Материалдар / Сценарий "Жыр сандуғашы–Фариза"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий "Жыр сандуғашы–Фариза"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіруге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
2616
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бейнегүл Байдрахмановна


Күні:28.02.2020 ж.

Тақырыбы: Жыр сандуғашы–Фариза

Мақсаты: Оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портеті, плакатқа жазылған өлең жолдарынан үзінді, кітап көрмесі. 

Барысы: Кешті «Қазақ қызы» биімен ашылады. Орындайтындар- 4-сынып оқушылары.

Кіріспе сөз:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдрахманова Б.Б.:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толып отыр. Қазақ елінде ақынның мерейтой құрметіне арналған көптеген мәдени іс-шаралар жүріп жатыр. Іс-шара мақсаты - балаларды Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстырып, поэзиясын насихаттау, балаларды поэзияны сүюге, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру болып табылады. Бүгін сіздер Фариза апамыздың өмірімен, жырларымен, әндерімен таныс боласыздар.

Мектеп кітапханашысы Т.Михайловна:

Уважаемые учителя, ребята! В этом году исполняется 80 лет со дня рождения известной казахской поэтессы Ф.Онгарсыновой, которая оставила глубокий след не только в казахской литературе, но и в русской. Талант этой удивительной поэтессы очень многогранен.Тематика ее стихов разнобразна.Это и стихи о любви, стихи посвященные родителям, родному краю и природе. И сегодня на нашем мероприятии мы узнаем подробнее об этой удивительной женщине.

Сабина: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жыр сандуғашы –Фариза» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Камила:

Көңілді, жайлы күнімді

Азапты қайғы мұңымды

Менімен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Мынау менің қиын тағдырым болып

О баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! – деп толғаған Ф.Оңғарсынова бүгінде ортамыздан кетсе де, әдебиет әлемінде аты мәңгі сақталып қала беретін поэзияның жарық жұлдызына айналды.
1 -Инкар: Өзімді таныстыру. С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйінің әуенімен.

Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Яссауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шын-құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!

Көрініс:(Ортаға 4-кл. Оқушылары Алмас пен Арайды шақырамыз.)

Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.

Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.

Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.

Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!

Сабина: (Биографические сведения.)

Мой век,

Возьми до капли жизнь мою

Ты мне открыл бескрайние высоты,

И я, коснувшись золотого солнца

И счастьем переполнившись, пою...

Алмас: Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында қазіргі Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Қалима Иманғалиева арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Бала күнінен өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған.Ақынның Әнуар есімді ұлы мен Анар есімді келіні, Әнел, Алан және Анита атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.

5- сынып(Саша): Мама Фаризы –Халима-привила дочери любовь к литературе, особенно к поэзии.В их доме часто звучали старинные казахские песни, народные предания,сказания,произведения поэта-воина Махамбета. Трагедия в семье –смерть отца –укрепила в девочке тягу к книге.Чтобы отвлечь маму от горя,Фариза учила наизусть эпосы о героях и громко рассказывала.Мама переставала плакать и с изумлением смотрела на дочь.

Айғаным:«Перзент сөзі» өлеңі 

Әкем –менің тәңірім, пайғамбарым,

ұмтылатын биігім, сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

біліп алған ,япыр-ау, қайдан бәрін?!

Күшті де жоқ,дәл ондай жер бетінде,

сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

Батыр,дана сол ғана.

Асығамын әкеме ұқсап тезірек ержетуге.

Меруерт:«Анама» өлеңі  

Кеудеңде мені тербеттің,

Жас шыбық енді көктеді.

Мінеки, мен де ержеттім,

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын

Аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

Лейла:Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

«Адал бол, — деуші ең – жұлдызым».

сақталды сөзің жадымда.

«Игі еңбек түбі осы-ау», — дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай , мәңгі жасай бер,

Мәңгілік  Күндей анашым!

Сөзі Ф.Оңғарсынованікі, әні К.Дүйсекеевтікі «Анама» әнін орындайтын 5-сынып оқушысы Каримова Әсел.

Аня 5- класс: В 1961 году окончила филологический факультет Гурьевского педагогического университета.

С 1961 года по 1969 год поочерёдно занимала должности учителя казахского языка и литературы, завуча и директора в сельских школах.

В 1966 году начала журналистскую деятельность с должности литературного сотрудника редакции Гурьевской областной газеты «Коммунистік еңбек» («Коммунистический труд»).

С 1969 года по 1970 год являлась собственным корреспондентом газеты «Лениншіл жас» («Ленинская молодёжь») по Гурьевской, Актюбинской, Уральской областям.

С 1970 года по 1977 год занимала должность редактора республиканской газеты «Қазақстан пионерi» («Пионер Казахстана»).

С 1978 года по 1996 год — главный редактор республиканского журнала «Пионер».

С 1996 года по 2004 год — депутат Мажилиса парламента Казахстана I и II созывов.

Ушла из жизни в возрасте 74-х лет 23 января 2014 года. Похоронена 27 января 2014 года в Национальном пантеоне в Астане рядом с мавзолеем Кабанбай батыра.

Вика Рощеня 5-класс: Перу Фаризы Онгарсыновой принадлежат поэтические сборники «Соловей», «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение». Кроме того, она является автором сборника художественных очерков «Высота» и документальной повести «Камшат». Первые стихи были опубликованы в республиканской печати в 1958 году. Многие произведения переведены на иностранные языки. Поэтесса переводила на казахский язык книгу чилийского поэта Пабло Неруды «Четыре времени сердца», и серию стихов российского поэта А.А.Блока: «Похоть», «Куликовские степи», «Двенадцать лет спустя», «Кармен», «Снежная занавеска», а также отдельные произведения Р.Ф.Казаковой, Е. А. Евтушенко,и арабского поэта Абдрахмана Аль-Хамиси.

Камила: В поэзии Онгарсыновой представлен прежде всего Казахстан- родина поэта. Выросшая на западе Казахстана, в селе Манаш, где кругом ни родника, ни ручья, только немногие колодцы, поэтесса с раннего детства мечтала о расцвете пустынного края.

Сабина:  Фариза апамыз туған ауылын әр кез есінен шығармай, ойлап жүретінін өлең жолдарында айтады. Ақынның туған жер деп тебіренген жүрекжарды жырларымен таныс болыңыздар.

Ева - 5-класс:

В далекой жизни, что зовется детством,
Все было новым:
ветра поцелуй,
песком сыпучих грозное соседство,
шум дождевых, поящих землю струй.

И горсть песка безводного Нарына,
И первой строчки тонкий стебелек.
Какие от судьбы нужны дары нам ? –
Вернуться б к чувствам самых первых строк.

Влад - 5-класс:

Вернуться б к Каспию,
лежащему миражем
средь берегов пологих, некрутых,
чтоб с самодельных удочек неважных
снимать волшебных рыбок золотых.
Той цельной жизни острые осколки
В моей душе засели глубоко.
Идти! Идти! Идти!
Пройду хоть сколько
По жизни –
детство все недалеко. (перевод Т.Фроловой)

Назерке - «Туған жер»

Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сезім бөлек,

Жатпасын келгеніме өзімді елеп!

Ал оның қасиетін сезу үшін

Тек менің жүрегім мен көзім керек!

Олжас: Туған жер

Армысыңдар, туған жер, туғандарым,

кезіп Жердің тау-тасын, нулы орманын

келіп тұрмын безгем жоқ өздеріңнен

мені алысқа сендерден қуды арманым.

Шықтым талай талықсып шыңдарыңа,

ұялатты кей сәттер мұң жаныма.

Асып-тасқан, қиналған шақта кілең

ойша оралдым ақ мамық құндағыма.

Фатима: Қырдағы қыс

Түнімен долы дауыл құрыстаған,

секілді арыстандай жыны ұстаған.

Жамылып ақ көрпесін енді ғана,

маужырап байтақ дала тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,

іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ.

Мәз болып жас баладай, айналаға

қарайды әр бұтадан күн жылтырап.

5-сынып оқушылары Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін орындайды.

Сабина: Ф. Оңғарсынова- поэтесса высокого полета. Она умеет чувствовать боль других и пишет об этом в своих стихах. Она ни на кого не похожий поэт, развивающий лучшие традиции казахской поэтической классики Абая и Макатаева.

Мансұр- 4-сынып:

Абай аға!
Биікте ме - қайда жүр аруағың?
Құлағыңа жете ме шағым-әнім?
Көкті кезіп іздер ем - жерде мені
шырмап қойды шырғалаң шаруа, мұң.
Жердің беті балшық пен былық әлі,
Жол табады жылпос пен ұры-қары.
Жұртың даңғой әм надан баяғыша.
мәз болады бір-бірін жығып әлі.
Алтын шапақ шашпай тұр қырдың таңы,
аяқты алшаң басқанға құлмын тағы.
Саған дерт боп жабысқан ел тірлігі
бүгін менің жанымды шыңғыртады.

Камила: Фариза Оңғарсынова – әйел тақырыбын,достық тақырыбын шығармаларына арқау еткен ақындардың бірі. Қазір осы тақырыптағы өлеңдерді назарларыңызға ұсынамыз.

Нұрдәулет- 4-сынып: Достар

Ақ, қарамыз, сарымыз
Тату доспыз бәріміз
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық кәне біз
Жүзімізге қараңыз
Бал-бұл жанған баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат анамыз
Күннің нұрын сүйеміз
Қырдың гүлін сүйеміз
Бізді ойнатып тәтелер
Күлдіргенін сүйеміз

Арсен- 4-сынып:
Балдырғанбыз арай жүз
Бал-бұл жанып қараймыз
Ойыншықтар біздерде
Көп болғанын қалаймыз
Таласпаймыз біз бірақ
Отырамаймыз тұнжырап
Қуысамыз көгалда
Жүгіреміз құлдырап
Ән саламыз күнде біз
Шаттық толы іргеміз
Біз мәңгіге достармыз
Біз мәңгіге біргеміз.

Анел- 4-сынып: Айша бибі

Қанша рет қанша тұрды жырлы дала?
Жадына жазған жалғыз күн-ғұлама!
Бабамның куәсіндей Айша-Бибі,
Қадалған құбажолға бір мұнара.
Қандай жан сезімі үшін тартты азап?
Ал өзім елестетем шақты ғажап,
Сезімді шертіп, мәнін паш еткендей, аты қазақ.
Өмірдің жолдары ма,тондары ма?
Тұрғандай түсеңгіріп тоң жаныма,
Тәубе де, жер бетінде шын сезімнің болғанына!
Сол жігіт құлай сүйген Айшагүлді,
Күн сайын көру үшін жасыл өрден.
Қоңыр күздер жүрегі күңіреніп,
Жасымен мұнараның тасын кешкен!

«Ақ мамам» әні сөзі Ф.Оңғарсынованікі, әні Айжігіт Асановтікі орындайтындар

4-сынып оқушылары

Сабина: Главное в лирике Ф. Онгарсыновой - «свободы яростная страсть».

Свою душу и внутренний мир Фариза раскрывает в таких строках:

«Теперь стихи моя

больная совесть,

Моя мечта,

Несбывшаяся в жизни.

Мой откровенный

Горестный протест

Мой детский крик,

Моя душа живая»

Матвей- 5-класс:

Стихи не стареют – стареют поэты,
да разве поэты жалеют об этом?
Из клетки морщин, как мечта золотая,
жар-птица бессмертной любви вылетает.
О вечный венец во владении стужи
снега на висках, а горячие души,
как прежде, как в двадцать, способны гореть.
Поэты душой не умеют стареть. 
Камила:
Действительно, душа поэта не способна стареть, ибо смысл жизни его – воплощение в стихах. «Жырларымды оқы да, ойларымды ал, Ойларымды ал, сонан соң ойланыңдар»-деп Фариза апамыз бәрімізге ой салғандай...

Сабина: Қазір сіздер Ф.Оңғарсыноваға арналған «Фариза қыз» әнін 4-сынып оқушыларының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Бақытгүл Бабаштікі, музыкасын жазған Роза Әлқожа.

Сабина: На этой сцене прозвучала лишь малая часть творчества Фаризы Онгарсыновой. И те, кто проникся стихами этой поэтессы, смогут поближе познакомиться с ее произведениями и биографией, посмотрев наш литературный вернисаж.(выставка книг)

Камила:Фариза апамыздың соңында ғажайып мол мұрасы қалды.Ол-мәңгілік! Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Осымен әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!