400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаттық нұрын шашқан Нұр Пайғамбар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхаммед (с.а.у) – Ислам пайғамбары. Ислам ағымдарына сәйкес Алланың соңғы елшісі. Мұхаммед (с.а.у) мұсылман үмметін біріктіріп, адамдарды Ислам дінін ұстануға насихаттады. Пайғамбарымыздың өміріне келер болсақ: Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаттық нұрын шашқан Нұр Пайғамбар

Мұхаммед (с.а.у) – Ислам пайғамбары. Ислам ағымдарына сәйкес Алланың соңғы елшісі. Мұхаммед (с.а.у) мұсылман үмметін біріктіріп, адамдарды Ислам дінін ұстануға насихаттады. Пайғамбарымыздың өміріне келер болсақ: Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы.

Рәби’ул-әууәл айының он екінші түні. Тіл оқиғасынан кейін 50-55 күн өткен. Меккенің қарапайым отауы, Дүйсенбі таңы атуға жақын, сәресі уақыты. Жалғанда жалғыз рет болатын қайталанбас сәт екі дүниенің сұлтаны-Мұхаммед саллалаhу алайhи уә сәллам дүниге келеді. Сол кезден бастап бүкіл әлем қайғы-қасіреттен арылады. Пайғамбарымыздың бір ерекшелігі –арқасында , екі жауырын арасында, жүрегінің тұсында пайғамбарлық мөрі. Бұл белгісі пайғамбарымыздың соңғысы екенін дәлелдейтін еді. Пайғамбарымыздың атын атасы Әбдімүтәліп қойған. Мұхаммед (с.а.у)- арабша мақтаулы деген мағынаны білдіреді. Мұхаммед (с.а.у) пайғамбар – Алланың барша адамзат баласының, періштелердің мақтауына ие болған дүниедегі жалғыз адам. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) қой да баққан. ПАйғамбарымыздың 38 жасында беймәлім қызық жағдайлар кездесті. Күтпеген жерден ғайыптан дауыстар естіп, кейбір жерлерде жарық сәулелер көрінді. Оқыс оқиғалар күн сайын ежелей түсті. Ұзақтан кейде тап іргесінен «Ей,Мұхаммед» дегенді анық еститін. ПАйғамбарымыз мұның себебін еш түсіне алмаған. 610 жылы Мұхаммед (с.а.у) 40 жаста.Көптен күткен сәт.Жәбірейіл періште- Мұхаммедпен (с.а.у) жүзбе жүз кездеседі. Уақи әкелуші періште- Жәбірейіл, қараңғылықты жарып, сымбатты жігіт бейнесінде Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у) көрінді. Тәтті әрі қатты дауыспен « оқы!» деп бұйырды. Пайғамбарымыздың бойын үрей биледі. Сонан соң есін жинап «мен оқи алмаймын, оқи білмеймін»- деді.

Жәбірейіл қайтадан «оқы!»- деді дауыстап.

Мұхаммед (с.а.у) алдыңғы жауабын қайталады.

-Мен оқи алмаймын.

Жәбірейіл оны Мұхаммедті (с.а.у) қатты құшақтап қоя берді. Алла тарапынан жолданған Расулының қолына табыстауға әкелген Алақ сүресінің алғашқы аяттарының басынан аяғына дейін оқып шықты.



-Оқы!

Сені жаратқан Раббыңның атымен!

Ол адамды ұйыған қаннан жаратты

Оқы,сенің Раббың-қаламмен жазуды үйрететін адамға білмегендерін үйрететін асқан жомарттылық иесі (Алақ сүресі 1-5 аят)

Қорқудан арылған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) өзінің тілінде түсірілген аяттарды сөзбе сөз қайталады. Міндетін орындаған Жәбірейіл сол сәтте ғайып болды.

Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у) Хирадағы мұғжизадан соң Алла тарапынан жүктелген қасиетті емшілік міндетті қабылдады.

Үлгі болсын бізге жалғыз Пайғамбар

Уа, адамдар түзу жолдан таймаңдар

Бақытсыз боп ешбір адам өтпейді

Бір Аллаға ғана қолын жайғандар.

Пайғамбарымыздың өлімінен кейін мұсылман үмметі көптеген адамдарға бөлініп кетті. Кейбір ағымдар Ислам дінінен алыстағаны соншалықты, олар бөлек дінге айналып кетті. Мұхаммед (с.а.у) айтқан: Шын мәнінде менен кейін өмір сүргендер көптеген ихтилаф көреді, сондықтан тура жолмен жүретін Халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Яхудилер 71 ағымға, Христиандар 72 ағымға бөлінген.Менің үмметім 73 ағымға бөлінді. Біреуінен басқасының бәрі тозақта.Сахабалар сұрады:Олар кім? -Ол:Мен және менің сахабаларым болған нәрсені ұстанбағандар, деп жауап берді.

Ағымдар

Ирджа- араб тілінде қалдыру мағынасын білдіреді. Шариғатта амалдарды қалдыру, амалдарды иманға кіргізбеу мағынасын білдіреді.

Джәбрия- адамдардың өз қалауы жоқ, барлық Аллаһтың құлдарын мәжбүрлеген,таңдауы жоқ деп санайтын ағым.







Рухани жаңғыру



Елбасының «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» жолдауында бүгініміз бен болашағымыздың жоспары мен мақсаты көрсетілген. Еліміздің экономикалық жағдайы жақсы жүзеге асуда. Н.Ә.Назарбаев бұл жолдауында қазақстандықтардың санасын бірнеше бағытқа бөлді.

1.Бәсекеге қабілет

2.Прагматизм

3.Ұлттық бірегейлікті сақтау

4.Білімнің салтанат құруы

5.Қазақстанның революциялық емес эволюйиялық дамуы

6.Сананың ашықтығы

Рухани жаңғыру ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой. Мен Елбасымыздың осы жолдауын қолдаймын.Рухани жаңғыру жолында жаңа бағдарламада білім берудің рөлі өте зор. Ел болам десең бесігіңді түзе- деген. Әрбір білімгер өз жері мен байлығын игеру үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолын білу керек. Ең бастысы қоғамды біріктіретін қасиетімізден айырылмауымыз керек. Түрлі ұлттар өмір сүрсе де, бір ұлттай болашағымызды ойлауымыз керек. Бүгінгі күнде жас болсақ та аяққа тұрған халықтың зиялы қауым ретінде рухани жаққа көңіл бөлгеніміз жөн. Латын әліпбиіне деген сияқты тақырыптарды қолдауымыз қажет. Мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан бастап қарқында дамып келе жатыр. Мысалы, Астана қаласын алсақ болады. Астана аз уақыт ішінде әлемдегі қалалардан кем түспейтін қалаға айналды. Әрине бұл жетістік Елбасымыздың арқасында. Қазіргі таңда Қазақстанда 7-20-25 бағдарламасы іске қосылды. Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі