Материалдар / Шарттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шарттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шарт жайлы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШАРТТАР

ЖОСПАР:

ШАРТТАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

КІРІСПЕ



Азаматтық-құқықтық шарт әрекетінің аясы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі құқықта әртүрлі салалардағы шарттар мәселесі көтеріле бастады.

Мәселе былай қойылып отыр, шарт ұғымы азаматтық құқық шеңберінен шығып отыр, өйткені азаматтық-құқықтық шарттан басқа еңбек шарты, отбасы құқығының шарттары, жер қатынастарының шарттары, қаржы шарттары және т.б. кездеседі, бірақ біздің ойымызша мәселені басқаша қоюға тура келеді. Кез келген жеке құқықтық саланың бәрінде де шарт жасалса ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылады. Шарт — бұл тараптардың (жақтардың) келісімі. Кез келген келісім тараптардың тең болуын алға тартады, өйткені теңсіздік орын алған жерде бұл келісім емес, билік пен бағыныштылық орын алады. Теңдік қатынастар — бұл азаматтық-құқықтық қатынастар. Азаматық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарттар түрлі азаматтық құқықтық қатынастардың тууына негіз болып табылады. Қазіргі нарықтық заманда тұлғалардың құқықтары мен міндеттері осы шарт негізінде пайда болады. Сондықтан да азаматтық-құқықтық шартқа байланысты оның түрлерін, ұғымын, шарттардың мазмұнын, қорытынды тәртібін, өзгертулер мен бұзу сияқты сұрақтарды ашып қараудың маңызы өте зор.

Курстық жұмыстың өзектілігі: сол бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына көшуге байланысты шарттар қоғамымыздағы ауыстырылмас байланыс құралына айналды. Себебі, елімізде шағын, орта және үлкен кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы осы саладағы субъектілер арасында тығыз байланыс орнатуға мәжбүрлейді. Олардың құқықтық жағдайын белгілеуде шарттардың алатын орны да зор. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, шарт — азаматтық-құқықтыққатынастарды тудыратын заңдық факт болып табылады. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, мен өзімнің курстық жұмысымды жазуда алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:

Азаматтық құқықтағы шарттар институтының ерекшелігіне тоқталу;

Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру негіздерін қарастыру;

Азаматтық құқықтағы шарттардың жекелеген түрлеріне жалпылама сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

тақырыптың теориялық сипатын ашу;

шарттардың түрлерін жіктеу;

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.



І ТАРАУ. ШАРТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Шарт туралы жалпы түсінік



Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат. Шарт — көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді. Шартты рим құқығы әр түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. Рим құқығында шарттың көне түрі — стипуляция ұғымы қолданылған. Стипуляция — азаматтардың міндеттерін бекітетін, салтанатты сөздерді жариялап айту нысанында жасалатын формальды және абстрактілі ауызша контракт (келісім). Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсіндірмеде құқық саласында шарт терминін бірнеше мағынада қолданылатынын көрсетеді, яғни, біріншіден, міндеттемелер туындайтын құқықтық факт ретінде; екіншіден, міндеттеменің өзі ретінде; немесе шарттық міндеттемелер көзделген құжат ретінде көрінеді.

Азаматтық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады дер едім. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарт — құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады. Жалпы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне жүгінсек, 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады. Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады. Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт, заңнамамен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. [І: 2; 33-34бб.]

Шартты жасасу оның қатысушылары арасында заңды байланысты бекітуге әкеп соғады. Жалпы жүріс-тұрыс ережелерін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы олар бағытталған субъектілердің арасында өз-өзінен өзара қарым-қатынастарды тудырмайды. Ал нақты тұлғалардың арасында шарт жасасу олардың арасында нақты қарым- қатынастың пайда болуына әкеп соғады. Ол субъектілердің арасында өзара әрекеттерді тудырып қана қоймайды, сонымен бірге шарттық қатынастарға қатысушылар жүзеге асыратын барлық әрекеттердің тәртібі мен кезектілігінің талаптарын айқындайды. Осылайша, шарт реттеуші функцияны атқарады — тұлғалардың туындаған байланыс шеңберіндегі әрекеттерінің құқықтық режимін қарастырады. «Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді. Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас- тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы). Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Шарт еркіндігі туралы норма Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабының азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген. [ІІ: 1; 45-46бб.]

Шарт еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады. Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті. Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі. Шарт еркіндігі азаматтық құқық субъектілерінің келесі мәселелерді шешудегі еркіндігінен көрінеді:

1) шартты жасасу не жасаспау;

2) шарт бойынша серіктесті таңдау;

3) шарттың түрін таңдау;

4) шартқа қандай да бір ережелерді енгізу.

Шарт еркіндігі принципі сондай-ақ мынаны білдіреді: тараптар кез- келген шартты — заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген және көзделмеген, бірақ азаматтық заңнаманың жалпы қағидалары мен бастамаларына қайшы келмейтін шартты жасасуға құқылы. Сонымен қатар тараптар заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген түрлі шарттардың элементтері бар (аралас шарт) шартты да жасаса алады. Егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарында тиісті бөліктерінде элементтері болатын шарттың ережелері қолданылады. Осылайша, шарт еркіндігі тараптардың шарт талаптарын айқындаған кездегі еркіндігін көздейді. Заңдарда немесе өзге құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт талаптары тараптардың еркімен айқындалады. Шарт талаптары диспозитивтік қарастыратын жағдайларда, тараптар өздерінің келісімдерінде оны қолдануды алып тастай алады немесе онда қарастырылғаннан басқалай ережені белгілей алады. Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде «азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен тудырады» делінген. Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі қызметін сақтап қала бермек.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!