жері шұрайлы егін өсіруге қолайлы жер.
Сарыой атты жерде бұрын егіс бригадасы орналасқан. Тау-тау үйілген арпа,бидайларды механкиалармен тазартқыштармен тазалап, сонан соң Жәнібек элеваторына жөнелтіп отырған.
Құрманкөл елді мекені. Ертеде халхоз кезінде ауыл болған. Бірыңғай беріш рулары қоныс тепен.Бұл жерде Құрманөл атты атақты адам тұрған. Әр ауылда тұратын тоқсан үйлі беріштің ақыл-еңес беретін ақсақалдарының орталығы осы ауыл болған,-деген халық арасында әңгімебар. Бұл ауылда мектеппен мешіт болған.
Қабандыжырада кезінде қамыс өскен .Және де қабандар мекен еткен.Кейіннен суы тартылан соң қабандар-Самараға ауып кетен.
Қараой елді мекені. Саралжын ауылынан 9 шақырым жерде.Совхоз кезінде бие байлап қымыз сауырған.Қараой ерте кезден жылқышылар отырған шағын ауыл.
Маян көлі. Саралжын ауылынан 5 шақырым жерде. Колхоз кезінде сиыр сауылған шағын ауыл. Сауын сиырдан сауыншылар май даярлаған. Май даяарлаған майлы көл болғандықтан Маян деп атаған.
Ғылыми дерек көздеріне сүйенсек, «Саралжын» атауы өсімдікке қатысты алынған деген пікір бар. Өз аумағымыздағы елді мекендердің атауының шығу тарихын білу - әрқайсымыздың парызымыз.
1.2 Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте
Саралжын ауылы Батыс Қазақстан обылысы Бөкей Ордасы ауданы Сайқын ауылынан Солтүстік шығыста 210 шақырым қашықтықта, облыс орталығынан 430 шақырым қашықтықта орналасқан. Казталовка ауданы орталығынан 75 шақырым,бұрынғы Жалпақтал аудан орталығынан 80 шақырым жерде Саралжын көлінің жағасында орын тепкен ауыл. Солтүстікте Казталовка ауданының Көктерек ауыл округі, Оңтүстікте Т.Масин ауылы, Шығыста Жаңақала ауданы, Батысында Казталов ауданымен шекараласады. Саралжын ауылы 1930-62ж Жанақала ауданына, 1962-72 жылдары Казталов ауданына қараса, 1972 жылдан бері Орда ауданына қарайды.
XIX ғасырдың 80-90 ж осы өңірді 12 ата Байұлының
әртүрлі рулары
Соның ішінде алаша руының Қуан деген байының жайлауы болған.
1918-23 ж. аралығында тұрғындар жеке малдарын ортаға салып,
серіктестік құра бастаса,
1924-27ж Саралжын, Құрманкөл ауылдарында ТОЗ дар құрылып,
Иімбидайық, Сарыой, Қызылой деген жерлерде жер жыртып, егін салып,
шаруалар бірігіп жұмыс жасаған. Сол кездегі ТОЗ-дың жетекшілерінің
бірі Әлиев Жаниман деген кісі болған. 1935-60ж колхоздар
біріктіріліп «Энгельс» колхозы деп аталды. Колхоздың сол кездегі
басқармалары Қалқаманов Әбдірахман, Ахметов Ким, Жакуов Сағын т.б
болған. 1938 ж Саралжын ауылында МТС құрылып ауыл көлді айналып
қоныстана бастады. Қаз ССР ауыл шаруашылық министірлігінің 1962
жылғы 10 қыркүйекте №69 бұйрығына сай Саралжын ауылында «Энгельс»,
«Құрманғазы», «Екпінді құрылыс» колхоздарының негізінде Құрманғазы
атындағы совхоз құрылды. Совхоздың тұңғыш директоры болып СОКП ХХІІ
сьезінің делегаты шебер ұйымдастырушы Бейсенбі Ғұбашев
тағайындалды. Совхоз құрылғанда жалпы жер көлемі 276,300 га болса,
оның 250,491га- на ауыл шаруашылығына пайдалы жер яғни 7759 га
егістік, 44,150 га шабындық, қалғандары жайылымдық жер болды. Ірі
қара -3866, қой -20,305, жылқы – 4251, түйе - 630 бас болды.
Техника 20 шынжыр табанды трактор, 40- дөңгелекті трактор, 28-
автомобиль болды. Жаңадан құрылған савхоз бас мамандары мына
құрамда болды: Партия ұйымының хатшысы Жақсығалиев Аксерік, Бас
зоотехник – Байғазиев Әнес, бас мал дәрігері – Мұхаммедрахимов
Батыр, бас инженер – Нұрғазимов Ғайнеден, бас бухгалтер- Нәукешов
Болат, бас экономист – Еркінгалиев Ғұмар , жұмысшылар комитетінің
төрағасы Берденов Тұрымтай, кадр бөлімінің меңгерушісі -
Әбдірахманов Кеңес болды. Совхозда еңбекке жарамды 736 адам 5
бөлімшеде (орталықтары Саралжын, Бөрлі, Бескөл, Тереңқұдық,
Бесқұдық) жұмыс жасады.
Совхоз кезінде жаңа тұрғын үйлер, кітапхана, шеберхана, мектеп, мектеп- интернат, аурухана, аэропорт, метеостанция, клуб, тұрмыстық қамту, робкооп, ауылдық кеңес жұмыс істеді.
1967 ж. көршілес Ұялы ауылынан Искра совхозы құрылып, Құрманғазы атындағы совхоздың № 3 бөлімшесін (Тереңқұдық) 500 сиыр, 7000- қой, 72 га жер жаңа шаруашылыққа берілді. Сол жылы Казталовка совхозына да 700 сиырдан көмек көрсетілді. 1977 жылы қаңтар айында Т.Масин атындағы совхоз ашылғанда оған құрманғазылықтар №3,№4 бөлімшелерді (Бөрлі,Куйбышев)беріп 300,6 жылқы 13 мың қой 350 түйе 81 мың га жер берді. Кеңес өкіметі тарағаннан кейін Құрманғазы атындағы совхоздың да іргетасы шайқалып, нәтижесінде 1990 жылдың аяғында шаруашылық тарады. Сол кезеңнен бермен қарайғы уақытта жеке шаруа қожалықтар құрылып ауыл тынысы жаңа заманның ағысына қарай өзгерді. Халық шаруашылығын көркейтуде, өзі өмір сүрген кезеңде Энгельс атындағы колхоздың немесе Құрманғазы атындағы совхоздың еңбекшілері екпінді қызмет атқарып, ел экономикасын байытуға үлкен үлестерін қосты. Мысалы: Энгельс атындағы колхоздың аға шопаны Әбіл Меңдібаев (суретте) 1956-57 жылдары қой басын өз төлі есебінен көбейтуге қосқан зор еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Сол сияқты жылқышылар: Иманғалиева Қ, Құтқожин Әмен сияқты азаматтар үкіметтің жоғары наградасы «Ленин» орденіне ие болды. Совхоз экономикасын байытқан 2 мәрте «Еңбек Даңқы» орденінің иегері механизатор Ермекқалиев Қойшекен, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері аға шопан Әлденов Амантай, «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Әбдірешев Жұмағұл, аға шопан Мұқанғалиев Қалиакпар, аға сауыншы Жардемова Мағрипа т.б. болды
Совхозды әр жылы басқарғандар:
1962-66 ж.ж. Бейсенбі Ғұбашев. 1966-75 ж.ж. Ақылбек Қалдышев. 1975-77 ж.ж. Байғұтты Сапарғалиев. 1977-87 ж.ж. Мұғадар Қаженов. 1987-94 ж.ж. Жамбыл Насимуллин. 1994-98 ж.ж. Жасқайрат Ишанов.
1.3 Батырлар рухы өшпейді
Адамзат тарихында алапат қасірет әкелетін екінші дүние жүзілік соғыс сан ұрпаққа сабақ болып қалды. Кеңестер Одағын жалғыз Отан деп сенген аға ұрпақ қан майданда қасың қаны қалғанша шайқасты.Қасіреті мен қасиеті мол жеңістің кермек дәмін ұрыс даласында немесе тылда жүріп үлес қосқандардың ішінде біздің жерлестеріміз болды.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, соғысқа облыстық әскери комисариаттан 76 мыңнан астам адам аттанған. Оның 38500-і қаза тапқан және іс-түссіз жоғалып кеткен. Жерлестеріміздің 6500-ден астамы батылдығы, ерлігі және әскери шеберлігі үшін жауынгерлік орден медалдармен марапатталған.Күні кешеге дейін Кеңес Одағының батыры атағын алған Батыс Қазақстандықтардың саны 30 делініп келіп еді. Қазіргі мәліметтерге қарғанда жерлес батыр аға-апаларымыздың саны 39-ға жетіп отыр. Мұндай ауыр кезеңде бүкіл еліміз сияқты Республикамыз, Батыс Қазақстан облысы, оның оннан астам аудандарының бірі Жаңақала жұртшылығы да жауға тойтарыс беріп, кеңес қоғамын, социалистік құрылыстың жемістерін қорғап қалу жолындағы күреске белсене қатысқан.
Осындай қиын қыстау кезінде біздің аулымыздан көптеген азаматтар майданға аттанды. Солардың ішінде елінің ертеңгі үшін білек күшін білеген, найза ұшын тіреген жерлестеріміз Ғалым Талипов, Хамза Кенжеғалиев, Әнес Байғазиев, Ғаббасов Жекен, Исмағұлов Меңдіғұл, Талипов Әділ, Әбілқайыров Жұбаныш, Ізғалиев Қуанғали, Сүлейменов Шаңгерей, Қисахметов Сапар, Ғұбашев Құзырғали тағы да басқалар бар еді. Олар майдан даласында ерліктің небір ғажап үлгілерін көрсетті. Өкінішке орай, олардың тек жартысы ғана елге жеңіспен оралды. Біразына тоқталып кететін болсам:
Талипов Ғалым -1923 жылы 12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының № 12 ауыл советінде туған.1941 жылдың 29 – шы желтоқсанында Жаңақала аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия алынып, 1942 жылдың 4қаңтар күні тиісті әскери бөлімге келген. Танкіге қарсы оқ ататын атқыштар мектебінде оқып, осы мектепті оқып бітіргенде кіші сержант,ал,Ақтөбе қаласындағы 2-ші Бердичев әскери училищесін 1942 жылдың күзінде бітіріп,кіші лейтенант атағын алған. 1944 жылдың наурыз айынан 1945 жылдың 9-шы мамырына дейін 1 Беларусь майданы, II танк корпусының,12-ші механикаландырылған атқыштар бригадасының бөлімдерінің бірінде взвод командирі болып соғысқа қатысты. 1947 жылы елге оралғаннан кейін оқытушылық жұмысқа кірісті. I ,II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін» , «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен наградталған.
Сүлейменов Шәңгерей 1923 жылы 20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Саралжын ауылында дүниеге келді. Жаңақала орта мектебінің 7 класын бітіргеннен кейін,Орал педагогикалық курсына түседі.1941 жылы оқу орны жабылғаннан кейін,1941жылдан бастап Алгай қазақ жетіжылдық мектебінде физика-математика пәнінен сабақ береді. 1942жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысты. I дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен наградталды.1946 жылы елге оралғаннан кейін, халық ағарту саласында қызмет етті.1959-1961 жылдары Ф.Энгельс атындағы мектепте директор, оқу ісінің меңгерушісі ,физика-математика пәнінің мұғалімі болып зейнетке шыққанға дейін еңбек етті.Халық ағарту саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің озық қызметкері » белгісімен наградталды. 1993жылы 21 маусымда қайтыс болды.
Кенжеғалиев Хамза 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №7 ауылда туған. Жаңақала орта мектебінен сегіз жылдық білім алады.1940-1942 жылдары колхозда істеп 1942 жылы тамыз айында әскер қатарына алынады.
1943жылдың қаңтар айынан бастап Калинин майданы «Великое Луки» ды алуға оны қорғауда болған, сол алғы шептен сәуір айында кіші командирлер курсына кеткен. Курсты бітіріп 82 мм минаметте командир расчет болып «Старая Русо» қаласын жаудан босатуға қатысқан. (1943.18.08).Осы ұрыста жараланып, жазылып 1944 жылдың сәуірінде І-Беларус майданына барған, айжарым қорғану шебінде болып, кейін үлкен шабуыл дайындығынан өтіп 2-Прибалтика майданына келіп 12 июльде Латвия қаласы Ригага келгенде 19 шілдеде жараланған. 1945 жылы 20 мамырда елге оралады 1948 жылы Орал педагогикалық училищесін бітіреді. 35 жыл жұмыс жасаған.
Алайда, уақыт өткен сайын жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің арасы сиреп барады.Республикамызда 2000 жылдың 1 қаңтарындағы деректерге қарағанда, майдангерлердің қатарында 75000 астам адам бар еді. 2005 жылғы 9мамыр қарсаңындағы мәліметте олар 35300-ге түскендігі белгілі.Ал 2009 жылдың 1 қаңтарындағы цифр бойынша біздің Республикамыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерден 12879 адам қалған екен. Сонда, қазіргі таңда 12789 асыл ардагерлер ғана тәуелсіздік таңын қуанышпен қарсы алуда. Солардың қатарында қазіргі кезде ауылымыздағы көзі тірі ержүрек қариялар Талипов Ғалым мен Кенжеғалиев Хамза да бар.
Біздің ауылымызда соғыстан кейін 100 шақты майдангер болған. Ал елге оралмағаны 200-ге тарта адам. Оны мектебіміздің алдындағы ескерткіш тақтадан да көруге болады.Осы ерлігі естен кетпес ерен ерлердің қатарында Кеңес Одағының батыры Мәжит Жүнісов те бар.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жұртының 96 азаматы Кеңес Одағының батыры атағын иемденсе, солардың ішінде жерлесіміз Мәжит Жүнісовтың болуы біз үшін ұлы мақтаныш. Сонымен қоса, ұрпағының баянды болашағы үшін жанын шүберекке түйіп, сол жолда өзін құрбан еткен жерлесіміз Арыстан Ахметовпен біз кеудемізді тік ұстаймыз.Ол -жау қолына түссе де, немістер оларды қанша азаптаса да, бірақ берілмеген сегіз батырдың бірі еді. Бақытжан Қанапиянов оның ерлігін, батырлығын, отансүйгіштік қасиетін паш еткен «Сөз соңы» («Послесловие») атты деректі поэмасын жазды.Жаңа ғана аты аталған қаһарман батыр Арыстан Ахметов-қазіргі таңда Саралжын ауылының тұрғыны Арыстанова Мәмпәс шешейдің туған әкесі.Осы қыршын кеткен боздақтардың арасында қайда соғысқаны, қайда жерленгені беймәлім адамдар да бар.Алайда, олардың есімдері есте сақталып, батыр бабаларымыздың ерлік істері туралы мәлімет жинақтап, зерттеу – болашақ ұрпақтың парызы.
Кейінгі ұрпаққа осы есімдер ескерткішінің әр сызығы, әр кірпіші айрықша ардақты, ер есімдері ұрпақ жүрегіне өлшеусіз қымбат болмақ.Аталарымыздың жан қиысқан ұрыста сақтап қалған жерлері келер ұрпаққа, яғни, біздерге, аманат екенін ұмытпайық!
1.4 Мектеп тарихы
Құрманғазы Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы ауданымыздағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі саналды. Өзінің бастауы 1918 жылдан бастайды. Сол жылы құмда Ақсор 4 класты бастауыш орыс – қазақ мектебі болып ашылған Алғашқы меңгерушісі -Ақжанов Ишан. 1933-34 жылдары меңгеруші – Яхин Шамұрат болған. 1938 жылы Саралжын МТС-і құрылған кезде оқу үйі салынып, мектеп осы ауылда біржола тұрақтады. Ал оған дейін мектеп елмен бірге қыс қыстауға, жаз жайлауға көшіп жүретін еді. 1941-42 жылдары Жетіжылдық мектеп болып ашылған болатын, директоры Сафуанов Қажығай. 1942-45 жылдары Жылқыбаева Ғайша. 1945-50 жылдары Мұхаммедқалиев Ғаббас, 1950-52 жылдары Дүзеев Мұқанғали,1952-53 жылдары Рахметова Сарида, 1953-56 жылдары Сүлейменов Шәңгерей, 1956-58 жж. Даулетов Бисекеш, 1958-59 жж. Есқайыров Хайролла директор болып жұмыс істеді. 1958-59 жж. Осы мектептен Құрманғазы атындағы мектеп-интернаты бөлініп шықты. 1959-60 жж. Ф.Энгельс атындағы 7 жылдық мектептің директоры Сүлеймен Шәңгерей, (1959-61ж) Ақмедияров Жасен (1962-72 ж) болды. 1963 жылы мектеп «орта мектеп» болып аталды. Жаңа оқу корпусы салынып берілді.
1972 ж. бері қызмет атқарып келген мекеме басшылары:
1972-78 жж. Ұлпақов Тұрсынғали, 1978-79 жж. Уәлиев Жеңіс, 1979-94 жж. Сейтов Серікқали, 1994-95 жж. Қисахметов Ерназар, 1995-2002 жж. Хайруллина Маржан, 2002-2003 жж. Сметов Тулеген, 2003-2004 жж. Рашқалиев Қуандық, 2004 жылдан 2011 жылға дейін Баритова Нұрсауле, 2011 ж. Сабиров Нуркен,2012-2017 жж. Сметов Тулеген, 2017 жылы Ермекқалиев Ерлан мектеп-директоры болып жұмыс жасап келеді.
Қазіргі уақыт талабы – шәкірт білімінің тереңдігі. Бұл талап күн өткен сайын мұғалімге ізденіс үстіне тынымсыз еңбек жүктеуде. Алдына осындай үлкен міндет, мақсат қойған аудан орталығынан шалғай жатса да, аудан мектептерінің алдыңғы көшінен көрінетін іргелі білім ошағының бірі – «Қ.Сағырбаев» мектеп-балабақшасы ұжымы.
Мектепте бұл күнде 50 мұғалім, 210 шәкіртке жан-жақты білім береді. Мұғалім мен оқушы, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жолға қойылып, нәтижеге бағытталған білім беру жолында мектебіміз аянбай еңбек етіп келеді.
Міне, осындай киелі шаңырақтың өткені мен бүгінін тарзыласақ, мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттер еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада жұмыс істеп жүр. Астаналық Жасқайрат Сүндетов – экономика ғылымдарының докторы, профессор, оралдық Нәсиев Бейбіт - ауыл шаруашылық ғалымдарының докторы, Тұяқ Шәмелов –ҚР еңбек сіңірген әртісі, елге танымал күйші, Рашқалиева Гулсара – ҚР еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды драма тетрінің әртісі т.б. мақтанышпен айта аламыз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие – осы мектеп саласындағы үздік қызметкерлер Жұмашев Каким, Рахметова Нұрсұлу, Әбиева Меруерт, Қисахметов Ерназар, Уразгулова Гулжиян, Сметов Тулеген т.б. лайықты еңбек етті. Дуйсенғалиева Сағадат, Жамангарина Гүлшат, Сакуова Венера, Сұлтаниярова Зинаида, Қуанышева Назым, Кабибуллина Альфинур ерен еңбегімен оқушының алғысына алып жетістікке жетіп отыр Сонымен қатар алтын ұя мектебінен білім алып өз ауылында қызмет жолын жалғастырып жатырған жас мамандар Тлепқалиев Нұрсұлтан, Неткалиева Назерке Құбаева Бұлбұл және Бақыт Асыл.
1.5 Саралжын ауылынан шыққан дарындар
Саралжын – киелі мекен. Осынау киелі мекенде туған дарындар да баршылық. Ән мен жырға бөленген топырақта дарындардың туылуы да заңдылық десек, олардың шығармаларын зерттеуді, оны көпшілікке таныстыруды өзіміздің абыройлы міндетіміз деген ойдамыз.
Осы бір Саралжын топырағынан шыққан ақын-композиторлар аудан, облыс көлемінде ауылымыздың абыройын асқақтатып, биіктерден көрініп, жалындап, кейіннен көрші ауылдарға көшіп, қоныс аударған Елекеш Қалиев, Сатқан Мұталов, байырғы ақын Жұмғаш Меркулов ақсақалымыз. Ауылымыздың тағы бір мақтанышы - күйші-сазгер Тұяқберді Шәмелов Қажыгерейұлы.
Тұяқберді Шәмелов 1951 жылы қыркүйек айының 6-шы жұлдызында БҚО Орда ауданы Құрманғазы атындағы совхозда дүниеге келген. Құрманғазы атындағы қазақтың консерваториясын тәмамдап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінде 1970 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет етеді.1-ші Республикалық Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы оркестрдің бас концертмейстері және жеке орындаушысы, күйші–композитор. Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мақтау грамотасымен екі мәрте марапатталды, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мақтау грамотасымен, сонымен қатар, Өзбек, Беларусь мемлекеттері мәдениет министрліктерінің мақтау грамоталарымен марапатталған.
Тартымды, лирикалық әндерімен елін, халқын тәнті еткен композитор Тұяқ ағамыздың бұл саладағы алар асуы, шығар белестері, көтерілер биік шыңдары да әлі алда...
Тұяқберді Саралжын ауылының азаматы болғандықтан да өзінің туған жеріне арнап «Ауылымды сағындым» атты әнін шығарып, туған ауылына деген сазды сағынышын өзінің әні арқылы білдірді. Кітаппен бірге ауылымыздан шыққан дарындарымыздың өлеңдерін компак-дискге жинақтадық осыдан үзінді ретінде Тұяқберді Шамеловтің «Ауылымды сағындым» әнін Айжұлдыз бен Лунараның орындауында қабыл алыңыздар.
Ұлағатты ұстаз, ауылымыздың ақиық ақыны аудан, облыс көлемінде ауылымыздың абыройын асқақтатып, кеңінен танымал болған, «Саралжын-жерұйығым» әнінің сөзін жазған Ерназар Сапарұлының өлеңдерінде үлкен мағына, әрі мәнді ұйқастар бар.Осындай өлеңдерінің бірі, барша бөкейліктерге танымал «Бөкейлік болсаң...» өлеңі осы өңірдің тұрғындарының бойына мақтаныш сезімін ұялтары анық:
Емес қой мақтан, сірә, бұл
Биікке самғап шыға біл
Танылғың келсе тарландай
Бөкейлік болып туа біл
Бөкейдей елсіз өңірде
Еңселі орда құра біл
Жәңгірдей жарқын жаңашыл
Жасампаз істер қыла біл
Салықтай ғылым көгінде
Жарқырап, жайнап тұра біл
Құрманғазы болып күмбірлеп
Даланың үнін ұға біл
Махамбет болып дауылпаз
Тайырдай «Тасқын» жыр ағыл
Тарихын танып ақтаңдақ
Тозаңын аршып жуа біл
Осындай өршіл үні бар
Шежіре Нарын құмы бар
Бисендей батыр ұлы бар,
Мәншүктей «Тұмар» қызы бар.
Еліңнің өткен өмірін,
Бөкейлік болсаң ұғып ал!
Әрбір ақынның туған жеріне деген өзіндік сүйіспеншілігі болады. Сол сүйіспеншілік пен махаббаттың «Саралжын жерұйығым» өлеңімен білдіреді:
Орда топырағында, Саралжын ауылында дүниеге келген дарындарды осы мекенде туған әрбір перзент жатқа білуі тиіс. Олардың жыр-маржандары мен шағала-әндерін көгімізде қалықтату – біздің парызымыз. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін!» демекші, өз тума таланттарымызды асқақтату, оларды зерттеу жұмыстары осымен тәмамдалмақ емес, әлі де жалғасын таба берері сөзсіз.
1.6 Жануарлар дүниесі
Саралжын ауылында малдың жалпы саны – 13,631, соның ішінде ірі қара – 3493, қой мен ешкі – 9192, түйе 23, жылқы – 923.
Далалық жерінде киік, көлдер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында түлкі, қарсақ, қасқыр, қян, күзен, құнды; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б мекендейді. Ауданымызда құстардың көптеген түрлері аққу, қоңырқаз, шіл, кезқұйрық, безгелдек, т.б кездеседі.
Сүтқоректілердің өздерінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны кеңінен таралған. Қамысты қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр су тышқаны мекендейді. Орқоян кеңінен таралған.Жыртқыштардан қасқыр түлкі, аққұлақ мекендейді. Сондай-ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады.
Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жақанат едәуір көп Тұяқтылардан киік көп тараған. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер.Олар: қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі.
Ауылымызда бауырымен жорғалаушылардан кесірткені жыландарды кездестіруге болады. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресі жәндіктер және қоңыздар басым болып табылады. Әртүрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Оларға ірі құрттарды, өрмекші кенелерді жатқызуға болады.
1.7 Өсімдіктер жамылғысы
Саралжын ауылында сан алуан түрлі өсімдіктердің қанат жаюы топырақ үлгілерінің таралуына, олардың механикалық құрамдарына, ылғалдану режимдеріне, тұздану дәрежесіне, сортаңдануына, жер асты суларының деңгейі мен минералдану дәрежесіне, баурайлардың көріністеріне және басқаларына байланысты. Сол себепті тіпті топырақтың бірдей үлгісі жағдайының өзінде бір жерден екінші жерге ауысқан кезінде өсімдік жамылғысынан елеулі айырмашылық табуға болады.
Астық тұқымдас өсімдіктер қауымдастығы шалғынды-қызғылт топырақты солтүстік бөліктеріндегі далалық тосқындарда таралған. Мұнда жақсы нағыз дамыған далалық шымды астықтұқымдастар-бетегебоз, садақбоз, тарақбоз, ақ селеу, бетеге және шөлейт еркекшөбі басым болып келеді. Бетеге мен далалық, көпшілік жағдайда шалғынды-далалық сан алуан өсімдіктер құрамы тосқындардың тереңдігіне байланысты. Тосқындарда далалық бұталы өсімдіктер жиі кездесіп, олардың ішінде әдетте шаңқурай жапырақты тобылғы басым болады. Алай да, ауылдың солтүстігіндегі далалық тосқындардың үлкен бөлігінің табанын бидайық жайлаған. Ол оңтүстікке бет алған сайын жиілене түседі.
Шөлейт далалардағы ақселеулі алаптар екі фенологиялық фазаларға бөлінеді: біріншісі – қанатты ақселеулі көктемгі әсем (саздақ және құмдауыт топырақтарда әдетте бетеге боздар, ал құмдауыттарда қанатты ақселеулер) далалар. Екіншісі – түбірлі ақселеулі жазғы (садақбоз, тырсық бетеге) далалар.
Шымды өсімдіктердің басым (қайталама) топтанып өсуі далалардың белдерін жайнатып жібереді. Мұндай өсімдіктер бүкіл көктеп, жетілу кезеңінде өсіп-өне береді, бірақ олардың далалық белдікте дамуы жазғы қуаңшылық айларында (шілде-тамыздың бірінші жартысында) бәсеңдейді: бұл өсімдіктердің өнуін жартылдай тыныштық кезеңі деп атайды. Шөл қалыңдығының шарықтау шегі маусым айында байқалады және ол жауын-шашынның мол болуымен тұспа тұс келеді. Ауылдың шөл далалық өсімдіктер қауымдастығында шөлдалалық өңірлік түймедақты және ақ жусанды-шымды астықтұқымдасты (түймедақты-бетегелі-бозды және ақ жусанды-бетегелі және ақ жусанды-шөл далалық еркекшөпті, ал шөл-далалық жартылай бұталы өсімдіктер жарыса өседі. Аталған өсімдіктер қауымдастығы әдетте, сортаң жерлердегі қара жусанды өсімдіктер қауымдастығымен біртұтас кешен құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмыс кешуге тиіс. Жасампаз ауылдың тұтқасы – білімді де өнегелі жастадың қолында. Ауылдың көркеюі – жастардың санасы мен сезіміне,рухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!
Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз. «Ырыс алды — ынтымақ» дегендей, барша халық туған ауылын ұлттық өмір сүрудің өзегі деп танитын көзі ашық, көңілі ояу әрбір азамат жұмысына жұмыла кірісуі керек.
Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз — сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекеліде, мерекелі, құтты мекенге айналады. Міне, сондықтан да балалар, осыц ауылды көркейтуге келешекте өз үлестеріңді қосады деп ойлаймын.
ПАЙДAЛАНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ
-
«Өлкетану» үйірмесінің жинақтауымен құрастырылған «Саралжын» энциклопедиясы.
-
Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы. Бас.ред Ж.Адаев.-Алматы. Арыс,2002.-Б.348
-
Сдыков М.Н Батыс Қазақстан Облысының тарихи-мідени және табиғат мұралар ескерткіштері Бөкейорда ауданы. 14т М.Н Сдыков және т.б – Орал, 2009.-192 б. –Б.20-23
-
Қазақ энциклопедиясы Бас,ред. Б.Ө.Жақып Х том.Алматы:Айбын,2011. -880б. –Б.360.
-
Ауыл энциклопедиясы-Шағын отан. Туған өлкен – тұңған шежіре.
-
Елеуов Т., Установление и упрочение Советской власти в Казахстане, А-А., 1961
-
Жұбанов А., Қазақстың халық композиторы Құрманғазы 1936ж
-
Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі, А., 1958;
-
Ысмайлов Е., Жаңа белеске, 1968; Қазақ әдебиетінің тарихы 1,2 кітап 1964,
13